//

Нобель сыйлығы қазаққа қашан бұйырады?

1541 рет қаралды
3
Жазушының жан азабын ешкім терең біле бермесі анық. Тіпті олардың түн ұйқысын төрт бөліп, ертеректе білте шамның, бүгінде үстел үстіне қоятын лампаның түбінде тесіліп отырып, қиялындағы ғажайып ойларды ақ қағазға түсіріп, жұрт назарына ұсынғанша қандай азапты басынан өткергенін Құдай қосқан қосақтары да сезбеуі мүмкін. Олардың арасында қыдыру мен қонаққа баруды ұмытып, туғын-туысты да ұмытып, үйден шықпай шығарма жазуға дағдыланғандары қаншама…
Иә, мұндай азапты өмірді түрмеге түскендер де басынан кешіре бермес. Жазушы – түрмедегі кісінің мәдениетті түрі деуге де болар. Ертеректе әлемнің әр шалғайындағы даңқты қаламгерлердің қалай, қаншалықты жазғанын олардың дүниеге танымал шығармаларынан байқауға болады. Осымен байланысты әр жазушының еңбекқорлығы мен шеберлігі туралы ұзақ сыр шертуге де болар. Соңғы деректерге қарағанда, әлемді өзгертуге атсалысқан атақтылардың арасында 10 қаламгердің есімі ерекше аталады. Олар Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүбірлі дүниеге басқаша көзқараспен қарап, тың тақырыптарға қалам тартты. Бір қызығы, жазушылардың арасында мамандығы басқа адамдардың болғаны, олардың кәсіби қаламгерлерден кем жазбағаны да тарихта белгілі. Айталық…
Габриэль Гарсия Маркестің (Колумбия) мамандығы – заңгер. Оның жазғандарын іздеп жүріп оқығандардың қатарында қазақтар да көп. Мысалы, оның «Жүзжылдық жалғыздық» романының өзі не тұрады! Маркес 1982 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алған.
Александр Солженицын, көрші елдің «көрігін» қыздырған жазушы. Нобель сыйлығын 1970 жылы алған. Оның Америкадан оралуы орыстардың рухын оятты, жігерін жаныды, мерейін тасытты.
Тони Моррисон, АҚШ-тың Огайо штатында дүниеге келген, мамандығы – редактор. 1993 жылғы лауреат.
Милан Кундера, Брнода туған (Чехословакия). Мамандығы – режиссер.
Орхан Памук – Ыстамбұл азаматы, мамандығы – сәулетші.
Мишель Уэльбек, ұлты француз, мамандығы – инженер-эколог.
Ал Джоан Роулингтің есімі ерекше аталады. Ұлыбритания азаматшасының мамандығы – аудармашы. Ол Гарри Поттер туралы жеті томдық шығармасымен әлемге ең тез танылған қаламгер және осы арқылы тез байыған әйел.
Қысқасы, қаламгерлердің қадірін арттыратын, елге танытатын, сонымен бірге мемлекеттің де мерейін тасытатын олардың әйгілі шығармалары десек, бұл жағынан қазақтың аты озып тұрмағаны анық. Мықты шығарманың бәрі шекара аса алмай тұр.
Нобель сыйлығын күні кеше жазушы Мо Янь алды. Мо – Қытай Халық Республикасынан шыққан алғашқы лауреат. Мо Янь – 57 жастағы Гуань Моенің лақап аты, қазақша айтқанда, «Тыныш» деген мағына береді. Шаньдун провинциясында дүниеге келген ол мәдени төңкеріс жылдары мектепті тастап кетеді. Нәпақа табу ниетімен мұнай саласында жұмыс істеп, әскерде борышын өтейді. Әскери академияда сөйлеу мәдениетінен сабақ береді. Бір атап өтерлік жағдай, Мо Яньның шығармалары негізінен өз отанында жарияланбаған.
Нобель сыйлығы комитетінің мәлімдеуінше, Мо Янь бұл құрметке тарих пен қазіргі заманды ұштастыра отырып, өмір шындығын жазғаны үшін ие болған. Алайда қаламгердің қалам тербеуі кейбіреулерге ұнамасы анық. Тіпті кітап аттарының өзі анайылау естіліп жатады екен. Мысалы, жазушының ең соңғы «Үлкен емшек, семіз бөксе» (2004 жыл), «Құрбақа» (2011 жыл) кітаптарының атының өзі адамды біртүрлі күйге түсіреді. Сырт елде оның «Қызыл гаолян» (1987) повесі бойынша режиссер Чжан Имоу арнайы фильм түсірген.
Мо Янь 1955 жылы 17 ақпанда туылған. Гонконг университетінің филология бойынша құрметті докторы.
Сыншылардың сөзіне қарағанда, ол ең бір креативті және неғұрлым жемісті жұмыс істеп келе жатқан қаламгер. Говард Голдблатт Моны әрбір сауатты қытай азаматы білетіндігін мойындайды. Сонымен бірге ол
ХХ ғасырдағы Қытайдың тарихи жазбаларына ден қойған бірден- бір қаламгер.
Әскерде жүріп білім алған ол Лу Синя атындағы әдебиет институтының аспиранты болған күндерін өзінің ең бір бақытты шақтары санайды.
1986 жылы Қытай жазушылар одағына мүшелікке өтіп, 1997 жылы қарулы күштер қатарынан отставкаға шыққан ол газет редакторы болып жұмысын жалғастырады.
Қазір Мо Янь Қытай жазушылар одағы төрағасының орынбасары. Сонау 1980 жылдардың екінші жартысында әдебиет әлемінің есігін еркін ашқан ол бүгінгі әдебиеттің бағын ашуға атсалысқан қаламгер.
Мо Янь 1981 жылы «Халық музыкасы» атты шығармасымен елді елең еткізген. Одан кейінгі шығармасы да оқырман назарын бірден аударады. Ол ауылда өскен жетім баланың мұңы мен зары арқылы өз ойын жеткізеді. Ал 1986 жылғы «Қызыл гаолян» повесі Қытайда ең үздік повесть саналып, ұлттық сыйлықты иемденеді.
1987 жылы «Қызыл гаолян: Отбасылық сага» деген атпен повестер жинағы сериялап шығады. Аңыз бен ақиқатқа құрылған шығарма қаталдық төңірегінде сыр шертеді.
Мо Янның соңғы кітабының бірі – «Шэнсы пилао». Қарапайым шаруалар туралы. Көптеген оқырмандар негізінен осы кітапты аса құрметтейді екен.
Ф. Рабле, П. Уайт, Г. Гарсия Маркес және У. Фолкнер секілді даңқты қаламгерлерді пір тұтатын Мо Янның шығармалары ондаған тілге аударылған. Олардың арасында ағылшын, француз, неміс және норвег тілі бар. Орысша бір ғана шығармасы жарияланған. Тек биыл екі кітабы жарық көргелі жатыр.
Осындайда ойға оралатын мәселе көп. Айталық, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының жеңімпаздарын Қазақстанда неге насихаттамасқа, шығармаларын неге шығармасқа? Мұның өзі қолына қалам ұстаған азаматтардың шабытын оятумен қатар, қарапайым оқырмандар үшін де қызықты ғой деп ойлаймын. Қала берді кітап шығару мен таратуды қолға алған баспалар үшін де бұл табыс көзіне неге айналмай отырғандығы түсініксіз.
Елімізде өтіп жатқан жиыннан көп нәрсе жоқ. Ендеше, Нобель сыйлығына ұсынылған шығармаларды қарайтын комиссия мүшелерін елімізге шақырып, Ислам елдері жазушыларымен бірге әдебиетіміз бен мәдениетіміз төңірегінде неге пікір алмаспасқа?
Иә, біз ғылым саласынан ғажап жаңалық аша қоймаспыз, бірақ әдебиет оған қарағанда әр адамға жақын дүние ғой. Оны қабылдау оңай. Сондықтан Қазақстан Жазушылар одағы да осындай бір игілікті іске мұрындық болып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Әрине, Нобель сыйлығы туралы сын да айтылады. Нобель комитеті сыйлықты көбінесе Еуропа мен АҚШ жазушыларына үлестіреді. Керісінше, мыңжылдық тарихы бар, дәстүрлі әдебиеті қалыптасқан Азия мен Африка жазушылары лауреаттар қатарында неге аз? Кейде аты-жөні соншалықты белгілі емес қаламгерлер де сый-сияпатқа бөленіп жатады екен. Мәселен, орыстардың айтуынша,
XX ға­сыр­­дың лайықты бағаланбаған жазу­шылары өте көп. Осылайша көрші елдің шешендері Антон Чехов, Владимир Набоков, Максим Горькийдің есімін ерекше атап, оларды Нобельге ұсынуды қайта-қайта мәселе етіп көтеріп жүр.

Дүние-дүрмек
«Forbes» журналы әлемді аузына қаратумен қатар, қалам арқылы қыруар қаражат тауып жүрген жазушыларды анықтады. Сарапшылардың деректеріне қарағанда, әдебиет әлемінде ең көп ақша табатын қаламгер ретінде триллер авторы Джеймс Паттерсонның есімі аталды. Ол осымен үшінші жыл жазушылар арасындағы көштің алдын бермей келеді. Джеймс Паттерсон 2011 жылдың мамыр айы мен 2012 жылдың мамырына дейін 94 миллион доллар тапқан. Осы уақытта қолынан қаламы түспейтін автор 14 кітап жазыпты.
Паттерсон негізінен триллер жазады. Ол, әсіресе, психолог Алекс Кросс туралы кітап жазып, оқырмандарға тез танылған. Тіпті Майкл Беннет деп аталатын кейіпкер арқылы бірнеше детективтерімен де жұрттың ыстық ықыласына бөленген. Балаларға арналған дүниелер жазуда да алдына жан салмаған.
2011-2012 жылдары жазушы бұрынғыдан 10 млн доллардан астам табыс тауыпты. Өнімді жазатын жазушымен баспалар да байланыс жасауға құштар көрінеді. Мәселен, «Hachette Book Group» баспа үйі Паттерсон қолына қалам ұстаса болғаны, келісімшарт алып келеді екен.
Екінші орында – Стивен Кинг. Ұлы фантас саналатын ол жаңа романдар жазып, оны тарату арқылы бір жылда 39 миллион доллар тапқан.
Үшінші орында – Джанет Иванович тұр. Оның біржылдық табысы – 33 миллион.

Дерек пен дәйек:

Нобель сыйлығының әдебиет бойынша лауреаттарының ең қариясы – Дорис Лессинг. Жасы – 87-де.
Ең жас Нобель сыйлығының лауреаты – Редьярд Киплинг. Ол бұл сыйлыққа 1907 жылы 42 жасында ие болған.
Лауреаттар арасында ең ұзақ өмір сүрген қаламгер – Бертран Рассел, 1970 жылы 2 ақпанда 97 жасында дүниеден өткен.
Ең аз өмір сүрген лауреат Альбер Камю, ұшақ апатынан 46 жасында көз жұмған.
Нобель сыйлығын алған бірінші әйел – Сельма Лагерлёф, 1909 жылы лауреат атанған. Осыған дейін түрлі салада Нобель сыйлығын 15 әйел алған.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Дереккөз: aikyn.kz
Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Туфли жалағыштарға да беруге болады, соны шведттіктер білмей жүр

  2. kazakh adebietinde kanwama keremet wygarmalar jatyr!!! ony barlygy biledi! arine nobel’ syilygyn algan jaman emes koi, en bastysy biz, jas urpak ozimizdin adebietimizdi suip okimz! kazakhta keremet soz bar “adam bergen ataktan, kudaidyn bergen abyroyi jaksy” degen, osyny umytpaiyk!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері