//

Жетім бұрыштағы бір мезет

3052 рет қаралды
19

Алматы – халықтың ағылып келіп жатқан ірі қалаларының бірі.
Өзге аумақтардан келіп-кетіп жатқан адам саны күннен-күнге көбеюде. Салпақтаған жұмыссыздардан бастап, студент және жас отаулардан тұратын көшпелі тұрғындардың ұзын сонар тізімі аяғына жетер емес. Бәрімізге белгілі жағдай, үлкен қалаға келген соң, баспанасыз күн көру мүмкін еместігі. Тентіреп жүргендердің әрқайсысы Мақатаев пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жетім бұрышқа келіп тіреледі. Бүгін біз сол жетім бұрыштың қазіргі жағдайын білуге жол тарттық.
Кешкі сағат алтылардың шамасы. Қараңғы батып, ел-жұрт үйлеріне қайтуда, бірақ жетім бұрышты жағалаған жандар азаяр емес. Мұнда баспана іздегендерден көрі, баспана ұсынғандар көп. Біз осы жетім бұрышқа жете бергенімізде жанадан ашылған «Арыс» базарын көзіміз шалды. Базардың жанында жолдың бергі жағын ұзыннан -ұзақ темір шатырмен жапқан екен. Дәл осы жер қалың халық арасында «Жетім бұрыш» деп аталады!
Мақатаев көшесіне жетпей бұрыла бергенімізде алдымыздан сырт киімнің кеуделеріне үлкен қызыл, қара, көк жазумен «пәтер жалға беріледі» деген тақтайшаны мойнына асып жүрген 20 шақты маклерді көрдік, соның бірі жасы алпыстарды алөымдап, жетпіске таяған апа бізге жақын келді де: «Қыздар пәтер іздеп жүрсіңдер ме? Мен пәтерімді жалға беремін! Бірақ сендер қаншасыңдар?» деп сұрады?! Біз пәтер іздеген адамдар кейпіне еніп, «5-еуміз» деп едік, ол кісі басын шайқап: «Менің жаңадан салынған екі бөлмелі пәтерім бар, бір бөлмесі – менікі, жалғыз тұрамын. Екіншісін жалға өткізейін деп отырмын» деді. Бағасын сұрастырып едік: «Мен алатын болсам, екі қызды ғана аламын, пәтер ақысы 15 мыңнан, барлық жағдай жасалған, айнадай таза, жып-жылы, – деп жауап қатты. «Кешіріңіз, бізге бұл қымбаттау!» деп алдыңғы жақта солдаттар секілді тізіліп отырған маклерлерге жол тарттық. Біздің сабақ оқитын үстел секілді 10 шақты үстел тұр.Үстелдің үстінде ине шайшитын жер жок, барлығында әдемі жазулармен мекен-жай пәтерлердің анықтамасы толығымен жазылған. Жабыстырулы тұрған жарнамалы қағаздарды көз жүгірте оқи келе, бағаларына көзіміз түсті 2-3 бөлмелі пәтер 60-75 мың тенге болса, жер үйлеріңіз айына 600 $ -800 $ құрайды екен . Тіпті жалдап тұрып жатқан үйіңізде тіркелуге де мүмкіндік бар екенін жарнамалап, маклерлер барын салуда.
Маклер қызметі 2-3 бөлмелі үйге 5000-10000 теңгеге дейін, ал үлкен жер үйлер үшін 20000 теңге болады екен. Кеш батты, пәтер сұраған адамдар асықпай тарап жатыр, үйлері барлары үйлеріне, сөйлесіп сұрастырғандары пәтерлерін көруге, жоқтары туған туыс бауырларын паналай тұруға кетті. Осының бәріне көз айым болған біз де үйлерімізге қарай тарадық.
Иә, қарап отырсақ қандай қиын заман! Бір жапырақ нан үшін қараңғы кешке дейін маклер болып жүрсе, енді біреулер бала-шағасын қайда орналастырын білмей шырылдап бар тапқан таянғанына үй іздеп, шарқ ұруда. Бұл – «Жетім бұрыштағы» 10-15 минут ішіндегі жағдай. Ал бір күні бойы бақыласақ, оның ұшығына жету оңай болмас еді.

Мәдина Тұрарова,

Қарлығаш Өмірұзақ,

Әйгерім Шатауова,

Нұрышова Айғаным,

Жансая Кенжебек,

СДУ, Филология факультеті, журналистика кафедрасының, І курс студенттері.

Парақшамызға жазылыңыз

19 Comments

  1. Жетім бұрыш та қазақтың бір қасіреті ғой. Өз жері, өз елінде тентіреп баспанасы жоқ қалың қазақты, қаптаған қансорғыш маклерлерді көресің.

  2. пікірлеріңізге рахмет! аладағы уақытта да мәнді мақалаларымызбен бқлісеміз деген ойдамыз! Жансая, Мадина, Айгерім, Қарлығаш, Айгерім

  3. Йә, қазақ бауырларымыздың ауыр жағдайын 15-ақ минуттың ішінде көруге болады

  4. Қазақстанның әрбір бұрышынан оқуға келген студенттер қиналғаннан бармаған да қайтеді? Оқумен бірге жұмыс істей алмайсын, Өз жағдайларына қарайды. Сондықтан амал жоқ…

  5. Әр адам өз ыңғайына қарай тіршілік жасаумен әлек. Ақша жоқ, ал өмір сүру керек, ақша керек. Сондықтан, сондай іске баруда. Әрине, бұл өкінішті-ақ…

  6. Сапалы шыққан дүние екен, еңбектеріңіз бағаланар-ақ! Осындай өзекті мәселерді жиірек жазып тұрсаңыздар қуанар едік

  7. Йә, әрине өкінішті-ақ! Бұндайлар елімізде көптеп кездеседі. Барлыығы ақшаға кеп тіреледі емес пе? Күн көрісі үшін кез келген жұмыс істейді…

    • Осындай мәселелерді шешу үшін үкімет қандай жұмыстар жасалу керек деп ойлайсыздар, пікірлеріңіз?

      • Коррупцияны жою керек деп ойлаймын. Қазір танысы бар жумыс істейді. Танысы жоқ, қолында дипломы болса да сол мамандығы бойынша жумысқа тұруы қиыншылық.. Егер коррупция азайса бұндай істер болмас па еді….

        • ия дұрыс айтасың жемқорлық қоғамда кеңінен белең алуда. Алайда бәрі өз қолымызда!

  8. Өте керемет шыққан табыс тілеймін Әріптестер.

  9. Аса маңызды жұмыс болмағандықтан ба, тез оқып бітіруге тырыстым. жалпы жұмыстарың бағаланарлық

  10. 2 бөлмелі пәтерлерді 125000-127000 теңгеден жалдауға әр адамның қалтасы көтере бермейді.(Алтын ауыл, Ақкент) Сондықтан мұндай орындар болмаса тағы болмайды…

  11. мәселе оқу-оқымауда емес, тек осы бір мақала қоғамға пайдасын тигізіп, біз сияқты Қазақстанның болашақ жастарына ой салса нұр үстіне нұр болар еді.

  12. Айдай, керісінше бұл мәселе қазіргі таңда өте маңызды. Қазақстанның болашағы біз болғандықтан, бастысы осы мақала әрбір адамға ой саласа нұр үстіне нұр болар еді… Аш бала тоқ баламен ойнамайды деген осы жерде амалсыз ойға келеді..

  13. Жарайсыңдар, қыздар! Сәтті шыққан дүние екен… Иә, ойлап қарасаңыз заманның дүбәра кезеңінде әркімнің қайғысы әр түрлі. Сондықтан, қандастарымыздың да баспанасыз қаңғырып жүргені өкінішті жағдай…

  14. Ең алғаш Алматыда “Жетім бұрыш” сынды бір жер бар деп естігенде, Бұл қандай жер? Не себепті Жетім бұрыш деп аталады? секілді сауалдар мазалаған. Аз да болса сұрақтарыма жауап тапқандаймын.”Жетім бұрыштың” жан ашырлық ахуалын сезіндім.Мың алғыс,Әріптестер! Істерің оңғы бассын

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі