///

Астанада Интернет форум басталды

894 рет қаралды
1

“Астана” интернет форумының логотипі

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығының қолдауымен “Викибілім” және “Болашақ” қауымдастығының қолдауымен Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінде Астана интернет форумы басталды.

http://www.youtube.com/watch?v=GNyLN4uhA4s
Форумның мақсаты –  қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.

Баспасөз мәслихатынан көрініс

Форум аясында «Ақпараттық қауіпсіздік», «Білім саласындағы интернет», «Бұлтты технологиялар», «Seo жетілдіру», «Ғаламтордағы аудармашы сайттар» сияқты тақырыптар көтеріліп, қазақ тілді интернет пайдаланушыларға арналған жаңа жобалар таныстырылады.

Залдан көрініс

Талқыланатын мәселелер:

– Қазақ тілді жобалар және Интернет маркетинг

– Локализация

– Бұлтты технологиялар

– Ақпараттық қауіпсіздік.

Интернет форумның басты үйлестірушісі Талғат Байназаров

Түске дейін ақпарат құралдары өкілдері және форумға қатысушыларға арнлаған баспасөз-мәслихаты болып өтті. Форумды ашып сөз сөйлеген “Нұр Отан” партиясының хатшысы, саясаттанушы Ерлан Қарин бұндай шараларды ұйымдастырудың маңызы тұрақты аудиторияны қалыптастыру және осы саладағы мамандардың жобаларының жүзеге асуына ықпал ету дейді.

Форумға арнайы ат басын бұрған Білім және Ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов сөзден іске көшудің алғашқы баспалдақтарының бірі болып отырған форумның қазақтілінде өтіп жатқаны маңызды екенін айта отырып, бұл форумның нәтижелі боларына сенім білдірді.

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы Интернет форумның мақсатына тоқтала отырып, басты мақсаттың интернет жобаларды таныстыру, тәжірибе алмасу, сол арқылы интернет контентті дамыту екендігіне тоқталды. Баспасөз мәслихатынан кейін интернет саласы мамандарының өзара пікір алмасуы, тәжірибе бөлісуі сөз алды. Бұл жайында бөлек әңгімелейтін боламыз.

“Мінбер-ақпарат”

Суреттерді түсірген Бақытгүл Салыхова,
Талғат Байназаровтың видеосы пайдаланылды. 
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі