///

Астанада қазақ интернет сайттары редакторларының конференциясы басталды

667 рет қаралды
3

Астанада «Қазмедиа» орталығында Қазақ сайттары редакторларының конференциясы басталды. Бұл шараны ұйымдастырушылар – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, www.abai.kz ақпараттық порталы, www.alash-orda.kz ақпараттық порталы және «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы.

Конференцияны ашып сөз сөйлеген «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы, Ерлан Қарин бұл қазақ интернет сайттарының проблемаларын ашық алаңда талқылап отырған алғашқы жиын екенін атап өтті. Бұл қазақ интернетінің сапалық өзгеріске ұшырағанының айқын көрінісі екенін айтып отыр. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев министрліктің соңғы жылдары қазақ интернетіне арнайы көңіл бөліп әжептәуір қаржы бөліп келе жатқанын айтады. Оның айтуынша алдағы жылда 450 интернет ресурсын ашуды жоспрарлап отыр, бүгінге дейін жергілікті жерлердегі басылымдардың 167 интернет парақшасы ашылса, жалпы 200-ге жуық басылымның интернет парақшасы ашылса, оның басым көпшілігі қазақ тілінде.  Биыл ақпарат саласын дамытуға 1 миллиард теңге бөлінсе, оның 110 миллиондайы интернет ресурстарға бөлінген.

Алғашқы  панелдің тақырыбы – «Қазақ интернетінің дамуы: ерекшеліктері, өзекті мәселелері» деп аталды. Панель модераторы – «Абай» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат. Алғашқы жиында қазақ интернетінің даму жолында қандай өзекті проблемалар бар, латын қарпіне көшу және оның   қазақ санасына әсері, интернетті дамытуда мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері және авторлық құқық проблемалары талқылануда.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Жарайсыңдар, өте дұрыс, о.. тілділер осыны айтпай жатыр

  2. Құр көп саннан не пайда? Қазақша сайттар тұрақты жұмыстамайды, қазақша сауатсыз теріс көп жазады, жаңаланбайды, біраз уақыттан кейін жабылып қалады.

    Қазақша сайт деп-ап сайттың қызмет сөздері орысша тұрады. Намыс дегеннен хабарсыз.

    Осы Мінбер де құр қалмаймын деп нравится нравится деп хабар мақала сайын шығарып тұрады екен. Өздеріне тура хабарласуға жол болмайды екен.

  3. Қазақша жыр, поэзия жанкүйерлері назарына: http://www.jyr-ghumyr.kz сайтына шақырамыз! Мұнда өз жырларыңызды жариялап, пікір айту, идеяларыңызбен бөлісу мүмкіндігіне ие боласыздар,

    Жыр ғұмыр сайтында ақындар, жазушылар, оқырмандар сайтқа тіркелу арқылы өз шығармашылық жырларын, өлеңдерін жариялай алады. Сайт минималистик стильде жасалған, тартымды дизайнда,ыңғайлы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі