//

Әліпби айнасы – математика мен оптика

1968 рет қаралды
5

Өркен Ақбердіұлы, Өрен Ақбердіұлы

Латынша таңбалау – әліпби емес

Кезекте Қытай қазақтарының информация аяқ алысы мен торап мәдениеті төте жfзумен-ақ дамып келеді. Десе де, төте жазуды қолдануға амалсыз қалғанда пайдаланатын латынша жазу нұсқаларымыздың әліпбилік дәрежесіне жету үрдісі бұраң тартқаны шын. Жуық жылдардан бері компъютер пернетақтасындағы ағылшынның 26 қаріпін ғана қолданатын латын әліпбиіміз сан қайтара жасалды, әлде неше нұсқасы газет-журналдарға жарияланып үлгерді. Алайда, бұл әліпби жобаларын жүйеге түсіріп істете алмадық, қажеті түскенде әркім өз қалағанынша долбарлап жазып келеді. Осында, неге онда жұрт қаріптерді қалағанынша көрінген дыбыстың баламасына істетіп, өз білгендерінше жазып жүр, құзырлы орындар мен танымал тіл мамандарының жасаған жобаларын неге істетпейді, қолдамайды деген көкейтесті сұрау туындайды. Әрине, мәселенің түп-төркіні сан алуан десек те, жарияланған әліпби жобаларының жұртты жалпы бетттік иландыра алмауы маңызды себеп демеске шарасызбыз. Жұрттың әліпби нұсқасына болған сенімін күшейту үшін, олардың басым көп бөлімін иландыру үшін ғылыми дәлелдер мен сандық мәліметтерге жүгінуге тура келеді. Осы негізде біз де жеке әліпби жобамызды ұсынып, жұрттың талқысына салдық. Түп мақсатымыз – таңбалауға қиындық әкелген кей дыбыстардың латынның қай қарпімен бейнелеудің тұжырымдығы жөнінде жеке-жеке дәлел көрсетіп, кирилл жазуы немесе төте жазумен бейнелеуге амалсыз жағдайда қолданылатын ортақ латын әліпби жүйесін арнаға түсіруге еңбектеніп жатқан мамандарға үн қосу.

Тез оқылу мен жазуға икемділік – жобамыздың негізгі бөгенайы

Бұл жоба осы заман қазақ тілі төте жазуындағы грамматикалық ережені негіз етіп, компъютер пернетақтасындағы ағылшынның 26 төл қарпімен жасалды, ешқандай үтір-белгі немесе басқалай қосымша таңба қолданылмады. Төл дыбыстарымызды таңбалауда байырғы латын тілі мен қазіргі ағылшын тілінің дыбыс таңбалау ережесін ұйтқы етіп, түркі халықтарының кезекте қолданымға түскен латын әліпбиімен недәуір жақындастырып, жалпы қазақ жұртшылығы дағдыланған таңбалау әдісіне құрмет етілді. Компъютер программасы арқылы төте жазу мен қазақ кириллшесін латын графикасына өзара алмастырудағы қолайлылық ескерілді. Ашық энциклопедия ــ Уикипедия арқылы латын қаріпін қолданатын көп елдің әліпби жетістіктерін қадағаладық. Жұрттың жаңылмай, қысқа уақыт ішінде дағдыланудағы мүмкіндік қарастырылды. Ағылшын, Араб-Парсы тілдерінен енген атау-терминдерді мүмкіндігінше дұрыс бейнелеуге күш салдық. Іздену барысында, егер анағұрлым кемелді, ықшам, жаттық әліпбиді жаратуды көздесек, компъютер программасы арқылы төте жазу мен латын жазуын өзара алмастыруда бүкілдей дұрыстық дәрежесіне жете алмайтындығымызға, тек ағаттық салыстырмасын шамалы азайтуға, артынан кей сөздерге шағын түзету жүргізуімізге болатындығына, сондай-ақ, сіңәр жақтылықпен компъютер программасындық автоматты қаріп сәйкестіргішке қолайлық жаратуға көп қисайсақ, 26 әріптен тұратын сәтті жазу нұсқасынан үміт аз екендігіне көз жеткіздік.

Әуелі жобамыздағы ең көрнекті түйінге тоқталсақ, бір сөзде «і» ден басқа екіден артық жіңішке дыбыс кезіккенде, сүйеу қаріп – «v» тек алдыңғы буында ғана жазылады. Бірақ мұндай жағдай көп қолданылатын лекцикалық қордың ішінде жоқтың қасы. Ал «ә, ө, ү» дыбыстарының ешқайсысы кезікпеген, тек жалаң «і» дауыстысынан құралған сөздерде сүйеу тек бірінші буында ғана жазылады. Бірақ кейбір сөз тіркесі мұның сыртында. Мысалы, «міржақыпты» «Mivrjakip» деп жазуға жол береміз. Яғни осы сүйеу қаріп. әсте жіңшкерту белгісі емес, ол жуан дауыстылармен қосылып жіңішке дауыстыларды бейнелейтін сүйеу есебінде. Бірақ көп санды буындардағы «і» үшін түсіп қалатын жағдай сақталады. Мысалы, есіл ــ esil, кісі – cisi, тігін ــ tigin (дыбыс үндестігі өте күшті),  өшір ــ ovxir, білдірді – bivldirdi деген сияқтылар. Ал, қатысты жалғаулар түбір сөздің бастапқы жазылу заңдылғына ықпал етпейді. Мысалы, ісінен ــ ivsinen, іріген ــ ivrigen қатарлы сөздерге қадағаласақ түсінікті.

 

Жобамыз 1-кестеде көрсетілгендей, мұндағы «жаңа әліп» дегеніміз кезінде советтык қазақстанда қолданыста түскен латын әліпбиын меңзейді. Жобамызды бірнеше тұйынмен жинақтап түсіндіруді жөн көрдік: тіліміздегі латыншамен сайма-сай сәйкесетін «а, е, о, ұ, и, у» сынды дауысты және қосар дауыстыларды жұрт санасына сіңісті боп кеткен « a ,e ,o, u y,w» қаріптерімен, «б, г, д, ж, з, л, м, н, п, р,с,т,ф» сынды дауыссыз дыбыстарды «b,g,d,j,z,l,m,n,p,r,s,t,f» қаріптерімен таңбаладық. Ал қалған таңбалар жәйлі тереңірек тоқталмақпыз.

 1. «қ» дыбысы дауыссыздардың ішінде қолдану жиілігі ең жоғары дыбыс. Мұны «q» арқылы таңбаласақ, компъютер пернетақтасындағы орналасу заңдылына сай келмегенмен қоймай, оқып-жазу барысында да оңай жаңылыс туылады. Ағылшын тілінде бұл қаріптің жиілігі біршама төмен болғандықтан (көбінде француз тілінен енген терминдерде кезігеді) пернетақтаның ең сол жағындағы елеусіздеу жиекке орналасқан. Бұл әсте «қ» ның баламасы болмауы тиіс. Сондықтан бұған әдетте шолақ информация алмасу барысында елдің көп қолданатын қаріпі «k» ны тұрақтандырдық. Ал, «к» фонемасы үшін «c» қаріпін алдық. Өйткені біз латын әлібиін жасауда, бір болса дүние тілі іспетті ағылшын тілін, болмаса осы латын таңбаларының арғы иесі болған, сондай-ақ қазір де 100 миллионның үстінде қолдаушысы мен үйренушісі бар байырғы латын тілін тұғыр етсек ұтылмаймыз. Сонымен қабат, «ң» дыбысын «h» арқылы таңбалауды жөн көрдік. «ң» фонемасының тіліміздегі жиілігі біршама жоғары болып, бұл жағынан «ш» фонемасының алдында тұрады, бұл фонемаға қос қаріп алудың түбі қаріптердің қолданымалы құнын әлсіретуге апарып соғатындығы наздардан қалмады. Ал, «ң» ды тегі қайсы жалғыз қаріппен бейнелеу жөнінде қанша ізденсек те «n» ға пішіндік жақтан жуық келетін осы «h» таңбасынан басқа лайықты балама таппадық, қай қаріпті қолдансақ та белгілі ғылми жүйеге жақындай қоймады. Оның үстіне, «ң» дыбысы әр қандай сөзде дауыссз дыбыспен қатарласқанда, тек дауыссыз дыбыстың алдына ғана келеді, дауыссыз дыбыстың соңында және сөз басында мүлде кезікпейтіндіктен, қолдану барысында «kh, ch» қаріптерін қамтыған кірме сөздерді оқу барысында ішкі қайшылық шыға қоймайды.

2. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, қазақ тілінің өзіндік үндестік заңы мен фонетикалық ерекшелігі сақталған, бұл жобамыздағы қоламталы мәселенің маңызды бір бөлегін шешуге зор көмегін тигізді. Ашалап айтсақ, «ә, ө, ү» сынды үш жіңішке дауысты дыбыс бір сөзде қайталанып келмейді. Ал бұларөзара араласып келетін жағдайлар да өте сирек ұшырайды. Бұл фонемалар екі буыннан артық сөздерде негізінен «і» фонемасымен бірігіп ғана сөз құрайды. Сондықтан әуел баста айтып өткеніміздей, бұл жіңішке дауыстыларды «a, o, u» әріптеріне «v» сүйеуін қосу арқылы таңбаладық. Осы әріптерді автоматты әріп сәйкестіргіш арқылы бейнелеп, қазақ кирилшесімен және төте жазумен өзара алмастыратын компъютер программасын жасаудың мүмкіншілігі бар. Демек, төте жазумен бұларды өзара сәйкестіргенде дұрыстық дәржесі жоғарылайды. Мұның бұрынғы кириллше немесе төте жазуда сақталған әдебиеттерді латын әлібиіне қотарудағы рөлін әсте өгейсітуге болмайды.

3. Төл дыбысымыз «ғ» фонемасын «q» арқылы таңбаладық. Әуелі бұл дыбыстың қолдану жиілігі «г», «ж» сияқтылардан жоғары, қос қаріппен таңбалаудың негізі әлсіз. Қазір кейбір жеке әліпби жобаларында, ішінара торап-сайттардың латынша бейнелеу ережелерінде «gh» тектес қос арыппен таңбалаған жәйіттер болғанымен, жұрттың дені ешқашан қос қаріппен жазуға пейілсіз екенін анық байқап келеміз, мәселенің кілті тап осында. Кім болсын әрі тез, әрі ықшам жазуды ойлайды. Демек, қолдану жиілігі мұнша жоғары төл фонемамымызды қос қаріппен таңбалағанда, жазуға ебдейсіз, шұбалаңқы, оқуға қиындау, ұтарымыз аз. Европа халықтары араб-парсы тілдерінен келген атауларды жазғанда «gh» арқылы «ғ» фонемесын таңбалайтындай көрінгенімен, өз тілдерінде «г» деп қана оқиды. Ал, «f» ны алуды ойластырғанда, кириллшедегі «Ғ» ның көне кеңес елдерінің оз кезінде беліне жіңішке сызықша тартып жасап алған қаріп екендігін, латыншадағы «f» қаріпімен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын ескеріп одан да бас тарттық. қаріптердің халықаралық ортақ пернетақтадағы сәйкесті үлестірімділігін ойластырғанда, «ғ» ны таңбалауда «q» ның сәл үйлесімді екендігін аңғардық. Бұл алдымен дағдылануға оңай, сосын қолданып көндігу барысында үлкен ағаттық туылмайды. Бәрінен маңыздысы «g» қарпімен белгілі тұлғалық жақындығы бар. Демек, «ғ» дыбысының тек «г» мен ғана емес, «қ, х, һ» фонемаларымен де белгілі фонемалық жақындығы бар екендігі сүйенген негізіміздің буынын бекіте түспек.

4. «ш» дыбысын «x» арқылы таңбаладық. Жұртқа белгілі, бұл фонема үшін Қытай қазақтары «x» және «sh» ــ осы екеуін қалағаныша істетіп жүрсе, шетел қазақтары көбінде «sh» қос таңбасымен бейнелеп келеді. «ш» дыбысының тілімізде жиілігі біршама жоғары, торапкерлер «абай жолы» романындағы 8 миллион қаріптен автоматты санақ жүргізгенде, 1.71 пайыздық қолданылым жиілігі бойынша «з» қарпінен жоғары тұрған. Тіпті бір сөзде екіден, үштен кезігетін жәйіттер де баршылық. Демек, қос қаріппен таңбаласақ ұтарымыз аз, оқу және жазудағы әурешілік көп. Ең маңыздысы бұл фонеманы «x» арқылы таңбалауды біз әсте қытай тіліндегі пининге негізделіп қуаттап отырғамыз жоқ. Испан және каталан тілдерінде, сондай-ақ байырғы латын тілдерінде осы қаріп, негізінен «ш», «ч» және «кс» боп оқылса, кейде «с» немесе «з» боп оқылады. Яғни сіз осы қаріпты сөз басына келтіріп бір сөз жазып, сосын, кириллше емес, латынша таңбалағандығыңызды ескертіп, дүниедегі күллі адамға оқытсаңыз, басым көп санды адам, сөз жоқ, «ш» немесе «ч» деп оқыса, қалғандары басқалай осы тектес тістен шығатын фонемалармен дыбыстайды. Ал «х» деп оқитындар кей қарлұқ тобындағы түркілерден басқа, жоқтың қасы.

5. Тіліміздегі жиілігі аса жоғары «ы» дыбысына және белгілі шарт астындағы «і» дыбысына латынның «i» қаріпі ـــ осы бір таңбаны бердік. Ашалай кетейік: 1)Қазақ жұртшылығының қазіргі істету дағдысын негіз еттік. Ел ішіндегі немесе шетелдегі қандастар болсын, «ы» ны «i» арқылы таңбалап жазатындар басым көп санды иелейді. Ағылшындар оны өздерінің дыбыстау, жазу заңдылықтарына икемдеп, көп қолданылатын қаріптердің бірі етіп алғандығын ескерсек, тіліміздегі «ы» дыбысын таңбалауға осы қаріптың ең үйлесімді екендігін білеміз. Компъютер пернетақтасында жиілігі жоғары қаріптердің орнына бекітілген, оңай, ықшам жазылады. Оқығанда, жазғанда оптикалық жақтан өзіне тән пішіндік ерекшелігімен сөздерді парықтау түйсігін бере алады. 2) құрамындағы дауысты дыбыстардан кілең «і» ғана бар дәйекшелі сөздің бірінші буынында, «і» дыбысы «iv» боп түседі, басқа әр қандай сөзде «ы» мен «і» бірдей «i» арқылы таңбаланады. Біз төте жазуымызды құрылымы кемелді жазу қатарына балаған екеміз, латын әліпбиін де төте жазуға сәйкестіруіміз керек. Төте жазуымыз оқуға, жазуға тез, құдды қазақтың атамзаманғы төл жазуына ұқсайды. Әрине, кезінде ұлы ағартушы А.Байтұрсынов қазақ тілінің үндестік ерекшелігіне көрегендікпен талғам жасай отырып, «ы» мен «і» ні, сондай-ақ, басқа дауысты дыбыстарымыздың мәселесін өте дұрыс шешкен. Төте жазуда «ы» ны таңбалау ـــ жазуға қаншалық ықшам, оқуға қаншалық оңай болса, латын әліпбиімізді де осы жаққа ыңғайлауымыз лазым, сонда ғана өміршеңдікке ие болмақ.

 6. Тілімізде сирек қолданылатын «ч», «һ» дыбыстарын латынның қос арпымен жеке-жеке «ch», «gh» етіп таңбаладық. Яғни «ч» ны таңбалауға «ch» ты қолдандық, халықарада ортақ, жұрттың ойы бір болар. Ал «һ» үшін «gh» ты істетуіміздегі себеп: қазақ тілінде ең аз қолданылатын, көпшілік әдетте дұрыс дыбыстай алмайтын осы фонеманың нағыз баламасы «h» екенін ескеріп, кей одағайлар мен араб-пасы тілдерінен кірген атауларда ғана кезігетінін ойластырып, «g» мен «h» екеуін қосарлап жасадық.

 7. Орыс тілінен кірген атау-терминдерде көп кезігетін «в» фонемасын сөз басында сол тілдегі оқылуына жуықтатып, «w» әрпімен, сөз соңы мен қатаң дыбыстың алдына келгенде, орыс тіліндегі оқылу заңдылығы бойынша «f» арқылы таңбалауға жол бердік. «у» және «и» дыбыстары сөздің бірінші буынында дауысты боп келгенде, әрі жіңішкерту белгісі қойылатын жағдайда «w» дың алдына «u» ды, «y» дың алдына «i» ды қосып жазуды жөн көрдік. Мысалы, «тиімді _ tiyimdi», «ит _ iyt», «түу _ тuw» сияқтылар. Яғни «и» және «у», бұл екеуін өзгеше фонема ретінде танып, тұрақты түрде жеке-жеке «iy» мен «uw» қосар таңбаларын бердік. Әрине мұндай жағдай өте сирек екені де шын. Сөздің екінші және одан кейінгі буындарында бұлай қосарлап жазудың қажеты шамалы. Мысалы, бұлжымас үндестік заңы бойынша, «киім» сөзін «cyim» арқылы, «гуіл» дегенді «gwil» арқылы таңбаласақ жетіп жатыр.

Жобамыздың ғылыми құны жөніндегі дәлелдеріміз  

Қазақ тіліндегі бір сөзде «ә, ө, ү» фонемалары тек бір-ақ рет кезігеді. Ал дауыссыз дыбыстардың қайталануы көп. Аталмыш жобамызда қос қаріппен таңбаланудың біршама көптігі рас, мұны әуел баста-ақ ойластырдық. Алайда қазақ тілінің өзіндік фонетикалық ерекшелігі бар, яғни жоғарыдағы жіңішке дауысты дыбыстар бір сөзде негізінен қайталанып келмейді. Сонымен бірге осы үшеуі бірге араласып келетін жәйттер де өте сиірек ұшырайды. Ал, кезекте ортаға салынған көп санды жобада «ң», «ш», «ғ» қатарлы фонемаларға қос қаріп берілген. Бұл үшеуі қазақтың төл фонемалары, оның үстіне лекцикалық қордағы қолдану жиілігі біршама жоғары, бір сөзде қайталанып та, өзара араласып та келе береді, бұл қос қаріппен таңбалауға, әсіресе оқуға өте қиыншылық тудырады. Жобамыздың түбірінен шешім еткені дәл осы түйткіл деуге болады. Ешқандай әсірлемей былай айтуыма болады: Осы жобамен жазылған әрқандай мәтінді құдды төте жазумен оқығандай жаттық оқи аламын.

Ендеше, «v» қаріпін жіңішке дауыстыны таңбалауға қолданған сүйеу еткендігімізге тоқталсақ, меніңше, біздегі осы күнгі «в» фонемасы жұңго қазақтары үшін анық фонема емес, сонау жылдардан бері осыған бола бір қаріптің орнын беріп, өзімізді өзіміз қинап, алдап келдік. Тіпті арнаулы европа тілдерін оқығандар болмаса, оның кейде «ф» және «у» фонемасымен қандай парықты болатындығын Қытай қазақтарынан ешқайсымыз білмедік те. Білмеген, дыбыстай алмаған дыбысты таңбалаудың не қажеті бар?! А.Байтұрсыновтың өзі де кезінде бұған арнаулы таңба бермеген. Бұл фонема ағылшын тіліне де кейін келе кірген. Ал немістер әлі күнге дейін мұны «w» арқылы таңбалап келеді. Тоқ етерін айтсақ, бұл фонеманы жалғасты арнаулы қаріппен таңбалаудың қазақ тіліне пайдасынан гөрі, зияны алдеқайда басым. Мысалы, бұрынғы «Европа», «Австрия», «Википедия» сөздерін ендігіде қазақстан баспасөз саласы халықаралық айтылымына жуықтатып «Еуропа», «Аустрия», «Уикипедия» деп өзгерткені тегін емес болар. Сондықтан осы басы артық фонеманы жоғалту үшін оны тек сүйеуге істеткенді жөн көрдік.

2-кесте қазақ дыбыстарының қолдану жиілігінің санағы, «қазақсофт» сайтының жетекшісі Тәліп Нүсіпұлы ұсынған. «абай жолы» триллогиясына компъютер бағдарламасы арқылы автоматты санақ жасалған. Осы санақ бойынша, мынадай ғылми тұжырым жасауға болады: .

 

Кестенің сол жақ бөлігіндегі кириллше қаріптердің санағына қараңыз, «ә, ө, ү» үшеуінің қосындысы 3.05 пайыз болған, ал «ң, ш, ғ» үш дауыссыз дыбыстікі 5.90 пайыздан асқан. Сонымен қабат, «і» фонемасының жиілігі 5.36 пайыз екен. Алайда жоғарыда айтып өткен мысалдағыдай «і» дыбысы тек өзі келген жалаң буынды сөздер мен кілең «і» дыбысынан құрам тапқан көп буынды сөздердің басқы буынында ғана «v» сүйеуімен қосарланады. Мұндай болғанда, біздегі жоба бойынша сүйеу арқылы таңбаланған қосар дауыстының саны 4 пайыздан әсте аспайды. Енді осыны нақты сандық көрсеткіш арқылы есептеп дәлелдеу керек. Алдымен мынаған назар салыңыз: «түсті» ــ tuvsti, «бәрі» ــ bavri, «жүрдім» ــ juvrdim, «өмір» ــ ovmir, «егін» ــ egin, «кішкене» ــ cixcene сияқты жіңішкерген сөздерді біздегі KALSN жобасы бойынша жазғанда, ондағы «і» дыбысы қалған үш дыбыстың меңгеруінде болғандықтан, тек «i» арқылы таңбаланады. «і» фонемасы жалқы буындардан гөрі, осы тектес көп буынды сөздерде мүлде көп ұшырайды. Мұның өзі «і» фонемасының қосар таңбамен келуі тіпті 5.36 пайыздан әлденеше есе томен екенін айғақтайды, мықтағанда 0.5 пайыздан ары кетпейді. Тіпті, жобамызбен жазғанда «iv» кездесетін буындар мен сөздердің санағын қазақ тіліның сөздік қорынан санап-ақ есептеуге де болады. Соңғы есепте, «v» сүйеуі қосарланатын жағдайдың мүмкіндігі қайткен күнде де 4.0 пайыздан аспайды дейтін қортынымыз ғылми жүйеден алшақтай қоймайды. Бұл сан жоғарыдағы қазақтың 3 төл дауыссыз дыбысын қосарлаудан шығатын 5.90 пайыздан алдеқайда төмен. Демек, KALSN жобасын қолданар болсақ, қосар қаріппен таңбалау жағында, басқа жобаларға қарағанда анағұрлым үнемге қол жеткіземіз.

Мына бірер шумақ өлеңге қараңыз, «v» қаріпін бірнеше минут жұмсап қана жіңішке дауысты дыбысты бейнелейтін қосымша таңба деп есте сақтасаңыз болғаны, бір көрген жерден жаңылмай жіңішкертіп оқып кете бересіз. Жайшылықта қолданып жүрген «в» фонемасы тілімізде өте сирек пайдаланылатындықтан оңай жаңсақтық туыла қоймайды.

Sovyle tivlim alahdama tartinba,

Kayta-kayta xindikti aytip jarkilda.

Kalay qana ovmir suvrdih dey alam,

Bivr awiz sovz kalmaqan soh artihda.

Zaman kalay, adam kalay ovzgerdi,

Ovzgergendi xuvcir kazir covz covrdi,

Arih menen akykattih aldinda,

xindikti aytip xihqiratin cez celdi.

Buvgin cerec kazaqimnih bivrligi,

Bivrlic bolsa arta berer tivrligi,

Janim pyda xindikti aytip xirildap,

Osi sovzden jok bop cetsem bivr cuvni.

Соңғы сөз

Қазақ кириллшесін үзбей оқып келе жатқаныма 20 жылдан асыпты. Оқу барысында қатты қиналсақ та, осы жазуда талай-талай роман оқыдық. Бірақ қазірге дейін төтежәзу, қытай тілі немесе ағылшын тіліндей көзге қанық емес, көпшілігіміз әлі сол тезіреңкі ежіктеуден жазған емеспіз. Кейде, мен Қазақстанның қазақ тілді кей дикторларының оқып отырып жаңыла беретініне назар аударып отырамын. Менше, бұл әсте олардың қазақшаға шорқақтығы емес, қалайда диктор деген аты бар ғой. Мұндағы басты кедергі дәл оқуға қолайсыз кириллше екенінде күмәнім жоқ. Осы табиғи құбылысты мамандардың көпшілігі ішкі материялық жүйе бойынша ойластырмай, әлі күнге дейін адамның субиектив себебінен іздеп, руханиятпен түсіндіруден жазбай келеді.

Жобамыздың оптикалық түйсік жағындағы жағымлы әсерін айшықтай түсу үшін, төменде Абай тағылымдарының бірер тармағын латын аліпбиінде түсіріп көрейік:

ABAY TAQILIMDARINAN

Eger de mal cerec bolsa, kolovner uvyrenwih cerec. Mal jutaydi, ovner jutamaydi.

Zalimdik __ adam balasinih duxpani, adam adamqa duxpan bolsa, adamnan bovlinedi, jirtkix khaywan esebine kosiladi.

Adam uvxin cerecti navrse __ akil, ivs, mivnez, sodan twatin zerectic, tatwlik, makhabbattilik, qadettic, ovnerlilic.

Adamgerxilicce jat, oni buzatin navrseler: Altibakan alawizdilik, kastik, arazdik, cunxildic, kyanatxildik, kurmet bivlmestic, nadandik, Avsirese, damdi adamnih tonawi.

АБАЙ ТАҒЫЛЫМДАРЫНАН

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренуің керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

Залымдық ـــ адам баласының дұшпаны, адам адамға дұшпан болса, адамнан бөлінеді, жыртқыш хаюан есібіне қосылады.

адам үшін керкті нәрсе ـــ ақыл, іс, мінез, содан туатын зеректік, татулық, махаббаттылық, ғадеттык, өнерлілік.

Адамгершілікке жат, оны бұзатын нәрселер: алтыбақан алауыздық, қастық, араздық, күншілдік, қиянатшылдық, құрмет білместік, надандық, әсіресе, адамды адамның тонауы.

  Пайдаланған Әдебиеттер:

List of digraphs in Latin alphabets

List of Latin letters

Extended Speech Assessment Methods Phonetic Alphabet

2013 жыл 25 қаңтар

Авторлардың мекен-жайы: ҚХР, Құлжа қаласы,

 Өркен Ақбердіұлы“Іле Жастары” журналының  редакторы

Телефон: +86-999-7823092     Ұяалы байлатыс: +86-18609052651

QQ: 631380769    Skype: Orken.Akberdin

Өрен Ақбердіұлы, Іле Педагогика Институты, Биология кафедрасының  лекторы

Телефон:+86-999-8098234      Ұяалы байлатыс:+86-13364711355

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. математикаларың дұрыс, ал Q қайда жібердіңдер? Негізі сүйеулерің ұнамады

  2. Bergen picirihizge mol alqis. “Q” di Cyrlylxedegi “Ғ” uvxin koldanqanimizdi makalada da, cestede de aytip ovttic-aw. Al “V” suvyewin alip aytsak, bul birinxiden, joyilip bara jatkan fonemaqa koldanilip celgen. Kazakstannih eh alqaxki latin avlipbyinde de bolqan emes. endi bivrde, tulqalik jaktan, kiska avripce tavn, adamdi ihqayli tuvysicce bastaydi. misali, “h” nemese “y” syakti avripter uzindi-kiskali bolqandiktan ycemdilicce jaramaydi. Al javne bivrde, “OV” , “EV” deytin oris famylyalarin “OF”, “EF” dep ovzimizge beyimdey koysak, osidan kazak ecenimiz menmundalap tursa onih nesi avbestic?!

  3. Берген пікіріңізге мол алғыс. “Q” ды кириллшедегі “Ғ” үшін қолданғанымызды да, кестеде де айтып өттік-ау. Ал “V” сүйеуін алып айтсақ, бұл біріншіден, жойылып бара жатқан фонемаға қолданылып келген. Қазақстанның ең алғашқы латын әліпбиінде де болған емес. Енді бірде. тұлғалық жақтан, қысқа әріпке тән. адамды ыңғайлы түйсікке бастайды. мысалы, “h” немесе “y” сияақты әріптер ұзынды-қысқалы болғандықтан икемділікке жарамды. Ал және бірде, “ОВ” , “ЕВ” дейтін орыс фамиллияларын “OФ”, “EФ” деп өзімізге бейімдеп қойсақ, осыдан қазақ екеніміз менмұндалап тұрса, оның несі әбестік?

  4. “v” suvyew tahbasin artina emes, aldina salsa jaksirak (tezirek) okiladi. Avriptih artin cuvtpey, aldinan bivlip otiradi kalai oku cerec ecenin.

    “v” svuyew tahbasin artina emes, aldina salsa jaksirak (tezirek) okiladi. VAriptih artin cvutpey, aldinan bvilip otiradi kalai oku cerec ecenin.

    Та… ой Тә екен деп отырмайды.

    • Құрметті Әділ мырза, сіз айтқандай “v” сүйеуін аталмыш қос таңбалылардың басына алу туралы да ой жүгіртеміз. деседе, ол сүйеу таңба қалайда өзі жіңішкертетін әріптің жанама рөлінде болатытын баса ескеріп, жоғарыдай бекіттік.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі