//

Еркеғали Рахмадиев дүние салды

1995 рет қаралды
2

erkegaly2013 жылы 9 сәуір күні  қазақ өнері  тарландарының бірі,
композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Еркеғали Рахмадиев
81 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Өнерімен талайды тамсандырған Еркеғали Рахмадиев 1932 жылдың 1 тамызында  қазіргі  Шығыс Қазақстан  облысы Шұбартау ауданында  дүниеге келген еді. 1957 жылы Алматы консерваториясын  бітірген  Е.Рахмадиев 1967 жылы Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, 1976 жылы  Қазақ КСР халық әртісі,1981 жылы  КСРО халық әртісі атағын алған болатын.  Оған 1980 жылы Қазақ КСР мемлекеттік  сыйлығы да тапсырылыпты.  27 жыл бойы Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, КСРО Композиторлар одағының хатшысы болып қызмет еткен Еркеғали Рахмадиевтың «Қамар сұлу», «Алпамыс», «Тың тынысы», «Абылай хан»  опералары, «Амангелді», «Толғау», «Дайрабайдың күйі», «Мейрам күні», «Құдаша-думан», «Ортпа» симфониялық поэмалары, «Сәлем саған Аястан», «Мерекелік кантата», «Конституция туралы поэма» кантаталары, хорға арналған вокалдық шығармалары, көптеген ән-романстары қалың көпшіліктің  зор сүйіспеншілігіне  бөленген  еді. Қазақтың симфониялық күй жанрын қалыптастырып кеткен Еркеғали Рахмадиевке  2010 жылы  «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Марқұммен қоштасу  бейсенбі күні өтеді.

Топырағың торқа, иманың жолдас болсын, қадірменді Аға, бақұл бол!

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Ұлттық руханияттың жалғасып, жазампаздануына жан-тәнін аямай бар ғұмырын сарп еткен қадірменді ағаның жаны жаннатта болсын!

  2. Аққу ұшып көлге кетті,
    Сұңқар ұшып шөлге кетті
    Ол бекерге кеткен жоқ
    Бәріміз барар жерге кетті! Алды иманды, арты қайырлы болсын!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.