////

Қанатың талмасын – «Қаламгер» !

1494 рет қаралды
2

kalamger2013 жылдың наурыз айында «Қаламгер» атты айына бір рет шығатын,  халықаралық ақпараттық, танымдық-талдамалық, көркем-әдеби журнал оқырманға жол тартты. Журналдың бас үйлестірушісі Мәлік Отарбаев, ал бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы, басылым иесі «Ан Арыс» ЖШС.

Әлемдік кеңістікті ғаламтор арқылы шиырлап, шырматыла орап алған қазіргі жағдайда жер жүзінің қай түкпірінен кезкелген ақпаратты алу әлеуетіміз артты. Жаңа буын, жас жеткіншектер қолына кітап ұстап, газет-журнал қарағанның орнына алақандай «айфондарымен» әлемді шарлай жөнеледі. Міне, осы тұрғыдан келгенде бүгінгі руханият өмірімізге жолдама алған жаңа әдеби журналдың бұрынғы және бүгінгі көптеген журналдардан ерекшелігі неде деген сұрақ бірден туындайды.

Бірден көзге ілінгені журналдың көздеген негізгі мақсаты басылымдардағы бұрыннан қалыптасып, көне сүрлеуге айналып, қатып қалған ескі арнасын жаңарта отырып жаңа идея, өзгеше жол табу арқылы қаламгер мен оқырман арасына алтын көпірлік қызмет атқару болса керек.

Журнал түрлі-түсті, әдемі безендірілген, көркемдігі тартымды, қағазы сапалы, тұшымды, тұнық, салмақты ойлы материалдары ықшамды, ақпараты мол, берілген фота-суреттеі көркемдігімен ғана емес көлемділігімен де бірден көз тартады. Сондай-ақ, журналда жақсы әшекейленген  жарнамаларға да сәтті орын берілген. Бүгінгі  мәдениеттімдің өзіндік болмысы бөлек саласына айналып отырған сапалы жарнамалар да журналдың ажарын ашып, аурасын әсерлендіріп, көзге жылы, көңілге көп ой салады.

«Қаламгердің» алғашқы сандарынан-ақ алдына аса зор, үлкен мақсаттар қойып, желкенін жайып, асау толқыны мол алыс сапарға қамданып бет алғаны байқалады. Қоғамы қобалжыңқы, қордаланған мәселесі жеткілікті, дүниесі дүрбелең, айналасы алакөз, жасыса жайпап өтер жаһандану дәуірінде үлкен қайрат, мол жігер, зор қайратпен бел буып, таным мен түйсіктің, талғам мен талдаудың үздік үлгісімен қаруланғандығына журналдың тұңғыш және екінші сандарын оқығанда риза болдық…

Қанатың талмасын – «Қаламгер» !

Қарамер  

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Заманауи талаптарға сай келетін талабы таудай, мақсаты ауыр, мағынасы терең көркем сөздің көрікті бір журналы дүниеге келген екен, мұраты асыл болсын, қаламдас достар!

Бақытбек жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар