/

Министр Әбденов қызметінен босатылды

1247 рет қаралды
3

Abdenob“Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Әбденов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды” деп хабарлады 10.06.2013 жылы Қазақстан президентінің ресми сайты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзарту жайлы заң жобасына байланысты халыққа танымал болған. Алайда халық бұқара оның осы әрекетіне қатты наразылық танытқан еді. Министр Әбденов  Алматыға келген жолында қоғамдық белсенді Андрей Цуканов дегеннен жұмыртқа да «жеген»-ді. Сөйтседе ол айтқанынан қайтпай, мұрынын шүйіріп жүріп, Заңды ың-шыңсыз парламенттен өткізіп, президентке жеткізген жерінде танауы тасқа тиді. Енесінің емешек сүтін бағалай білмеген ұлды Елбасы лауазымды орнынан босатты да тастады. Ана сүті асыл ғой.

Қарамер 

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Аңқау бала алданып-ақ қалдың-ау, өзіңнің қазақ тілді екеніңді, ал жоғарғы орта ондайдарды ортасына сыйдырмайтынын білмедің-ау, байқұс бала.

  2. Билік өзіне бедел жинағысы келіп, Әбденовті әдемі түсірді-ау

  3. Қазақта мақал бар:
    Атың шықпаса жер өрте деген.
    Қазірде қалжыңдап жаңасын шығарып еди:
    Атың шықпаса Арақ іш деген.
    Енді тіпті жаңа түрі шықты:
    Атың шықпаса Әбденовке ер, ол шығарады.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.