//

Бақытбек Бәмішұлы: Ғаламтор және қаламгер

791 рет қаралды
1

minber Ақын-жазушы адамның басқадан айырмашылығы оның қоғамдық ірі құбылыстарды былай қойғанда, ол құмырысқаның қыбырынан бастап иненің жасуындай нәрселерге дейін бейжай қарай алмайды, сын көзбен қарайтындығында. Көзі өткір, құлағы сақ, аса сезімтал. Бір тал жасыл жапырақ үзіліп түссе жаны кейіп, бір тал шөп шықса қуанып, бір атом мөлдір тамшыдан бүкіл дүние әлемін көреді. Онда салалық кәсіби білім деген болмайды, ол – кибернетик. Жан-жақты білімсіз жалаң ғылыммен ақын ақын бола алмайды. Оның бүкіл жан дүниесі шар тараптан сан алуан түрлі ақпараттарды шын ниет, бар ықылас-ынтасымен қабылдап алып соны жүрек жүйесінен сүзе өткізе отырып, саналы оймен сараптап, көркем қорытуға жаратылған қазіргі тілмен айтсақ – иновациялық құрылым. Сондықтанда ол әр уақытта жаңашыл, жасампаз. Осындай болмыс-бітімі жасампаздық үшін жаратылған қаламгер қауымның өзінің рухани қуат күшінің қайнар бұлағы шынайы, шын ақпарт алуда ғаламтордың қандай ықпал, әсер күші бар және оны олар қалай пайдалануда деген сұрақ жиі туындайды. Ақын-жазушының әлімсақтан іздегені әділдік пен ақиқат, адамзат баласының өзінің дамып, жетілу барысында бұзып алған үйлесімділік концепциясын қайта табу.

Ал бүгінгі тасқыны толассыз, ағыны күшті, айтары мол, ақ пен қарасы, алалы мен харамы мидай араласып, тоғысып кеткен, жер жүзінің кезкелген түкпірінен қас пен көздің арасында кірпік қаққанша жетіп жатқан ұшан-теңіз ақпараттарды алып, олардың пайдалы һәм қаректсізін екшеп ысырып тастап ақиқаттың ақ жолын түсу ақыл-ойға, арлы жүрекке ауыр салмақ салатын үлкен сын. Өйткені бүгінгі таңда ғаламтор беті бостан әрі бейберекет, бейпіл ауыз өмір шындығын үстір бейнелейтін масс-медиаға толылығы ғаламдық үдерістерді тануда аса талғампаздықты, талантты  талап етеді. Ал талат болса жаратылыстың адам баласына берген төтенше сыйы – дарын. Бұрын ақпаратты осы дарындылар беретін оны ақылды, есті көз содан нәр алатын. Ал бүгінгі ақпаратты кезкелген пенде, көше кезген кезбе де бере алады. Бұл кейбіреулердің жырынсыз ақпараттары арқылы нәпақа тауып жейтін күнкөріс көзі ғана емес, атақ-абырой әперетін әлеміне айналды. Осындай сын көтермейтін, сиықсыз, сұйық, сүреңсіз, көр-жөр, адамзат баласына әкелетін пайдасынан зиян-залалы сұмдық, қаскөй дүниелердің қарқұрттай қаптап кетуі ғаламтордың бет-беделіне нұқсан келтіріп, оған жиіркенішпен қарауға себепші болып отыр. Алайда, бүгін онсыз күн көру мүмкін емес.Сондықтан  әр кім, ол мейлі, қаламгер болсын бүгінгі заманның жүрісіне сай, үдерісіне ілескен, модернизацияланған  болуы керек. Қазіргі көркем әдебиеттегі  модернизация  дегеніміз көркемдігінен күңгірттігі басым, тіпті сол күңгірттікті қисынсыз әрекетпен күрделендіріп, шандып шырмап, матап тастаған нәрселер емес, біздің оймызша, жазушының іскі жан дүниесінің рухани толысып, түйсігі тереңдеп, жадының жаңаруы болса керек. Осы тұрғыдан келгенде ғаламтордың индивид жеке сананының өз іс-қаректін өзгемен салыстыруға, өзін бөтен дүниемен салғастыруда артықшылығы басым түсетіндіктен, үнемі жаңалыққа жаны құштар озық ойлы қаламгер бұл  үдерістен қалыспауы керек-ті.

Кімде кім атақ-абырой, шен-шекпен, кәсіп-мамандығына қарамай қарадан ханға дейінгі бүкіл қоғам мүшесі ғаламтор кеңістігіне еніп, онымен қоян-қолтық араласып,  байланыс жасау арқылы қалауыңа сай қажетті информацияны көз де, көлік те жетпес жерден шапшаң қабылдап, өзге әлемнің әлеуметтік жағдайы, рухани өрісі, экономикалық ахуалы т.б. толып жатқан өмір салаларымен  қарым-қатынасқа түсіп, заманауи коммуникация орбитасына көтеріледі және өзінің меншікті өнімін, өзіне тән туындыларын, ой-қуатын да сол кеңістіктіне шығарып, ол басқаның игілігіне жарап кетеді.  Алайда тасқа басылған дүние басылым ­-  газет, журнал, кітап әр қашанда  тартымды әрі мәңгілік болғанымен қаламгердің қолын қаржы байлап, жазғанын жарыққа шығара алмай жадау күй кешкен заманда ғаламтор бетін пайдалану ең ұтымды жол болып қала береді. Көркем әдебиеттің ғаламтор кеңістігіндегі көлемі де кеңейіп, күн санап өсіп келеді. Мұндайда ғаламторға шығатын шығарманың көлеміне де тосқауыл жоқ екен.

Аты аңызға айналып, қырық жыл қытай түрмесінде отырса да қаламын қолынан тастамаған  Қажықұмар Шабданұлының алты томнан тұратын «Қылмыс» романы елімізде 2000 данамен жарық көрді. Сол екі мың дана алыс-жақын шет елдердегі оқырман түгіл қазақстандық оқырманның «аузын сүртуге» жетпей қалды. Біз minber.kz ұлттық интернет газеті кітаптың электрондық нұсқасын жарияладық. Әлемнің түкпір-түкпірінен жеткен пікір қарша борады. Бүгінгі таңда оның алғашқы төрт томын  1103+818+1062+1409+3706 = 8098 оқырман жарты жылдың ішінде оқып үлгірген, толықтай тамамдамаса да кітап туралы толық мағұлымат алғаны шүбәсіздігін кері байланысқа шыққан мына пікірлер айғақтайды.  Жұмабек деген оқырман «Атақты “Қылмыс” романы екі-ақ мың данамен таралды. Ол кітап оқитын аз ғана қазаққа жетпейді. Сондықан Мінбердің бұл атқарып отырған жұмысын мен өте жақсы бағалаймын» десе, «Романның толық нұсқасын қайдан жүктеп алуға болады? Басып шығарып оқыған ыңғайлы. Көмектессеңіздер, Алла разы болсын Сіздерге» деген Ахмет атты оқушы, демек, қажетсінген адам көшіріп те алады. Ал Б.Бәмішұлының «Жылқы және қазақ рухы» атты мақаласын 40 мыңға жуық адам оқыған.  Сөйтіп ғаламтор арқыл ол әлемдік оқырманның игілігіне қызмет етті. Оқырман мен қаламгер арасында тікелей байланыс орнады. Жарық көрген туынды туралы шылғи мақтау мен қаралап даттаумен қатар автордың ағат кеткен, артық-кем тұстарын дөп басқан шынайы,дәлелі мен дәйегі жеткілікті сындар да айтылуы шын қаламгерді жетілдіріп, жігер сыйлайды. Өз туындысы туралы өле-өлгенше бір пікір ести алмай кеткен қаламгер қаншама. Ал бүгінгі таңда таңда ондай өкініштің болуы мүмкін емес. Соңғы жылдарда ғаламтор бетінде қазақ тілді сайттар мен блогтар үдемелі түрде өсіп келеді. Оларды тұтынушылар тек қала тұрғындары ғана емес аймақтық, ауылдық өлкелердегі саны да артып отыр. Қазір ғламторда бес мыңға жуық қазақ тіліді сайттар қызмет етеді екен. Қазақ тілді ­ контентті қанағаттандыратындықтай көрсеткіш емес бола тұра ол аз дүние емес, алайда, олардың көбісінің аты бар да заты жоқ. Танымдық, салалық сайттар өте аз. Мамандар қалауыңыз бойынша дизайнді сайттарды тез әрі көркем безендіріп, тартымды етіп жасап берегенімен оны ойдағыдай жүргізу және кемелдендіре түсу қиынның қиыны, бұл үлкен еңбек, талғамды талап етеді. Ғаламторды пайдаланғаныңыз үшін кәдімгідей ақша жұмсайсыз. Жеке немесе арнайы сайт ашу үшін де  аздаған ақша саласыз. Алайда әлеуметтік желілер арқылы блог ашып, оны тегін жүр­гізіп отыруға әбден болады.

Біздің көптеген ақын-жазушыларымыз өздерінің жеке сайттарын, блоктарын ашуы өте құптарлық жай, олардың саны саусақпен санарлық болса да қуанарлық жетістік. Мәселен, Тұрсынбек Кәкішевтің www.kakishev.kz,   Әбіш Кекілбаевтың kekilbaev.kz, Мұхтар Шахановтың  hshahanov.kz,  Мархабат Байғұттың  baigut.freenet.kz, Әдібай Табыл­ды­ның  tabyldy.kz , Қазыбек Исаның kazybekisa.kz, Ақберен Елгезектің akberen.com/ru, Қалқаман Сарин kalkamansarin.kz‎, Д.Мәсімханұлының masimkhanuly.kz  қатарлы сайттарды атауға болады. Бұл жағдайда қаламгер әрі жазушы, әрі ақпарат-өнім (туынды) таратушы және оқырманға айналады.

Алайда, ғаламтор қызығына түсіп, отырып алып қиялмен қиырды шалып, шартарапты шарлап кету қаламгерді шынайы өмірдің қым-қуыт тірлігінен алшақтатып әкетуі әбден мүмкін екенін де есте ұстаған жөн. Өмірмен етене, қоян-қолтық араласқанның орны әрине бөлек. Тек Google өзі ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие  ғаламтор танымдық, таралымдық қабылетті ұлғайтқанымен адамның (қаламгердің) адамзаттың тылсым сырын ашып,түрлі-түсті құбылыстарын пайымдап, зерттеуде көзбен көріп, қолмен ұстағандай болмайды. Солай болса да иновациялық технологиялар­дың бүгінгі жетістіктері мен мүмкіндіктерін жалпы мәдениет соның ішінде көркем әдебиет саласына да  кең көлемде пайдалану рухани кеңістігімізді кеңейтіп, өзіңе және өзгеге танылудың ең сара жолы екені сөзсіз.baqit 1 2011

                                       Бақытбек Бәмішұлы

 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі