//

Ешкім еш қашан ұмытпайтын күн!

705 рет қаралды
4

atomБүгін адамзат баласы еш ұмытуға болмайтын қасыретті, қара жамылған күндердің бірі. Бұл күні адамзат тарихында адам қолымен жасалған, мәңгі бақи кешіруге болмайтын, зауалын, жазасын одан кейін де жер бетіндегі адам баласы бере алмаған қылмыс жасалған еді. Тарихта бұндай қылмыс бұрын соңғыда болмаған.

Бұл күні Америка Құрама Штаттарының Қарулы Күші 2-дүние жүзілік соғыстың әбден титықтап, тығырық-тұйыққа тіреліп, фашистер мен милитаристердің жанын қоярға жер таппай жатқан шағында, нақтылап айтсақ, 1945 жылы 6 және 9 тамыз күндері  тірлік атаулыны жайпап, ерітіп, күлге айналдырып, күлталқанын шығарып жойып жіберетін, кейінгі зарары ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын  атом бомбасын жасап, пайдаланды.

Алғашқы «Little Boy» («Сәби») атты бомбаны американдық ұшқыш ел шырт ұйқыда жатқанда Жапонияның Хиросима қаласына 9 км биіктіктен тастайды. 45 секунттан кейін бейбіт қала мен қала тұрғындары бір сәтте қызыл жалынға оранады. Жауыздар мұнымен ғана қанағаттанбай үш күн өткен соң, яғни, 1945 жылдың  9 – тамыз күні, екінші рет  «Fat Man» («Семіз») атты бомбасын Нагасаки қаласына тастайды.  Сөйтіп, Жапонияның екі қаласының атомдық жарылыс пен онан кейінгі оның радиоактивтік зарарларыннан 500 мыңға жуық бейбіт тұрғыны Гарри Трумэннің  тозақ отына күйіп, фәни дүниемен қоштасады.

Американдықтардың бұл әрекеті жапон милитаристерінің бір жолата жеңілуінеде басты роль атқарғанымен, адамзат баласын, соның ішінде оның ең бір әлсіз, қауқарсыз, бейбіт, еңбір мейірімді, күнәдан таза сәби-тұрғындарына қарсы жаппай қырып жою қаруын қолдануы құдай алдында да кешірілмес күнә екені айдан-анық болса да бұған тарихи нақты баға беру жағы әлі күнге дейін екіұшты болып қалып отыр.

Сондықтан бүгінгі тірі жүрген жан біткен адамзат баласының басына мұндай қасырет-қайғы қайталанбасын деп тілейді. Осы бір қасырет біздің жадымыздан неге шығып бара жатыр? Осы қасырет кешегі тападай тал түсте төбемізден құлаған Протон-гептил арқылы жалғасып жатқан жоқ па? Қазақ жері де атомның зардабын аз тартқан жоқ қой. Жапондықтарға бүгін көңіл айтайып, өткеннің зұлымдығын еске алайық!  Бұның бетін аулақ қыла көр деп Тәңірге алақан жайып тілек тілейік.

Алпауыттардың тізгінін ұстағандарға ынсап берсін! Жапондықтардың көрген қасыреті – жалпы адамзат баласына ортақ қасырет. Солармен бірге солбір әдейі жасалған ашкөз қаскөй айуандыққа қарғыс, нәлет айта отырып, құрбандар аруағына бас иеміз. Тамыздың 6-ы және 9-ы ешкім еш қашан ұмытпайтын қаралы күн!

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Бүгін біз атом қасыретін ұмытсақ, ертең басымыздан кешкен барлық зұлымдық ұмытамыз. Өткен күнде белгі жоқ деп қазақ бекер айтпаған-ау! Өкінішіті!

  2. Бір жамандықтың бір жақсылығы бар, Бәке! АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастағаннан кейін КСРО Түркияға басып кіру жоспарынан бірден бас тартқан. Әйтпесе Сталин Стамбулды қайтадан Константинопльге айналдырып, Түркияны он бес одақтас респуликаның қатарына қосқалы тұр еді

  3. Онда, Төке, күнәсіз сәбилердің қаны онша төгіліп, ұрық қуалайтын кемтарлық бола қояр ма еді? Адам баласы ақылын ақымақ-айуандыққа билетуді қашан қояр екен?

  4. тарих парақтарын ешкім жыртып тастай алмайды. Ондағы жазуларды өшіруге де ешкімнің құқы жоқ. Қасірет қайталанбасын деген тілек әркімнің-ақ жүрегінде бар. Бомба тасталғанда бірнеше минут ішінде эпицентрден 800 метр қашықтағы халықтың 90 пайызы мерт болды. Хирошима шаһарының ортасындағы кісілердің денесі бірден көмірге айналған. Жарылыстың жойқындығы сонша, әуеде ұшқан құстарға дейін өртеніп кеткен. Эпицентрден 2 шақырым жердегі қағазға дейін жанған. Ең мығым деген бірді-екілі ғимарат болмаса, қалған үйлердің бәрі тып-типыл болған. Жарылыс нәтижесінде шыққан сәуленің күштілігі сонша, 19 шақырым қашықтықтағы мекемелердің терезелері қираған. Жарылыс толқынынан шыққан жалын қаланы тұтас өртке орап, аз ғана минуттарда қашып шыққандар болмаса, тұрғындар сол жерде-ақ мерт болды. Бірнеше күн өткенде басқа қалалардан келген дәрігерлер тірі қалған азын-аулақ адамды емдей бастады. Алайда радиация бұл адамдарға мәңгілік сырқат сыйлаған еді. Олардың біразы бірнеше апта ішінде көз жұмса, тірі қалғандары өмірінің соңына дейін жазылмайтын ауру болып қалды. 2009 жылғы санақ бойынша Жапонияда 235 мың хибакушя (Хирошима мен Нагасакидегі жарылыстан зардап шеккендер) бар екен. Олардың арасында радиациядан зардап шеккен әйелдерден туған балалар да бар. 2009 жылғы санақ бойынша радиация әсерінен көз жұмғандар 413 мың адамды құрайды. Ол уақытта дүниежүзінде радиактивті ластану туралы әңгіме болмайтын. Өйткені қоршаған ортаның ластануы деген ұғымның өзі жоқ еді. Жарылыс болған екі шаһарды Жапония Үкіметі жауып тастамады. Жыбырлаған жәндігіне дейін жойылған жерге жаңадан шаһар салды. Жасыл желекке орады. Хирошима да, Нагасаки де танымастай келбетке ие болды. Хирошимадағы атом бомбасы жарылған соң қоршаған ортаға нақты қандай зияны тигенін тәптіштеп айту қиын. Бірақ сол жарылыстан соң мүгедек боп қалған, баласы ауру боп туған адамдар аз емес. Олар әлі де өмір сүруде.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі