//

Ұлттық Банк төрағасы орынын босатты

544 рет қаралды

келимбетовЕлбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев бүгін, 01.10.2013 жылы, отбасының жағдайына байланысты берген өтініші бойынша Григорий Марченконы Ұлттық Банк төрағасы лауазымынан босатып, оның орнына Келімбетов Қайрат Нематұлын тағайындаған (Today.Kz).

 

Келімбетов Қайрат Нематұлы: 1969 жылы 28 қаңтарда Алматы қаласында туған. Ұлты қазақ.
Білімі:
1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген.
1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.
1994—96 жж. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған.
1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.
1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.
Еңбек жолы:
1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы.
1996—97 жж. — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары.
1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.
2002 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
2008 ж. қаңтардың 23 Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2008 ж. қазанның 13 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қазақстан Президентінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды.

2012 ж. қаңтардан ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарады.

мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі