//

Ойбүу, оңды сөйлеймін деп оңбай сөгіс алды

642 рет қаралды
2

ed nn

Қарашаның 14 күнгі парламенттің төменгі палатасының жиынынан берген хабарды көріп отырып төбемнен ұрғандай күй кештім. Төрде премьер-министр Серік Ахметов, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин.

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев залдан қойылған сұраққа:

–     Уәке, сұрақтарыңызға рахмет,– дегені сол еді. Төраға Нығматуллин (орыша):

– Сөзіңізді бөлгеніме ғафу етіңіз. Сіз мынау Уәке, Бәке деген сияқты қазақбай сыпайыгершілігіңіді анау от басы, ошақ қасында қалдыруыңызды өтінемін. Егер сөзіңізді депутаттарға арнасаңыз, онда аты-жөнін атаңыз, жарай ма?

…Пай-пай, неткен сыпайыгершілік! Ерболат мырза қысылғанынан жерге кіріп кете жаздап кешірім сұрап жатыр. Қайтсін енді…

Ау, сонда, Төрағаның бұнысы қалай, нағыз сыпайыгершілік пе, әлде, қазақтың сыпайыгершілігі Нұрлан Зайроллаұлының санасына сыймай тұр ма? Қазақтың «бәке-мәкесі» үй ішінде, дастархан басында, ошақтың басында ғана айтылатын сөз бе еді?

Қазақтың «екесі, сәке-мәкесі» жасы үлкен қарияға, лауазымы жоғары ағаға, ат-абыройы биік сыйлы адамға көрсетілетін кішінің ізет-құрметі емес пе еді? Жалпы қазақ дәстүрінде жасы үлкен кісінің алдынан арсылдап атын атап тұру ылайық па, анайлық болмаушы ма еді.

Нұрлан Зайроллаұлының бұл әрекеті маған баяғы басқадан жұққан, санаға әбден сіңісті болып кеткен, өзгелік менталитетті өзінікіндей жан дүниесіне сіңіріп алған, жаттық болмысты адамның қылығы болып көрінді.

Қазақ ежелден «Хан ием», «Би-еке», Құнанбайға «Құн-еке» деп сөйлегенде дастархан басында отырып па? Біз үлкен-үлкен құрылтай-жиындарда Елбасымызға «Нұр-еке, Нұра-аға» деген Президентімізбен отбасылық дәрежеде сөйлесіп тұрғанымыз бола ма?

Ойбүу, сөйтіп, бір министріміз оңды сөйлеймін деп оңбай сөгіс алды…

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. қазақдың “уәке, секе, бәке”-сімен жағаласқанша қазақдың атындағы “ев, ов, ева, ова”- лармен жағалассайшы , намыссыз…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі