//

«Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауы мәреге жетті

693 рет қаралды
1

01Биыл 10 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Астана қаласының Ұлттық баспасөз-клубында Мемлекеттік тілді дамыту қоры қыркүйекте жариялаған «Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауының қорытындысына арналған баспасөз-конференциясын өткізді.

Шараға Қор Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилиянов, «Еуразия» бірінші арнасы» бас директорының бірінші орынбасары Мұхтар Ерман, Қор Сараптамалық кеңесінің мүшесі, жазушы, журналист Болат Жүнісбеков, белгілі тележүргізуші Юлия Кушнарева және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.

Бұл шара қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық русурстар мен сервистерді дамыту, үздік қазақтілді интернет-ресурстарды анықтау, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды дәріптеп жүрген интерент-сайттарды ынталандыру мақсатында өткізіліп отырған алғашқы байқау.

Байқауға қатысуға барлығы 12 өтінім түсті. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды 5 аталым  бойынша анықтады. «Өткір тіл» аталымы бойынша мемлекеттік тіл мен ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік интернет-сайт болып www.ult.kz ақпараттық порталы таңдалды. «Рухани азық» аталымы бойынша үздік болып әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы www.massagan.com интернет-сайты дараланды. «Терең ізденіс»  аталымы бойынша тарихымызды  насихаттаушы www.abay.kz сайты үздіктер қатарына шықты. Ал «Шынайы өмір» аталымы  бойынша қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін www.minber.kz және «Спорт тынысы» номинациясында  спорт және салауатты өмір салтын насихаттаушы  www.alasharena.kz сайты үздік деп танылды.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 150 000 (жүз елу мың) теңге көлеміндегі ақшалай сыйлығымен, әрбір аталым бойынша әзірленген статуэткамен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы дипломымен  марапатталды.

nurtay s nurtay s1

“Мінбер-ақпарат”

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі