/

Көкбекті су қоймасы бөгеті бұзылып 4 адам мерт болды

1576 рет қаралды
7

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Көкпекті су қоймасының бөгетін су шаю салдарынан 4 адам мерт болды.

Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Көкпекті су қоймасының бөгетіне көп мөлшердегі судың құйылуы мен шлюз камерасы су өткізу төзімділігінің нашар болуына байланысты 2014 жылғы 30 наурызда сағат 18.30-дан бастап бөгет арқылы локальды су арнасынан асты.

Төнген қауіпті есепке ала отырып бөгетті шайып өту Көкпекті кентінің халқын хабардар ету және 70 аула мен Қарағанды қаласы Сортировка кентіндегі өзен арнасын жағалай орналасқан (210-ға жуық адам) 30 аула (150 адам) тұрғынын эвакуациялау жұмысы жүргізілді.

2014 жылғы 31 наурызда сағат 1.30-да Көкпекті су қоймасы бөгетін су шаю салдарынан Көкпекті кентінің биіктігі 1,5-1,8 метр 100-ге жуық үйді (барлығы 810 үй) су басты.

2014 жылғы 31 наурызда сағат 2.45-те ауылдағы судың деңгейі төмендей бастады.
ТЖ-ны жоюға және су басқан тұрғын үйдің халқын эвакуациялауға ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасының бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс полкі, өтімділігі жоғары техника, жеке құрамнан 124 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Көкпекті ауылынан 125 адам құтқарылды.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 4 қаза болған адамның мәйіті табылды.

ҚР ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы бөлімшелері мен Азаматтық қорғау полкінен 150-ден астам адам мен 19 бірлік техника, сондай-ақ ІІ басқармасынан 20 адам мен 4 бірлік техника, денсаулық сақтау басқармасынан 30 адам мен 10 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖ-ны жою штабын ҚР ТЖ министрі В.К. Божко басқаруда.

8 7212 788686 «қауырт желісі» ашық, ҚР ТЖМ психологтары жұмыс жүргізіп жатыр.

Көкпекті ауылында штаб жанында медициналық пункт орнатылды, оған 9 тұрғын жүгінді, соның 6-ауы «салқын тию» диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Қарағанды облысы ТЖД дағдарыс орталығының телефон нөмірлері: 8 7212 330435, 8 7212 330755.

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Ақпарат таратылып жатыр.Бұл дұрыс.Бұл-ашықтық.Алайда,шектен шықпау керек.Ақпаратты өз мүддесіне пайдаланып,оңды-сол талқылай бермей.Табиғи апаттың салдарын жоюды қолға алу керек.Дұрысы сол!

  2. Табиғаттың күшіне қарсы тұра алмайсың, иманды болсын!!!!!!!!!!!

  3. “От пен су – тілсіз жау” екенін тағы бір дәлелдепті ғой. Жұмыла көтеріп көмектесейік отандастар!

  4. Бұл жауапсыздықты қойсайшы, осыдан 3 жыл бұрын “Қызыл ағаш” ауылын қан жылатып кетіп еді осындай тоспа сулар тоғаны жарылып.

  5. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Алла сабыр берсін. Табиғат апатын болжап білу оңай ма?Дегенмен бір кісідей жұмылған екен Қарағанды билігі,рахмат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі