//

Құттықтаймыз, Ел-Ана, Ана жерім!

893 рет қаралды
5

Бәжікеқызы Жәжән

Туған жерім – Жер Ана, бас иетін,

Аман болсын – Ел Ана, қасиеттім!

Қабыл айла, бейіштен Апалардың

«Аман бол» деп жолдаған өсиетін!…

 

Қабыл алдым, Анашым, жолдауыңды,Изображение 117.1jpg

Әр күн сайын Сезінем қолдауыңды!

Ақ тілегің сияқты сенің мынау,

Құйып тұрған аспанның мол жауыны!

 

apa 11

Аман болсын, Ел-Ана, Туған жерім!

Белгілі ғой, ал онсыз менің кебім!

Мерекеңмен, Ана Рух, құттықтаймыз,

Жері аманның болмайды елінде мін!

 

Құттықтаймыз!!!

Бақытбек Бәмішұлы,

Алматы,

8- наурыз 2014 жыл.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Бізде қосыламыз, өлі разы болмай тірі байымайды деген, өте орынды құттықтау екен. Рахмет!

  2. Бурахан: Бұл апалар туралы жақсылығын айтайын десем,тілім күрмеліп көзіме мөлдіреп жас келе береді ,себебі әрқайсысының артында бір бір бала емес бір бір ауыл қалды. тірі жүргенде ауыздарынан бір нашар сөз шықпапды. неткен тектілік иә, шешем тұрғыластары еді қайран апа қайран заманай,,,

  3. Бір өлеңімде:

    Жамбыл жүрек жау тисе,
    жалын – намыс жанатын:
    Ерлер шепте,
    ШЕШЕЛЕР –
    Ел басқарып қалатын… деп жазғаным бар еді

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі