/

Жегенін желкесінен шығара ала ма?

716 рет қаралды
1

e arin. 1jpgҚаржы полициясының қызметкерлері Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынды қамауға алыпты.

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Бұған дейін Павлодар облысы әкімдігі лауазымды қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істен кейін 4 наурыз күні облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арын қамауға алынды. Ол аса ірі көлемде пара алды және Павлодар қаласын абаттандыруға демеушілік ретінде бөлінген қаражатты жымқырды деп айыпталуда”, – делінген аталған хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді. Оның қорытындысы қосымша хабарланады екен. Жегенін желкесінен шығара ала ма?

Ердің жасы елуден жаңа ғана асқан, қайрат-жігері қайтпаған, білім десе білімі бар, білік десе білігі бар, экономика ғылымдарының  докторы, профессор. Ұрпақ тәрбиелеп, ұл өсірген – ұстаз. Кеудесі толы жалтылдаған орден – «Құрмет», «Парасат»!!! Аттары қандай!  Жер жарады. Павлодар облысының,  Баянауыл ауданының құрметті азаматы. Осығұрлым атақ-даңқты үкімет не үшін берген. Халық қалаулыларым деп сайлаған маслихат мүшелері түгелдей керең, су қараңғы болғаны ма? Не қарап жүрген. Шошқа тағалап отыра ма? Әлде бұған дейін Арынов арлы, сүттен ақ, судан таза ма еді? Әлде бұған дейін үкімет ай қарап, жұлдыз санап отырған ба? Халық кешегі ай маңдай азаматым деп сенген адамының түрі мынау болса енді кіміне сенеді. Біздің билік басындағыларда сау сиырдың  б… бар ма, өзі? Беттеріне көн жапсырып алған, кесіп алса қан шықпайтын мешкейлердің мусыр-тобыры жиналған ба? Өңкей өңештен басқа ойлары жоқ тамақсауларға тапсырған тағдырымыз не болады? Мұндай жағдайда ертеңіңе деген сенім де қалмайды екен. Мешкейлер мен тамақсау, қомағайлар жетектеген көш оңа ма? Бұлай болғанда, мына түрімізбен «Мәңгілік Елді» орнатпақ түгіл мәңгіріп кетерміз. Ел сенетін есті қалмаған сияқты, енді кіміңе сенесің Қазақ?

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Финпол кезінде кімді қамамады, кімді қамамайды дейсің? Финпол ұстаса жазығы жоқ дей бер. Кешегі Жақияновты, Мырзахметовті, Елеукеновті, Жәкішевті қамаған осылар ғой. Бәрінің де қылмысы дәлелденген жоқ, заказбен кетті. Ал Темір жолдың бұрінғы бастығын пара алды деп ұстап, онысы өтірік болып шығып қара бет болды емес пе:

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі