//

Бүгін, 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні. Жарайсың, қарағандылық бауырлар!

700 рет қаралды

1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік ту және елтаңба ресми түрде бекітілді. Осы 4-маусым мемлекеттік рәміздер күні болып мерекеленіп келеді. 

tu 16Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:

  •         *Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы,
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.

 

Бүгін Мемлекетіміздің рәміздері күніне орай Қарағанды қаласында күндік жерден көрінетін биіктігі 91 метрлік Көк Туымыз Көк төрінде желбіреді. Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбішев мырза ұзынды 20, ені 10 метр алып Туымызды аспандата көтеру салтанатында «Бұл Ту еліміздің гүлденуінің асқа белгісіндей  аспанымызда алаулай желбіреп, қарағандықтарға жаңа жеңістер мен мол табыстар әкелсін» деген жүрек  жарды көңіл күйін ерекше толқынысты сезіммен жеткізді. Жарайсың, қарағандылық қандастар!

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі