НЕГЕ сүйетінімді СҰРАМА

1093 рет қаралды

Бойжеткен жігітінен: «Сен не себепті мені жақсы көресің?» деп сұрады. Жігіт: «Мен себебін айта алмаймын Әйтеуір сен маған ұнайсың» деді. Бойжеткен: «Егер мені не үшін жақсы көретіндігіңнің себебін айта алмасаң маған не үшін сені сүйемін деп айтасың?» деді. Жігіт болса: «Мен не себепті сені жақсы көретіндігімді айта алмаймын, бірақ сені жақсы көретіндігімді дәлелдей аламын» депті. Бойжеткен: «Дәлелдемей тұрып алдымен мені не үшін жақсы көретін себебіңді айт, менің құрбымның жігіті оны не үшін жақсы көретін себебін айтып беріпті, сенде солай айт!» деп жігітті қысады. Жігіт: « Жарайды, не үшін десең сен сұлусың, неге десең… сенің дауысың да әдемі, неге десең… сен қамқорсың, сен әр нәрсеге ақылмен қарайсың, сенің күлкің… барлық қимыл-қозғалысың бәрі түгелдей әдемі…» депті.

Жуап бойжеткеннің көңілінен шығады.
Өкініштісі көп уақыт өтпей-ақ бойжеткен аварияға түсіп, ес-түссіз жатыпты. Жігіт оның жанына бір хат қойып кетеді. Хатта: «Ғашығым, сенің дауысың әдемі болғандықтан мен сені сүюші едім, ал енді сен сөйлей алмайсың, сондықтан мен сені жақсы көре алмайды екенмін. Сенің қамқорлығың жақсы еді, енді ондай істей алмайтындықтан мен сені жақсы көре алмайды екенмін. Сенің күлкің, сенің барлық қимыл-қозғалысың, іс-әрекетің маған ұнаушы еді. Ал қазір сен күлімсірей де алмайсың, қозғала да алмайсың, сондықтан да мен сені жақсы көре алмайды екенмін… Егер сүю үшін себеп керек болса, онда мен енді сені сүйе алмайды екенмін » деп жазылған екен дейді.
Сүйіктілеріңнен «Мені не себепті сүйесің?» деп сұрамаңдар. Абай атамыз: «Ғашықтың тілі тілсіз тіл, көзбен көрде ішпен біл» депті…

Амантай Тойшыбайұлы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі