//

Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жолы – жаңғырған Жібек жолы

910 рет қаралды

иранИран – әлемдегі ең қуатты, экономикасы бай, әл-ауқаты күшті мемлекеттердің бірі. Ол Каспий теңізінің оң түстігінен Парсы шығанағына шығатын үлкен аумақты алып жатқан ел. Біздің ел бұрын Каспий теңіз арқылы ғана Иранға шығатын мүмкіндік бар еді. Енді Ұлы Жібек жолы жаңғырып Иранмен темір жол арқылы байланысатын, одан әрі Түркияға  қатынайтын төте жол ашылды.

3 желтоқсанда Түркіменстанның Акяйла және Иранның Инчебурн стансаларында Қазақстан, Түркіменстан және Иран мемлекет басшыларының қатысуымен үш елді байланыстыратын «Солтүстік – Оңтүстік» трансұлттық темір жолының салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Осынау айтулы оқиға өңірлік және халықаралық көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігі. алып Осылайша, жаңа көлік дәлізі ғасырлар бойы Еуразия халықтарын байланыстырып келген Ұлы Жібек жолын жаңғырту идеясын жүзеге асырды.

Осында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан – Түркіменстан – Иран темір жолын жаңа Жібек жолына теңеді. – Біз бүгін үш ел мен Қытай арқылы Тынық мұхитына дейін іс жүзінде жаңа Жібек жолын салдық,- деп мәлімдеді. Ол аталған темір жолдың іске қосылуы Қазақстан үшін үлкен маңызға ие екенін қадап айтты. «Біз көптен бері Иранға, одан әрі Парсы шығанағындағы елдерге шығатын жолды армандадық, күттік. Енді міне, сол арманымыз орындалды. Үш ел – Қазақстан, Түркіменстан және Иран 900 шақырымға созылатын темір жолды сала отырып, барлық ортаазиялық мемлекеттер мен Қазақстанға Иран арқылы Парсы шығанағындағы елдермен қарым-қатынас жасайтын жол аштық»,- деді Президент. Бұл Тәуелсіз Елдің жеңісі. Енді біз Иранмен темір жол арқылы қатынас жасайтын боламыз.

Мінбер-ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар