//

Ақордада Елбасы Н.Назарбаев мына мәселелер жөнінде былай деді:

667 рет қаралды
4

nan 15-1Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев мынадай мәселелер жөнінде былай деді:

  1. «Ұлттық банкке сенбейтіндей менде еш негіз жоқ. Мен өткен жолы да ескерткен болатынмын, қазіргі өткір кезеңде түрлі арандатулар, өсек-аяңдар, пәлеқорлықтың барлығы пайда әкелмейді. Біз оларды жауапкершілікке тартуымыз керек. Мен тағы да Қазақстан халқына жария етемін: біз ештеңені де жасырмаймыз. Қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және алда туындайтын мәселені ашық айтамыз».
  2. Бюджет қаржысы есебінен мерейтой жасаудан тыйылу керек. «Бізде мерейтой жалпыға ортақ сүйікті іс болып отыр. Мерейтой қайда болса, бәрі сонда. Жиындарға қатысу, банкеттерде отыру, осылай жалғаса береді. Әлемнің қай жерінде біз сияқты мерейтой өткізеді? Ұлы даталарды атап өтіп, баспасөзде, телеарналарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда айту керек. Ал дүркіретіп той ұйымдастыру, айдалада мыңдаған қазақ үй тігу мерейтой иесіне не берерін айтыңдаршы маған?» Сондай-ақ ҚР Президенті ұлы бабаларымыз жайында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен ақпарат таратуы керектігін ерекше баса айтты. «Мерейтойды туған-туысы, демеушілер өткізсін. Менің қарсылығым жоқ. Бірақ, тек мемлекеттің қаржысына емес» деді Мемлекет басшысы.
  3. “Мемлекеттік қызметті жеке бизнеске айналдырмау қажет. Бос орындарға туысқандарыңды, таныстарыңды тағайындауға болмайды. Өкінішке орай қазіргі уақытта 2 бірдей әкім, білікті маман тергелу үстінде. Ең қиыны мемлекеттік қызметкерді дайындап, біліктілігін шыңдап, жақсы бір орынға тағайындайды. Ал ол болса бәрін былықтырып жібереді. Құранда жазылған: “Сақтанғанды Аллах та сақтайды” деп. Ал біздің мемлекеттік қызметкерлер команда жинап, ақыры бандаға айналып кетеді.”
  4. “Отандық мектептердегі білім беру саласында “Балапан” бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім беретін мектептерде 12 жылдық жүйеге көшуді кезең-кезеңмен жүзеге асыруды жалғастыру қажет”

Дайындаған Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. “Ұлы даталарды атап өтіп, баспасөзде, телеарналарда, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда айту керек. Ал дүркіретіп той ұйымдастыру, айдалада мыңдаған қазақ үй тігу мерейтой иесіне не берерін айтыңдаршы маған?”
    өте дұрыс айтылды.

  2. Менің ойымша дағдарыс уақытында Назарбаев білікті басқарушы болуы тиіс, себебі ол алдын-ала дағдарысқа қарсы шешу жолдарын енгізді.

Джамуха жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,