//

«Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ»

1436 рет қаралды
3

 «Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ»,– Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Үндеуінен,  26 ақпан 2015 жыл

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан Халқына Үндеуінде туған жердің топырағының қасиетін, қадірін «Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ» деп бағалады. Бабаның қаны, ананың сүтімен қорғалған киелі мекеннің құдіретін, оның баға жетпес құнын бұдан артылтып қалай асырып айтуға болады. Сөз түсінетін адам сенің жерің, ауданың, аймағың, ауылыңның бір пұшпағы тұрмақ, бір тал шөбі, бір түйір тасы туралы сөз қозғалда, сөз болғанда «сенде бар екен, мен де жоқ екен, маған пайдасы зор екен, саған пайдасы жоқ екен, сен бере қой, мен ала қояйын, ақысыз алмаймын, айырбастай салайық дегенге қалай бас изеп, шұлғып отырады?!  Ондай басты сол жерде дереу…

Қазақ үшін жер мәселесі, жер тағдыры атамзаманнан аса көкейкесті мәселердің басы болған. Жер үшін қазақ «малым жанымның, жаным арымның садақасы» деген. Ар деп отырғаны – Жер. Баяғы заманда Мөде қағанның тұсында Қытайдың бір әміршісі Мөде қағаннан аса сұлу, аты шыққан, аңызға айналған арғымағын қалапты. Мөде қаған: «көршілер тату тұрғаны абзал, олардан арғымақты несін аяймыз»,– деп тұлпарын бергізген екен. Тағы бірде астамшыл әмірші Мөде қағанның аса сұлу, асқан ақылды, уыздай жас, көркіне қараған жанның көзі тоймайтын әйелін сұратыпты. Қаған ақылгөй даналарымен ақылдасыпты. Олар бермеуін тілейді. Қолбасшылары, сардарлары «басындырмайық, басқа шығып бітті, бір емес, екі емес, соғыс жариялайық, күлін көкке ұшырайық» дейді. Сонда Мөде қаған «тәйірі, бір шүйке бас үшін дүйім жұрттың тыныштығын бұзуға бола ма, беріңдер» депті. Қағанның сұлуын құшқанына масайраған қытай әміршісі дандайсып кетсе керек. Ғұндар «қорыққанынан сұрағанымды бере береді» деп ойлапты. Әмірші Мөдеден «енді ен даланың иен жатқан бір пұшпағын кесіп беруін» сұрапты, сонда Мөде қаған «бұл менің ата-бабамының қанымен қорғалған жер, оны саған бермек түгіл, бір тал шөбін сындыртып, бір тасын да таптатпаймын» деп соғыс ашып жеңіске жеткен екен екен!

Ал, бүгін мынау терістіктегі көршіміздің бір облысының (Омбы, Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров) әкімі (13.02.2015) аса көрегендік танытып, халқының қамын жеп, өз пайдасын ойлап», біздің терісігіміздегі Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен (Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов)  келіссөз жүргізіп біздің жеріміздің олардың «аумағына» «сына болып сұғынып» тұрған алақандай, бізге пайдасыз жерді беруін сұрапты. Ондай сұғынып, сына болып кірмек түгіл ел (қазақ) – жерімен Ресейдің құзырына өтіп кеткен атажұртымыз қаншама? Ойып-ойып алған аумақтары қаншама? Оны неге Ултарак 1көрмейді?! Анау Алтай тауының басынан, адам ізі түспеген, ұшқан құс жетпейтін шыңдардың арасынан қыстырылып отырып, қасақана кіріп алып бір бүтін қазақты ел-жерімен төртке бөліп тастап, ара-қатынассыз қалдырып отырғандығын көріп-білмей отыр ма? Сол жерден салып алайық дегенде жолатпай отырған жоқ па? Ал мынасы қай басынғандық! Жол деген таранзит емес пе? Ол қыруар ақша емес пе? «Ақысыз алмаймын, айырбастап аламын» депті дейді. Не деген ақыл деңізші?

Алақандай жер түгіл бір үп жусанын біреудің атбасындай алтынына айырбастай салатын Алаш баласы ақымақ емес қой. Ат басындай алтын көрсе Альяскасын бере салатын, періштесі жолдан таятын халық біз емеспіз. Тіпті біз алтынға зәру де ел емеспіз. Қазақтың жерін түртіп қалсаң алтын шығады, алтын түгіл «алтын адам» шығады. Сол сұрап отырған жерінің астында біздің қаншама Алтын Бастарымыз жатыр, соны Алаш баласы қорлатады деп ойлай ма?

Қазақ үшін, Елбасымыз айтқандай туған жерінің бір түйір тасы, бір ұрттам суы, бір жұтым ауасы, бір тал шөбі аса қымбат! Ресейдің бір губернаторы қалады екен деп бере салатын басы артық бос жатқан жер қазақта жоқ! Ондай шүлен қазақ тумаған, тумайды да! Солтүстік Қазақстан облысының әкімі сөй деп айтқан шығар! Аузын жапқан шығар!

«Біз өресі биік, рухы берік, отаншыл елміз. Біз үшін туған елдің бір уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусанынан жұпар иіс жоқ»,– деп Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВ айтқандай осындай қаситетті мекенді қайтып қиып береді деп ойлайды екен…?!

Бақытбек Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Елбасымыз қазақтың жерін ешкімге және ешқашан бермейді. Оның бар арман-мұраты сол жерді гүлдендіру, халқын байлыққа кенеу, болашақ ұрпаққа бақыт сыйлау.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі