/

Бүгін Рахат Әлиевтің өмірден озғаны жайлы ақпарат тарады

622 рет қаралды
3

image88659Бүгін Рахат Әлиевтің өмірден озғаны жайлы ақпарат тарады

 Facebook әлеуметтік желісінде Р.Әлиевтің ресми парақшасы ретінде ұсынылған бетте 23 ақпан, яғни кеше ғана оның әкесіне жазған хаты жарық көрді. 

Әке, сен қайтты деген хабар менің қабырғамды қайыстырды. Мұнда, Венаның тергеу изольяторына хабар кеш жетеді. Қазір сізге арнап бір ауыз сөз айту маған ауыр. Себебі, екеуіміздің арамызда көп нәрсе айтылмай, жасырын қалды.
Сен маған әрқашан үлгі болатын едің. Сенің ізіңді қуып, мен де сен секілді медицина саласында білім алдым. Дәрігер-хирург болдым. Әке, сен Қызылорданың құмды боранында, жоқшылықта, өмірдің тауқыметін тартып өстің. Бірақ, соған қарамай, медицинаның үлкен шыңына жеттің. Бұл, біріншіден, сенің қайтпас қажырлылығыңның арқасы еді. Сонан соң, ҚР медицинасын өз қолыңа алдың, басқардың. Маған бір жағынан қиын, екінші жағынан оңай болды. Сенің танымалдылығыңның арқасында мен де билікке келдім.

Сен “көмекке мұқтаж пациентке қолыңнан келгенше көмек беру менің парызым” деуші едің. Мұқтаждарға болысу, көмек беру сенің ел сүйген қасиеттеріңнің бірі еді. Біз отбасымызда, осы сенің кең жүрегің қаншаға жетер екен деп алаңдаушы едік. Бірақ, бұл сенің таңдауың екенін мен жақсы түсіндім. Сен медицинадағы Әлиевтердің династиясын құрдың. Сенің шәкірттерің Қазақстанның шар тарабында, олар енді өздері доктор, кандидат және мықты хирургтер тәрбиелеуде.
Мен ҰҚҚ басқаруға тағайындаған кезде сенің реакцияңды әлі ұмытқан жоқпын.
Сен: “Қолыңды былғама!” деп едің. Сондай-ақ, “ҰҚҚ, ҰҚҚ – бұл өте лас саясат”деуші едің. Сонда сен: “Сен еш нәрсені өзгерте алмайсың. ҰҚҚ- бұл мемлекеттік билікке параллелді-билік және ол әрқашан лас нәрселермен айналысады”деп едің.
Мен ҰҚҚ-да істегенімнің бір ғана қайыры болса, ол ҰҚҚ архивінен атам туралы деректерді тапқаным болды. Тіпті, архивтердің арасында атамның суреті де болған еді.
1985-1987 жж. Оның басына күн туған кезде оның жанында ешкім қалмаған еді. Сонда, Сен, Владимер Ни және Сыздық Әбішев қана болған едіңдер. Сонда сен өз еркіңмен министрлік орынды босатып, отставкаға кеттің. Сенің бұл орынды босатуыңның басты себебі, оны тығырықтан шығару еді. Саған билік, мәнсап ешқашан қызық емес еді. Сен “дәрігер ретінде мен халыққа керекпін” дедің.
Біздің отбасымызға көңіл айтқан хатында екі түрлі ой білдірген. Оған рахмет. Ең құрығанда менің балаларым, сенің немерелеріңе сенің жерлеу рәсіміңе қатысуға рұқсат берді.
Ол бұл дүниеде ешкімнің мәңгі емес екенін түсінсе керек.
Маған (сенің жалғыз ұлыңа) қазір өте қиын. Сенің алдыңдағы перезенттік парызымды өтей алмағаныма қиналам. Бірақ, бұл уақыт келетініне мен сенем.
Рахат Мұхтарұлы Әлиев
P.S.  Мен барлық туған-туыс, дос, бауырлар мен жақындарыма рахмет айтам. Сонымен қатар, әкемнің жерлеу рәсіміне қатысқан барлық таныстары мен шәкірттеріне ризашылығымды білдіргім келеді. Әкем туралы естеліктер сіздердің көңілдеріңізден суымайынша, әкем мәңгі жасайтын болады.

 

Дерек көзі: “Қамшы”

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Ғұмыр деген опасыз ғой. Кезінде Елбасының оң қолы болған сенімді қолшоқпары, шексіз байлыққа иелік еткен Алиевтың жеткен жері- жалғыздық, дәрменсіздік. Өмірдің мәні таусылғандықтан өзіне қол жұмсағаны өзіндік тәкаппарлығы деп ойлаймын. Атамекеніндегі дұшпандар қолына түскенше, жат елде итше өлген артық дегеннен шыққан әрекет екеніне дөп басып айту қиын, бірақ кім біледі?

  2. Адам өмірден кетті… Өкінішті.
    Оқиғаға байланысты екі нұсқа келтіруге болады:
    1. Барлық БАҚ өкілдері шулап жатқан суицид мәселесі
    2. Жанындағы “достарының” көрсеткен бопсалауы.

    Не де болса, анық-қанығын білмейінше, асығыс шешім шығармайық, ағайын!

  3. Иманды болсын, отбасына қиын шығар. Не болғанда да адамның өмірі бұлай үзілуі дұрыс емес. Жаны тыныштық табуына тілектеспін

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі