////

Талдықорғанда «Ақпараттық қауіпсіздік және жаңа медиа толқыны» атты семинар-тренинг өтті

995 рет қаралды

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Талдықорған қаласында  «Ақпараттық қауіпсіздік және жаңа медиа толқыны» атты семинар-тренинг өтті.  Шараның негізгі мақсаты – қазақтілді ақпарат кеңістігінде жаңа медиа технологияларын дамыту, бүгінгідей интернет қарқынды дамып отырған заманда оны қауіпсіз пайдаланудың ережелері қандай, өзіңді-өзің қауіпсіздендіру шараларын қалай білуге болады деген секілді сауалдарға жауап беру болды.  Талдықорған қаласындағы Медиа орталықта өткен семинарға отызға жуық адам қатысып білгендерін пысықтап, білмегендерін үйреніп қайтты. Қатысушылар арасында ЖМУ-дың журналистика кафедрасының студенттері, Талдықорған қалалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Жас отан» белсенділері болды.

P1230623


P1230617

_1230286

Рас, бүгіндей интернеттік желіні тиімді пайдаланудың жастарға берері мол.  Әсіресе, интернетті қауіпсіз пайдаланудың оны ешқандай заңдық сауатсыз пайдаланушы жастар үшін аса маңызды ақпараттардың болғаны айқын.   «Ақпараттық қауіпсіздік және жаңа медиа толқыны» атты семинар-тренингі, әсіресе, ЖМУ-дің студенттері үшін өте тамаша бастама болды. Болашақ журналистер интернет журналистика мен  ақпараттық жаңа медиа ұғымдары жайлы қазақ тілінде тың, толыққанды дүниелерді тыңдап, көріп таныса алды.  Болашақта осындай тренингтер жиі болып, дәстүрге айналса аймақтық журналистер үшін нұр үстіне нұр болар еді», – деді аталған шара жайында  семинарға студенттерді бастап келген ЖМУ-дың филология және журналистика кафедрасының магистр оқытушысы Айбек Тұрғанбекұлы.  Жастар бұл күні көкейде жүрген көп  сауалының жауабын ала алды және осы семинарды өткізуге ат салысқан Алматы облыстық жастар саясатына алғыстарын айтып өтті.

_1230349

_1230410_1230318_1230340_1230265_1230311_1230277_1230279_1230271_1230269Семинар-тренингті осы тақырыптардың  майын ішіп, жілігін шаққан мамандар, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының тренерлері және Сулеймен Демирель атындағы университеттің “Журналистика” кафедрасының оқытушылары Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбай жүргізді.

Аида Қожмамбетова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі