/

Айтыскер ақын Оразалы

1701 рет қаралды
1

OrazalyМарқұм Оразалы жақын араласпасам да, сыртынан сүйсініп жақсы көріп жүретін жайсаң ер, тума талант еді. Тәуелсіздік кезеңінің айтыс тарихындағы трагедиясы зор бір тағдыр бұйырыпты. Сүйінбай мен Жамбылдың төкпе жырын 20-ғасырдың соңында қайта жаңғыртып, мүлдем жаңа мазмұнмен түрлендіріп, суырып салмашылық өнерімен қалың көрерменді тәнті етіп еді. Елдің көңіліндегі шерді қозғап, көкейіндегі сөзді айта білуші еді. Нұры пейіште шалқығай! Нурлан Сонгибайулы сияқты әріптесім еске алу шарасын ұйымдастырып жатыр екен. Сауаптан жазғай!

Ғалым Боқаш

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Бұл айтыс бұрынғы айтыстан өзгерек
    Айтыс қайтыс болды деушіле бар еді, егер айтыс шынымен қайтыс болған болса 30 мамырда айтыс өмірге қайта келді. Обылстарда өткен айтыстарды білмейм, Алматыда айтыс өтсе арты дау болып айғайға ұласушы еді. Оразалы марқом жаралмаған ақеділ жан едіғой, мүмкін марқомның рухы да осыны қалаған болар. Ақын Оразалы Досбосыновтың өмірге келгеніне орай өткізілген “Құлмамбеттің құлыны” атты айтыс ел көңілінен шыққан айтыс болды. Бұл айтысқа қатысқан ақындар да, тыңдарман халықта өте разы болып қайтты. Айтыс боласа қатысып, айтысқан сайын жүлдеден қалмайтын кей ақындар келмей, көптен бері халық көзінен алыста жүрген ақындар қатысып, жүлделі орындаға ие болып жатты. Ринат пен Бауыражан 1,2- жүлделерді алса, Орынында бар оңалар деп Ораздың көзіндей болған Болатбек бас жүлдені алды. Өзгелер шоу айтыс жасаймыз деп масқара айтыс жасайтын, ал мұнда әншілерсіз- ақ шоу айтыста болыд. Бақыт Жағыпардың қарсыласы қырғыз ақыны Злмирбек Иманалиев келмей қалып Жүрсін Ерман көрермендерден айтысатын ақын шақырып белгілі ақын Талант Арғынғали залдан сурылып шығып нағыз шоу айтыс жасап жіберді. Ақындар саяси, қоғамдық мәселерді жақсы көтере білумен бірге ұлттық рухты көтер өлеңдерде арнады, жарасаымды қалжыңдар да, аға бауырлық тілектерде айтылды. Бұрынғы айтыстарда қазылар жүректі ауыртып қайтарушы еді, бұл жолғы қазырлар мен халықтың бағасы тең шықты.
    Айтысыты ұйымдасырушы жігіттерге көп рақмет! Оразалы марқомның жаны жәннаттың төрінде болсын! Артта қалған ұрпақтарына Алла амандық берсін. ФБ-дан

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар