//

Медиа-тренерлерге арналған тренингке қатысуға шақырамыз

1630 рет қаралды

_1230279
ТОТ – тренерлерге арналған қазақ тіліндегі тренинг – Internews АҚШ халықаралық серіктестік жөніндегі агенттігі (USAID) қолдауымен,«Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау» бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын жоба.

Шараны ұйымдастырушылар: Internews Network Қазақстандағы өкілдігі және «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қоғамдық қоры.

Серіктестер: ЮНЕСКО, Интерньюс Қазақстан.

Мақсаты: тренерлерді журналистерге арнап семинарлар өткізуге үйрету және машықтандыру. Тренинг бағдарламасы қажетті теориялық және практикалық материалды тұтас қамтиды. Нәтижесінде қатысушылар тек журналистерге арнап тренинг өткізудің негізгі әдістерімен танысып қана қоймайды, негізгі журналистикалық білімдер бойынша тренингтер өткізу дағдыларын да меңгереді.

Тренингке қатысу үшін өтінім үлгісін толтырып, 2015 жылғы 24 мамырдан кешіктірмей oossadchuk@internews.org адресіне жолдау керек.

Internews Network қабылданбаған өтінімдер бойынша түсініктеме бермейді.

Қосымша ақпарат алу үшін Медиа бағдарламалары үйлестірушісі Оксана Осадчукке – oossadchuk@internews.org адресіне немесе +7 (727) 270 41 30 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Заңгер Гүлмира Біржанова: Мемлекет БАҚ-ты қарсылас емес, серіктес әрі қоғаммен байланыстырушы құрал ретінде қабылдауы керек

сурет ашық дереккөзден алынды “Медиа қолдау” ұйымының жетекшісі, журналистер құқығын қорғаушы заңгер Гүлмира Біржанованың айтуынша, Қазақстандағы