//

Амангелді Айталы: “Дежуршал” дегендер…

512 рет қаралды

Заман өзгерді, жас толқын өсіп келе жатыр, олар «дежуршал» болмайды, aytaliбасшыларды мақтайтын топқа айнал­майды. Кейін де жастармен жиі кезде­семін, еркін ойлай­тындар, сөйлейтіндер бар, тек тоталитар­лық жүйеде тәрбие­ленген біздер басып тастамасақ, жас зиялылар өсіп келеді.

…Өз бағын, тағын ойлайтындар, өмір бойы жоғарыдағы бастығына жағына­тындар мен табынатындарға ұлт тағдыры – қашықтау. Мысалы, өткен жылы ғана әйелдердің зейнетке шығу жасын 63-ке дейін ұзарту туралы заң жобасын депутаттар, әсіресе, Мәжіліс депутаттары үндемей қолдады. Үкіметтің әу бастан өз қолымен жасаған жобаға қарсы бола алмайтыны белгілі. Мемлекет шенеу­ніктері бір-бірімен жарысып жобаны мақтады. Ал Президент қарсылығынан кейін депутаттар тағы да жабыла қарсылықты қолдады. Бұған Үкімет те «дұрыс екен» деді. Осылай Парламенттің де, Үкіметтің де ел алдында беделі түсті. Саясатта хамелеондар бар екендігіне халықтың тағы да көзі жетті. Ұлтымыз­дың аналарының тағдырына байланысты осындай екіжүзділік, екі ұстаным орын алды. Бұған қоса тағы бір айтарым, біздегі шенеунік он жылдап, тіпті, өмір бойы мемлекеттік қызметте болады да, мамандығынан қол үзіп, оған қайта оралуға мүмкіндігі болмай қалады. Мұғалім болса – мектепке, инженер болса – зауытқа, құрылысқа, ауылшаруа­шылық маманы болса, ауылға баруға қорқады. Сондықтан, ол діні, ділі үшін емес, күні үшін мемлекеттік қызметтен айрылмайды. Өйткені, айрылса, жұмыс­сыз қалады. Ол еліне, халқына емес, басшысына қызмет етуге, соның ойынан шығуға тырысады. Бұл – шенеу­ніктердің басым көпшілігінің, бұрынғы шенеунік, бүгінгі депутаттардың тағдыры.

(«Егемен Қазақстан», 10.07.2015)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі