//

Құл қашан да құлмын дейді

1759 рет қаралды
1

Баяғыда ұлы Мұқаң, Мұхтар Әуезов Үндістанға сапарынан кейін, 50 жыл азаттықта болған елдің, Британ отарынан қалған құлдық санадан әлі арыла алмай отырғанын сөз етіп келіп еді. Бұның сыры – елдегі құлдық психологиямен күресудің әлсіздігі, отарсыздандыру идеясының жүргізілмегендігі деп түйіндейді ұлы Мұқаң өз ойын.

Ал, Қазақстанда ше? Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Ресей отарынан қалған ақтаңдақтарды аршу үшін қандай идеологиялық күш жұмсалды? Неге біздің халық әлі күнге дейін өзін Ресейдің бір бөлшегі секілді сезінеді? Неге жоғарғы билік өзін 250 жылдай уақыт билеген отар елдің тілінде сөйлеуге құмар? Неге зиялыларымыз абсолютті тәуелсіздіктен ат-тонын ала қашып, елдің тәуелді болуын үгіттейді?

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Патшалық Ресейдің де, Кеңестер билеген Ресейдің де қара тырнағы өзге одақтас елдерден гөрі қазақтарға көбірек батқан. Он жыл бойы аттан түспей, Қазақ Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Хан Кененің ұлт-азаттық көтерілісін басу үшін, жазалаушы отряд жіберіп, қара қазақты қынадай қырған кімдер? Қара шекпенділерін жіберіп қазақ даласын талан-таражға салған кімдер? Қара халықты тентіретіп, жерін тартып алып, босқынға айналдырған кімдер? 1916 жылғы Патша Жарлығына мойысұнбаған қазақты қырып-жоюға пәрмен беріп, жазалаушы отрядын жіберген кім? Әрине Патша Үкіметі. Патша құлағаннан кейін, оның орнына келген большевиктер мен коммунистердің салған лаңы одан үш-төрт есе асып түспесе, кем болған жоқ. Қазақтың тең жарымынан астамын қырып тастаған нәубет – аштық осы жылдары қолдан ұйымдастырылды. Елдің бас көтерер зиялысы мен зиындысын атты-асты, түрмеге жапты. Одан кейінгі қалғанын соғыс жалмады, 1949-1954 жылдары репрессияның жаңа толқыны жүзеге асты. Осы жылдар аралығында Қазақ халқының 70 пайыздайы шейіт кетті. ХХ ғасырдың басында бар-жоғы 2-3 миллионның айналасындағы өзбек бүгінде 30 миллионнан асса, алты миллионнан асқан қазақ өз мемлекетінде әлі 15 миллионға жете алмай отыр. Ата-бабасына осыншама кектеніп, халқын қынадай қырған Ресейлік зұлым саясаттың салқыны екенін иә сезінбейміз, иә сезінсек те, санамызға сіңген құлдық қасиетпен әлі күнге қожайынымыздың табанын сүюге бармыз.

hБұған дәлел, Шәміл Әбілтаев пен оның жары Өрікгүл Әділбекованың «Владимир Путин» атты жаңа туындысы. Оны әжептәуір атағы бар әнші Талғат Күзембаевтың орындауы.

Ол өлең жолдарында:

«Беу, Мәскеу, Мәскеу қаласы, Айдай туған данасы,

Елі үшін ерлеген,

Ол – Владимир баласы», деген жарамсақтану бар.

Өзге өзге сол әнге біздің билік өкілдерінің қол соғып, қуана қабыл алуынан нені түюге болады? Билікте мемлекетшіл тұлғаның болмағаны ма? Өзіңнің емес, жаттың көсемін мадақтап, оның агрессияшыл саясатын қолдап-қошаметтеу – біздің адамдардың санасының тым құлдырап кеткенін көрсетсе керек. Бұлай деуімізге негіз де жоқ емес. “Азаттық” радиосы сайтының жазуы бойынша:

“Биыл шілденің 21-інде «Айқын» газетінің сайтында «Елбасыға да, елге де ұнаған туынды» деген айдармен жарияланған «Шәміл Әбілтайдың жаңа үнтаспасы жарық көрді» дейтін мақалада Қазақстан президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековтің Шәміл Әбілтай отбасына жазған алғыс хаты баяндалған. Онда: «Президент әкімшілігінің жауапты қызметкері Өтеген Оралбаев арқылы беріп жіберген өз орындауыңыздағы әндеріңіз бен күйлеріңіз жазылған компакт-дискілеріңізді алдық. Соларды мемлекет басшысына ұсынар кезде президентке өзіңіздің жеке жолдаған хатыңыз бен дискілеріңіз де келіп жетті»

Жалпы, қазақ тарихында бай мен бекті, патша мен төрені мадақтаған әндер сирек кездеседі. Сарай ақындары делінген ХVІІІ ғасырдағы жырауларымыздың өзі төрелердің де, ханның да мінін бетіне айтқан. Ал қазақты құл еткен Мекалай патшаға жағынған ешкімді көрген жоқ едік. Шыққыр көзіміз оны да көрді.

Өзгесін былай қойғанда, бүкіл әлем лағынет айтып, Ресей халқының өзі демін ішіне тартып отырған Украина жағдайында, оны басып кіріп, тұтас елді бөлшектеп алған Путинге мадақ айту – қалай айтсақ та, саналы адамның, елшіл, патриот адамның кейпін танытпаса керек. Путиннің бұл ісін өзгені былай қойғанда, өз зиялы қауымы, актерлары мен әншілері де құптамай отыр. Путинді құптамағаны үшін жазаға тартылып, ел алдында шығып өнер көрсету құқығынан айрылып, жеп отырған нанынан қағылып қалса да, азаматтық позициясынан бас тартпай отырғандар жетерлік.

Мәселен, атақты София Ротару. Әншінің ұлты румын болса да, Украина азаматы екендігін ескеріп, өз елінің бүгінгідей саяси ахуалына қолдау білдіріп, Украинаның туын көтеріп шыққаны үшін, Ресейдегі концерттерінен қол үзіп қалды.

Сондай-ақ, ресейлік 130 өнер адамының қолы қойылған петиция Путинге жолданды. Онда олар Путиннің Украинаға қарсы жүргізіп отырған саясатын сынайды және Украинаның территориялық тұтастығын қолдайды. Олардың арасында, Лия Ахеджакова, Олег Басилашвили, Армен Джигарханян, Эльдар Рязанов, Юрий Шевчук, Борис Гребенщиков, Сергей Юрский, Андрей Макаревич, Валентин Гафт, Андрей Мягков, Михаил Жванецкий, Сергей Гармаш, Марк Захаров, Елена Яковлева, Галина Волчек, Андрей Кончаловский, Владимир Гостюхин, Федор Добронравов, Леонид Броневой, Александра Яковлева, Александр Балуев, Юрий Стоянов, Станислав Садальский, Александр Розенбаум, Даниил Гранин, Марат Башаров, Сергей Маковецкий, Дмитрий Харатьян, Михаил Кокшенов, Эммануил Виторган, Леонид Куравлев, Наталья Фатеева, Борис Акунин секілді атақты актерлар бар. Путиннің жандайшаптары Ресей халық әртісі, «За заслуги перед Отечеством» орденінің иегері Андрей Макаревичті Украинаны қолдағаны үшін халық әртісі атағынан және «За заслуги перед Отечеством» орденінен айыру туралы кампания ұйымдастырып әлеy7OaiYtahcEк. Тағы бір топ Андрей Макаревичті қолдап, Ресейдің жоғарғы инстанцияларына петиция жолдаған. Демек, Путиннің қазіргі жүргізіап отырған саясатын Ресейдің өз азаматтары да қолдамай отырғанда, біздердікіне не жорық. Патшаға жағынып, марапат дәметіп отыр ма? Қалай дегенмен де, бұл мәселенің Президент әкімшілігі тарапынан мадақталғаны үлкен ой салып отыр. Билік өзге елдің патшасына арнаған әнге неге сонша реакция танытып отыр екен?! Қызық ә! Әлде біздің Президент әкімшілігі де өзін Ресейдің бір бөлшегі сезіне ме екен?!

Қазақ ақпарат құралдары Ресейдің идеологиясымен жүре бастағалы аз уақыт болған жоқ. Путинге қатысты сыни материалдарды алып тастау, жарияламау туралы ауызша тапсырма берілгелі де біраз уақыт. Енді оған айтылған мадақты марапаттау – біздің құлдықтан әлі арыла алмай отырғандығымыздың белгісі емес пе екен?!

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,