///

“Зәбір көрсең Зуқаны ізде”

946 рет қаралды
5

Зәбір көрсең Зуқаны ізде

2016 жылы қазақ жерінің тұтастығы, халқының амандығы, аш-арықтың тоқтығы

үшін өле-өлгенше әділдік жолын ұстанып асқанменен алысып, жемқорменен жұлысып елге тиянақ қамқор болған, жарлығы пана болған айтулы Батыр, шешен би, Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл толады. Осы айтулы датаға орай Бақытбек Бәмішұлының “Еркіндіктің ақырғы нүктесі” атты су жаңа роман-өлеңінен осы үзіндіні тұңғыш рет жариялап отырмыз.

зуха батырТау арасы тынысты арасан, су,

қыналы тас қырмызы, қызыл күңгей.

Өзен бойы жынысты, қайысқан ну,

күрең төсте күбірі күргей-күргей.

Күргей-күргей ерікті еліктіріп,

кеш күбірге елеңдеп құлақ түрген.

Боз қайыңды ер исі желіктіріп,

сай ішінде сылқылдап бұлақ күлген.

(Суретте: Зуқа батыр Сәбитұлы)

Су сылдыры сиқырлы сыбыр ұрлап,

ағысының аршындар жиілігі.

Жұпарлы дем, жылы сөз, сұлу ырғақ,

жұлдыз жақын шүпірлеп жиыны ірі.

Балбыраған беймаза іңкәрлі ымырт,

ну қалғыған,

ұжымақ – сай қараңғы.

Судан басқа жанды да дүние жым-жырт,

ұйқы басқан тәтті ымырт айналаңды…

Бір сәуегей күрсінді сөйлей еппен,

от басынан мүжілген жауырынды ап:

– Тіл келеді, көресің гөй-гөйлеткен.

– И, тіліңе шоқ түскір, аузыңды жап…

«– Дөң астынан, о сұмдық»,

«– Сұрқай неткен?».

«– Ботадайын боздаған»… алқындырған.

Көкіректі көк сүңгі сұқтай тескен

естіледі жалпыға салқын бір ән.

Ит үргізіп, дүбірі түн түргізіп,

жақындады суық сөз «ой, бауырым!».

Шудабайдың шулатып, тік тұрғызып,

қотан толы ақтылы қойлы ауылын.

Ай тұнжырап, қабарып тәтті шақта,

сүттей жарық ілезде ылайланып.

Жазым болды аулақта жас құшақта,

жанған оттар жаңағы тіл байланып.

 «Бей уақта, япырмай, құлады екен,

О, құдай-ай,  қимасым, қай арысым?».

Би Шудабай шаншылды төсін тіктеп,

кірш еткізіп алтын сап таяқ ұшын.

Артқан сайын жақындап арттан тысыр,

дегбір кетті денеден төзім сынып.

– Бар, Нұртаза! – деді Би,– аттан түсір,

хабаршының алдынан өзің шығып.

Тынып жатқан далада желді есірткен,

қара судан қаймақ, май шығаратын.

«Бауырымдап», екпеттеп енді есіктен

шырамытты келген бұл Шұбар ақын.

Төр сырдақтың шетіне жете бере

шөке түсіп, бүрісіп, бір тізерлеп,

Бүктетіліп, иілген еңсе дене

керегені барады кейіс кернеп.

– Қай шаңырақ,– деді Би,– шағылғаны,

түңілігі ашылмай қараң қалып?!

«Сол құлақтың неше күн шақырғаны,

осы пәле екен-ау мазамды алып».

Көтер басты, ызғарға толып кеудем,

сүйегімнен өтті ғой суық сарын.

Қаралы сөз, қара түн торып келген

қайыстырды қара үйдің уықтарын.

– Ұрып толқын,– деді ақын,– басын жарға,

қара дауыл соғып тұр Белқұдықта…

– Не дейт, мынау?!…Патшағар… Батыр бар ма?!…

– Сонда-сонда сорлаған ел де, ұлық та…

– Көр иесін несіне көлеңкелеп,

әй, сен неге?– деді Би,– сырдақтайсың?

Орағытып, астарлап, мәймөңкелеп,

неге бәтір, соншама жұмбақтайсың?!

Оқ өтпейтін сүйектен сөз өтеді,

асыл сөзі ертең-ақ сынайды елі.

Артық туған Шұбар да өжет еді,

тік көтеріп кеудесін былай деді:

– Белқұдық бойы қурады-ай,

Қан толып Талды тулады-ай.

Жаным күйіп барады,

Айтуға дәтім шыдамай.

Апшысын жаудың қуырған,

Аярдың жанын суырған.

Ақпандағы бурадай.

Ай орнына ай болған,

Күн орнына күн болған,

Жарығың өшті шырадай.

Алып тұлға, бурылшың,

Алмас қылыш, ақ семсер,

Батырың өтті, Шудабай!

Қанға қызыл қанды сай,

Мәйітке толды Талдысай!

Аспаныңда ай күйіп,

Айдаһармен арбасқан,

Аюменен шайнасқан,

Қаныңмен біте қайнасқан,

Жай отындай жарқылдап,

Қолға түспес алтын сап,

Жарқылдаған алдаспан,

Батырың өтті, Шудабай!…

Шайнағанадай тістеніп у қорғасын

шайқалды шоң тұлғалы Шудабай би:

– Алла-алла, мына сөз шын болмасын!…,–

шыңылдады сынады-ау, шыдамай ми.

Бұл үзінді тұңғыш рет жарияланып отыр – автор

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. “Erdin atin el shigaradi
    Eldin atin er shigaradi” degen osi da! Batir ruhna bagishtalgan igilikti is eken “Ul tuganga kun tuadi”degen babalarinnin bairagin kotergen shigarman omirshen bolsin,Bahitbek bauirim iske sat! Olenderin ademi eken ohirmanin mol bolsin.

  2. Киыннан киыстырган тамаша олен кандай шебер жазылган десенши баксыны козбен коргендеи асер калдыдады екен

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі