//

Теңге, теңге, теңгелер…

3071 рет қаралды

tengeБүгін Ұлттық валютамыз – Теңге күні. 
Қазақстанның Ұлттық валютасы – Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы Жарлығымен айналысқа енгізілді. Ал теңгенің бүгінгі құны мен құндылығын бастан кешіп отырмыз. Іш бірде күйсе, бірде ашиды. Алайда, Тәубашыл қазақпыз. Тәуба дейміз. Қазақ елінің жеті қазынасының бірі – Ұлттық теңгемізді сүйеміз, құрметтейміз, бағасының арзандамағанын қалаймыз. Алтын арқалап, мұнайды суша сапырып, ағызып отырып ақшаның аяқ астынан құнсызданып кеткеніне қайран да қаламыз?! Елдің алыпқашпа сөзін тыңдасақ «бұл ортақ валюта-ақшаға» алып барудың жолы дейді. Құдай оның бетін ары қылсын. Баяғыда бір кемпір «теке болса да жеке болсын» деуші еді. Теңгеміз құнсызданса құнсыздансын, құтаятын күн де келер. «Ортақ өгізден оңаша бұзауым артық» деген ғой, ортақтықтың да ащы дәмін татып едік қой, өзгермейтін, қатып қалған дүние жоқ қой. Ашкөзденіп,  тойған сайын тоқтының еті топыраққа айналып, жыртықты жамап кимей, жаңаны жыртып киіп жаман ырым бастап едік, бірдің әлегі мыңды әкетеді дегендей, соның тілеуі ме деп те қоямыз. Олар да енді ойланар. Халқына, еліне, жұртына, ұлтына ант-су ішкен адал ұлдар, алпауыттарымыз да ойланар. Қайтқан малдың қайыры бар, кеткеніміз келер. Қазынамыз да толар. Құдай сол күнге аман-есен жеткізсін!

Сондай-ақ бүгін қаржыгерлердің төл мерекесі, ақшаның аңырап тұрған заманында замандастарымызды қалай құттықтауды да біле алмай отырмыз.

 Бәрінен де Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Қарамер

 

Бақытбек Бәмішұлы:

Дүниеге жарық өң берер,

Дүмпулі жер дөң келер.

Дүйім жұртты тиеп ап,

Дүние жалған дөңгелер.

Дүниеге тоймайтын,

Дүмбілез беті көн келер.

Дәмі-тұзы біткен күн,

Оны да ажал өңгерер.

…Теңге, теңге, теңгелер,

Теңгеге не тең келер.

Жөнсіз кеткен жемқорлар,

Күн болама жөнделер.

Құнсызданып барады,

Құл сызданып қарады,

Теңгеге кім дем берер?!

Дүние жалған дөңгелер.

Ерболат Баятұлы,

Бір мұхитта, бір кеме- желкендеміз,
Сенімменен қарайық ертеңге біз.
Он бесінші қараша құтты болсын,
Төрт аяқтан тік тұрсын төл теңгеміз!

Кете бермес замана таптап ұдай,
Үрейменен қара ма шаққа бұлай.
Жыртық үйдің қорғаны жалғыз Алла,
Зұлматынан пенденің сақта, Құдай!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі