//

Сіз не дейсіз, оқырман?

1154 рет қаралды
15

Президенттің жолдауын оқи қояйын деп http://www.akorda.kz/ru сайтын ашып қалсам, Елбасының әлем-жәлем жасыл шыршалар алдында, жастар ортасында тұрған айқара суретін көріп шалқамнан түсе жаздадым. Кеше ғана «Нұр Отан» партиясы «Тәуелсіздік күніне дейін, яғни 16 желтоқсанға дейін Жаңа жылды жарнамаламайық» деп жалпақ жұртқа жар салып жатқаны қайда, ауыз жаппай жатып мұнысы не? Тұңғыш президентімізді жасыл шыршалармен көмкеріп, суреттің төменгі жағына «Елбасы жаңа жылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты» деген жазбаларды оқығанда жағамды ұстадым. Әуелі бұған нанбадым. Жаңылыс шығар, ескірген бірдеме болар деп өзімді жұбатып алдым. Өйткені, бізге жаңа жылдан гөрі Ел Тәуелсіздігі қымбат қой! Сонда менің көкейіме бірінші рет келген ой: Бұл Ақ орда сайты «Нұр Отан» партиясының үндеуін құлаққа ілмей ме, әлде «Нұр Отанның» ұстанымына қарсы ма? Екінші келген ой: Бұл Ақ орда сайты «Нұр Отан» іс-әрекетін қолдамауы, Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатын қолдамау болмай ма? Үшінші сауал: «Нұр Отан» партиясының төрағасы Елбасы емес пе, олай болса «Нұр Отанның» аузынан шыққан сөз Елбасының сөзі емес пе? Әлде бұл сөз бен істің бір-бірімен қабыспай жататынының бір көрінісі ме?

Амал не менің бұл сауалдарым, қынжылыстарым құр далбаса екен, Ақ орда сайты қателеспепті де, адаспапты, аң-таң отырып, бажайлап қарасам Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылы 1 желтоқсан күні  жаңажылдық Басшыршаның шырағын Астанада жаққан  екен.

Сіз не дейсіз, оқырман?

Елбасының жолдауы мен қатар қойылған Ақ орда сайтындағы осы сурет мені ойландырып тастады.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

15 Comments

  1. Менімше онда тұрған ештенке жоқ деп ойлаймың біріншіден балаларға қуаныш.

    • мен де сізбен келісемін, мерекелік көңіл-күй сыйлап, балаларға қуаныш. Онда тұрған ештеңе жоқ.

  2. Қыс маусымы келгендіктен, қыстың басты символы тұрғызылды, балаларға түсіндіре алмайсын ғой, қазір әлемде дағдарыс деп

  3. Сіз не дейсіз, оқырман? Әйтеуір, қазаққа жақпайсын, түймедейден түйе шығармайық, халқым дегім келеді.

  4. Ия, соны зор әңгіме қылып, Сіз де автор қызық екенсіз, бірнәрсені көріп, бірнәрсе көрмей қалғанын жазып)))

  5. Шыныменде ешкімге жақпайсың бәрі орынды осылайша ең басты шыршаны жаққанына.

  6. Өкінішке орай біздің Қазақстанда осы статьянын авторы сияқты “мамандар” көп.

  7. Жақса жағыпты ты да, мұнда тұрғанның несі бар, немесе кризис деп түніліп жүру керек па.

  8. Ел басы өте дұрыс істеді деймін, балаларымыз қандай қатты қуанды Президент келгенінде.

  9. Мына пікір жазған адамдар бірінің аузына бірі түкіріп қойған сияқты. Мен жаңа жылды балалар мейрамы ретіне белгілеп өткізбейік деп отырғаным жоқ. жаңа жыл қарсаңында Елдік, жалпы халықтық мейрамымыз, азаттық күні тасада қалып қоймасын, сөз бен ісіміз бір жерден шықса, әуелі мәртебелі мейрамды тойлап сонан кейін де жаңа жылға жұмыла кіріссек уақыт жетер деген ниет еді. Сіздер де отангшыл азаматтар соны құптайды деп ойлаймын. Бізге Тәуелсіздік бәрінен қымбат.

  10. Бүгін осы ФБ-да “Ел кімге қарап қимылдайды?”-деген тақырыпта бір “қызық әңгіме” жүріп жатыр.Осыдыан біраз күн бұрын бір топ қазақ зиялылары тәуелсіздік күніне дейін алып-ұшып жаңа жылға дайындалмай-ақ қойяйықшы деген әңгіме көтерген.Орынды бастама.Оны “Нұр-отан” партиясы жанындағы “Мирас” клубы қолдады…. FB-ден алынды

  11. Шайтанға мінген Алдаркөсе не деуші еді? “Әләуләйім бітсе, қәләуләйім бар!” Тура сол

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар