//

Алматы қаласы әкімдігіне бейресми арыз

1159 рет қаралды

Алматы қаласының әкімі Б.Байбек мырзаның және Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Исахов мырзаның, Ішкі істер департаменті басшысы С.Күдебаев мырзаның назарына!

Алматыдағы “Алтын Орда” базарының азапты кептелісін бәріңіз жақсы білесіздер.
Негізі, ойлап қарасақ, 1 Алматы мен 2 Алматыны жалғайтын Сейфуллин, Бөкейханов, Сүйінбай көшелері ғана. Бұл үш көше сонау Кеңес кезінде, Алматы халқының саны небәрі 1 млн кезде салынған, содан бері қала территориясы 3 есе, қала халқының саны 2 есе өсті. Қалаға күніне кіріп-шығатын көлік санының неше есе артқанын бір Алла, сосын Сіздер жақсы білесіздер (мүмкін, он есе, мүмкін, жүз есе көбейген болар…)… Бірақ қаланың бір шетінен екінші шетіне жеткізетін жол саны көбейген жоқ. Жаңағы үш көшенің өзара қашықтығы біршама жер. Осы үшеудің біреуі кептелістен “парализовать” етіп қалса, бітті, басқаларына жету мұң. Жеткен күнде де, ол көшелер ашық болса деңіз… Бұл үш көшені өзара жалғайтын жолдар да жоқтың қасы. Өткенде сел болғанда Сейфуллин көшесінің қақ ортасында көлшік пайда болды да, халық не ары өте алмай, не бері өте алмай, көліктер кептелді де қалды. Бұл көшеде ондай жағдайлар жиі болып тұрады. Жол көлік оқиғасы болса да, бітті, сағаттап қозғала алмай тұрғаның…
Тура сол сияқты, қаланың батысындағы елдімекендерді қаламен жалғайтын тек жоғарғы Қаскелең тас жолы және Райымбек даңғылы. Екеуі де “паралич” көшелер. Қашан жүрсең де 2-3 сағатың көлікте шыжғырылумен өтеді… Жақында тығыз шаруамен Қаскелеңге баруға тура келді. “Алтын орданың” кептелісінен қашып, Рысқұлов арқылы, Ақын сара көшелері арқылы Алғабас, Көксай ауылдары арқылы сол кептелісті айналып өтіп, Райымбек даңғылына қайта түспек болдым. Ол жақта да сол кептеліс.
Бұл кептеліс болмас еді, егер “Түрік жолайрығында” (“Турецкий перекресток”) бағдаршам болғанда. Бүкіл кептелісті жасап тұрған осы жолайрық. Сол жерге бір бағдаршам орнату соншалықты қиын шаруа ма? Тым болмаса, бір “регулировщик” тұрса болмай ма? Әншейінде сол ауылдарда түнде жортып жүретін, қаға берістен шыға келіп тоқтататын, протокол жазғыш полицайларды күндіз ырымға таппайсың… Сол бұрышта тұрып, регулировать етіп, нанын адал тапса, халық алғыс айтар еді… Бағдаршам орнатуға ақша жоқ десеңіздер, жұмысқа жаңадан кірген жас полицайларды сол “Түрік жолайрығында” регулировщик етіп, тәжірибеден өткізіңіздерші, өтініш…
Қысқасы, 1 Алматы мен 2 Алматыны жалғайтын, Алматы мен Батыс елдімекендерді жалғайтын жолдарды көбейтер кез жетті. “Әзірге Шығыс бағытқа жүрер жолдарда (Талғар трассасы мен Құлжа трассасында) мұндай мәселе жоқ сияқты…” деп ойласам, ол жолдар да мәз емес екен…
“Жолдар… жолдар… келем жолда сапар кешіп,
Халықпенен кептелісте бірге көшіп…” деееп әр кептелісте әндетіп отырғаның… өшіңді кімнен аларыңды білмей.

Сәуле Әбділдаханқызы,

фейсбуктегі парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар