//

Қазақтілді сайттар байқауы басталды

709 рет қаралды

Астанада Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстан халықтарының тілдері күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ тілді үздік интернет-сайт байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады. Байқау өткізудегі серіктес – Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақ тілді ресурстарды анықтау мен насихаттауға, ақпараттық ресурстар мен сервистердің саны мен сапасын арттыруға, желі қолданушыларының қызығушылығын ұлғайтуға, ақпарат кеңістігінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және үздіктердің танымалдылығын көтеруге ықпал ету.

Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар, ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылға толған, қазақ тілінде ақ­парат тарататын, қызмет түрі Қазақстан Респуб­ликасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады. Байқауға тек мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Сыйлық мынадай номинациялар бойынша тағайындалады: «Өткір тіл» – қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт, «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт, «Терең ізденіс» – қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт, «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт, «Спорт тынысы» – саламатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт, «Білім бұлағы» – білім беретін үздік сайт, «Жастар әлемі» – жастар тақырыбына арналған үздік сайт.

Әрбір номинация бойынша жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Байқау қорытындысы осы жылғы қазан айының соңында шығады.

Байқау жеңімпаздарын белгілі қоғам қайраткерлері, қаламгер-журналистер мен байқау құрылтайшыларынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қыз­­­мет бағыты, интерактивтілігі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талап­тар бойынша саралап, жеңімпаздарды анықтайды.

Байқау ережесімен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының сайттарынан танысуға болады.

«Мінбер-ақпарат»

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі