//

Мәдениет және спорт министріне шабуыл көбейді. Неге?

1027 рет қаралды

Қырғыздан кешірім сұратқан қандай күш?

282356Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы министр орынтағына отырғаннан бері басы  жиі дауға қалуда. Әуелі ол елдің «Рәміздер туралы» заңын құрметтемей, Илья Ильинге телефон ала жүгіргені үшін біршама әңгіме арқауына айналған болатын. Одан көп ұзамады, министр қол қойған қазақ тіліндегі бір беттік бір құжатта 50 қате кетті, өз ісіне сонша салғырт қараған министрді әлеуметтік желі пайдаланушылары алты қырдан асырып тастаған еді, министр онымен қоймады шенеунік басымен көрші Қырғыздың Мәскеудегі гастарбайтерлерінің намысына тиіп, олардың табан ет, маңдай терімен тауып жүрген адал асы үшін намыстанатынын айтып қырғыз ағайындарды ренжіткені бар. Арыстанбек Мұхамедиұлы Мәскеу дәретханаларын жуып жүрген қырғыздың бойжеткендері туралы: «Жасыратыны жоқ, Мәскеуге немесе өзге қалаларға ұшып келсең қоғамдық дәретханаларды жап-жас қырғыздың қыздары жуып жүреді. Бұл әрине, көңілге ауыр тиетіні сөзсіз. Нағыз жастық шағында неліктен олар дәретхана жуып жүр деп ойлайсың? Елінде жұмыс немесе болашақ болмаса әрине, қырғыздар өзге қалаларға барып күнелтуге мәжбүр. Осыны ертеректе біліп ескерткен Шыңғыс Айтматов — ұлы жазушы», – дегені тағы бар. Алдымен айтып алып, сосын тез қайтатын министр бұл әбестігі үшін де қырғыз халқынан ресми түрде кешірім сұрауға мәжбүр болды. Өйткені, тапқанын адалынан жеп жүрген олар министрге келістіріп тұрып жауап берді, әрі «жемқор министр болғаннан, туалет жусаң да наныңды адал тапқанға не жетсін!» деп интернетті шулатты. Онысы аздай Қырғыз билігі министрдің бұл әңгімесі үшін ресми қарсылық нотасын да жолдаған еді.

294211

Қызды-қыздымен үштілді білім беруді де “тоқтатып” тастап еді

Министрдің өз сөзіне салдыр-салақ қарайтындығы сондай, үштілді білім беру жүйесіне Елбасы нүкте қойды деп те ақпарат құралдарына мәлімдеме жасап үлгерген еді. Ол мәлімдемесін сөзбе-сөз қайталайтын болсақ: “Бір жиналыс болды, шыны керек. Міне, Мырзатай (Жолдасбеков – авт.) ағамыз отырды, Нұрлан Оразалин отырды. Менің коллегам (білім және ғылым министрі – авт.) отырды. (Ағалалар – авт.) жалынып тұрып айтты, осы үш тілдікті асықпайықшы деп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін әзірше қоспайықшы, тұра тұрайық деп. Алдымен филологияны реттеп алайық. Әдебиетті…Бір сағат екеуі екі жақтан жалынды. Жоқ, қоймай, ендігі аптада заң қабылдаймын, сүйтем-бүйтем деді. Қазір енді көріп тұрсыздар, Елбасы үш тілдікті де тоқтатты, 12 жылдық бар, жаздық каникул бар. Әрине, ойы дұрыс. Бірақ соны ақылдаспай шешемін дегені кері әсерін тигізіп жатыр”, – деген болатын А.Мұхамедиұлы. Бірақ, осы мәлімдемесінен көп өтпей-ақ, ел алдында есеп беру жиынын өткізген ол, өзінен қателік кеткендігін айта отырып, сол жиналыста Білім және ғылым министрінің болмағандығын  айтып ақталуға мәжбүр болған. Бұл туралы www.baq.kz сайтында министрдің сөзі былай өрнектеледі:  “Ол…Біз…әдебиетте…кездесуіміз болды. Енді, шын айтқанда, ол үлкен кездесу болды. Бұл жерде, былайша айтқанда, білім және ғылым министрлігінің…үлкен…несі..енді, бұл образдық болды. Депутаттармен отырғанда біз ойладық ол кісі (білім және ғылым министрі – авт.) де отырған деп. Былай келгенде…ол жерде білім және ғылым министрі жоқ болды. Енді, мен ол жерде, былайша айтқанда, қателік жібердім… Жоқ, оны неғып тұрғаным, бізде үлкен жиналыс болды. Бізге (білім және ғылым министрі – авт.) отыр деп айтты. Енді үлкен зал, қараған жоқпыз. Негізі, біздің академиктеріміздің сондай ұсыныстары болды. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиетті біріктірмейік деген…Нұрлан Оразалин, Мырзатай Жолдасбеков осы жерде… Сұрасаңыздар болады”, – деді Мұхамедиұлы. Осы  жиында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «Елбасы үш тілділікті тоқтатты» деген мәлімдемесінің де шындыққа жанасымды  емес екендігін жеткізген.

Министрді пара алды және қыздарды ашына болуға шақырды деген айыптар тағылуда

358003Кешеден бері қазнетті шулатқан тағы бір оқиға – Арыстанбек Мұхамедиұлының каръерасына нүкте қоюы да әбден мүмкін. Өйткені оған тағылған айып өте ауыр. Көпшілікке түсінікті болуы үшін оқиғаның неден өрбігенін таратып айтар болсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлына менмін дейтін зиялы қауымның біразы өкпелі көрінеді, оны әуелі жазушы Рахымжан Отарбаев 60 жылдық мерейтойында таңдамалыларын шығарып бермегені үшін айыптаса, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильмін қаржыландыруды тоқтатты деп кінәлайды. Сондай-ақ,  «Феникс» фильмінің  режиссері Талғат Жәнібеков аталған фильмді қаржыландырудың тоқтап тұрғанын және оның министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тікелей қатысы барын, министрліктегілер олардан «откат» сұрап отырғандығы жайында мәлімдеме жасайды. Талғат Жәнібековке қатысты министр ар-намыс, іскерлік-беделіне нұқсан келтірді деген айыппен сотқа шағымданады. Жеме-жемге келгенде, Талғат Жәнібеков бұл мәселеде министрді тікелей айыптамағандығын, жалпылама айтқандығын айтып ақталады да, нәтижесінде министр соттан шағымын қайтарып алады.

https://youtu.be/kMAr4cTyb1s

57fb2a3cace17000_33Дәл осындай дау төңірегінде министр Арыстанбек Мұхамәдиұлын оқуға түсерде пара сұрады, онымен қоймай ашына болуға үгіттеді деген айыппен Е. Сыдықова атты ару видео мәлімдеме жасады. «Феникс» фильмінің режиссері Тұңғышбай Жаманқұлов министрдің мұндай адами қасиеттен жұрдай әрекеттер жасауы әбден мүмкін әрі ол шығармашылық емтихан кезінде өзінің тізімімен қабылдайтын студенттерді ұсынғанын айтып, министрді пара алды деп айыптайтын сұхбат береді.
Министрдің бұл айыпқа да жауабы дайын екен. Ол бұл істі ұйымдастырушылар «Феникс» фильміне қатысты дауға қатысы бар адамдар деген ойда. Оның жауабын сөзбе-сөз жеткізсек:  «Феникс» фильмі төңірегінде дау болып жатыр. Ресейден компания аштық ақшаны сонда аударыңдар деді. Ол компанияның американдық киностудияның филиалы деп айтты. Тексергенде ол компанияның американдықтарға еш қатысы жоқтығы анықталды. Түсірген фильмнің де тизерін көрсеңіздер өздеріңіз де байқайсыздар, фильмнің сапасы сын көтермейді. Ана кино, мына кинодан қиып алып, қоса салған. Ал, фильмнің бюджеті қыруар қаржыны құрады. Бір тизері үшін 6 миллион теңге жұмсалды», – деген министр режиссер Талғат Жәнібековтің фильм үшін бөлінген 100 миллион теңгенің есебін де толық өткізбегенін айтады. Министрдің айтуынша, фильмнің тизеріне 6 миллион теңге, компьютерлік графикасына 14 миллион теңге жұмсалған. Кастинг ұйымдастыру шығыны 33 мың АҚШ долларын құраған. Картина басшылығы 30 миллион теңгені өздерінің еңбекақысы ретінде алған көрінеді. Миллиондаған теңге қаражат жалған құжаттармен қолды боп кеткен. Осы жайттарға байланысты министрлік қазір жобаның шығындарын, құжаттарын тексеріп жатқан көрінеді. Тексеріс нәтижесі бойынша, заңсыз құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылмақ екен. Мұхамедиұлының пайымдауынша, министрліктің осы ісі жандарына батқан режиссерлар осындай шабуылдарға барып жатқан көрінеді. Ал, қыздарға қатысты айыптаулардың таза жала екенін айтқан министр режиссерлер қоғамның назарын өздеріне аударып, сынайтын басқа ілік таппаған соң осындай әрекеттерге барып отыр деп санайды. «Ана бейнемәлімдеме жасаған қыз ондай әрекетке бармас үшін ойлануы керек еді. Бұл деген жала жабу ғой. Ешқандай дәлелсіз қалай ондай айып тағады?»,- деген.

Қалай дегенмен де, министр Арыстанбек Мұхамәдиұлы министр болғалы бері ақталумен келеді. Бұл жолғы даудың аяғы немен тынары бір Аллаға ғана аян.

“Мінбер”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі