//

Допинг қолданды делінген спортшылар сыйақыларын қайтармайды. Неге?

894 рет қаралды

Халықаралық олимпиадалық комитет ауыр атлетшілеріміздің допинг қолданғанын растағаннан кейін, еліміздегі Мәдениет және  спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Қазақстан заңнамасында допинг қолданған спортшыларға берілген барлық сый-сияпат пен қаражат кері қайтарылатындығы жөнінде мәселе қарастырылмағандықтан, олар қайтарылмайды деп мәлімдеді. Бұл сый-сияпатты қайтарып алу талап етілмейтіндігі туралы осыдан бұрын 2016  жылдың маусым айында Мәдениет және  спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да айтқан болатын.

1jpyukveau5png_1_12_

photo_73013

2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарында алтын жүлде иегерлеріне 250 мың, күміс жүлдегерлерге 150 мың және қола жүлдегерлерге 75 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат және пәтер, машина да берілген. Жалпы спортшыларға 1,5 млн
АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалған. Сондай-ақ, бапкерлерге берілген сыйақыны қосатын болсақ бұл сома 3 млн-ға көбейеді. Бюджеттен берілген қаражат қарапайым халық төлеген салық есебінен бөлініп берілді.  Бұл қаржы оларға не үшін бөлінді? Айдай әлемге атымызды әйгілеп, Қазақтың намысын көкке көтергені үшін. Бүгін сол айдай әлем алдында қайта масқарамыз шығып отыр. Әрине, қазақстандық спортшылардың, спорт комитетінің және өзге лауазымды тұлғалардың бұл әрекетке қатысты өз уәждері бар. Олар халықаралық олимпиада комитетінің бұл қадамын «саяси» деп бағалайды.

np02iuxz0w2ifzvye7uy7ajvv0z47h

1343797140_manezab

Себебі, «осыдан төрт жыл бұрынғы сынамадан шықпаған нәтиже, төрт жылдан кейін қалай шығып отыр» деген уәжді көлденең тартады. Тіпті Светлана Подопедова «медалін қайтармаймын» деп қиғылық та салып қойды. Алайда, «Медалін қайтармауға да құқы жоқ екен. Халықаралық олимпиада комитеті бермесіне қоймайды. Тартып алады» екен. Қалай дегенмен де, ел абыройын асқақтатқандары үшін берілген сыйақыларын елді жерге қаратқандары үшін кері қайтаруы тиіс деген ой қылаңдайды. Өйткені бұл қаржының барлығы ел бюджетінен бөлінді. Ол қара нан мен қара суға зар болып отырған қаншама қазақтың несібесі. Осы несібені елге қайтару керек пе? 
Осы ойдың жетегімен елімізге танымал бірнеше саясаткердің осыған орай пікірін білуді жөн көрдік.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы

%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%83%d0%bb

– Кезінде бүкіл ел болып мақтанған өзіміздің спортшыларымыз. Меніңше, біздің министрлік тарапынан осы допинг мәселесі тағы тексеріліп, шын мәнісінде, солай болды ма жоқ па анықталуы тиіс. Жалған ақпараттар өтіп кетпеуін қадағалау керек еді. Себебі кеше ғана болған емес, бірнеше жыл бұрын Халықаралық олимпиадалық комитет өздері спортшыларымызды чемпион ретінде мойындады. Дәл сол кездегі тәртіп пен заңдылықтар бойынша қазір табылып отырған препараттар Лондон олимпиадасы кезінде допинг болып есептелген жоқ тек витамин деп қана қарастырылды. Қазір кінә белгілі бір дәрежеде спортшыларда шығар, сондай-ақ кінә спорт және олимпиадалық комитеттерінен  де бар. Дер кезінде допингті аңғару керек еді.Сондықтантағылған айып толықтай дәлелденіп, допинг сынамасы жоғарғы деңгейде өткізілсе де берілген сыйақыны қайтарып алудың еш реті жоқ. Мемлекет те өз абыройын ойлауы керек. Ал егер халықтың бюджетінен алынып, оның жұмсалуы аса маңызды болса,  біздің күн сайын, жыл сайын миллиондаған доллар талан-таражға түсіп, қаншама ақша бос  керексіз дүниелерге жұмсалып жатыр. Жаны ашыған азаматтар істі содан бастасын. Бірақ, осыдан кейін допинг пен спортшыларымызды дайындау тұрғысынан сабақ шығарып, медальға мейілінше таза және әділ жолмен жетуді көбірек назарға аударған дұрыс. Ал, жалпы берілгендерді спортшылардан қайтарып алсақ бұл адами тұрғысынан дұрыс емес.

Мұхтар ТАЙЖАН, қоғам қайраткері, саясаттанушы

22taijan– Бұл сыйақыны және пәтер, машинаны спортшылар не үшін алды? Олимпиадада алтын жүлдегер болғандықтан алды.Егер сол жүлделерін жалған жолмен иемденген болса, онда ақша мен пәтерлерін бюджетке қайтарулары керек. Себебі өтірік жеңіс әділеттілікке саналмайды.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы

aidos-sarym– Профессионалды спортпен айналысып жүріп  допинг қолдану – өте нашар. Берілген сыйақыларды қайтарып алу қажет пе жоқ па, білмеймін. Бұл сұрақты спорт министрлігі мен спортшылардың өздеріңе қою керек. Меніңше, қандай жағдай болмасын бұл жақсы іс емес. Жауап беру өте қиын. Себебі ауыр атлетика адамдарды мүгедек ететін  ең ауыр спорт түрі. Штангисттерімізді толыққанды дені сау деп айта алмаймыз. Осындай сұрақтар туындаған кезде әр нәрсені айта беруге болады, бірақ бұл мүлде дұрыс емес.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 ж. XXXI жазғы Рио-де-Жанейродағы олимпиада қарсаныңда қазақстандық қатысушы спортшылар допинг-сынамадан өткен болатын. Алғашқы сынамада ауыр атлетшілеріміз Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедовалар 2012 ж. Лондон олимпиадасында стонозолол атты препарат қолданғаны  белгілі болды. Кезекті «В» пробасы да осы жылдың 27-қазанында жарияланды. Нәтижесінде спортшыларымыздың «А» сынамасындағы қорытындысы қайта расталды. Мұндай жағдайда жоғарыдағы спортшыларымыз алтын жүлделерін қайтарып, ол медальдар 2-орын алған спортшыларға берілуі тиіс.

Балжан Абылғазиева, СДУ-дің студенті

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі