//

Даудың басы 5 млрд теңге немесе БЖЗҚ ақшаны қайда жұмсады?

651 рет қаралды

403370Сіздің зейнетақы қорыңыздағы қаржыңыз сенімді қолда ма? 1997 жылы Чилидің тәжіибесін енгізіп, “қамсыз қарттығыңның қамы” деп болашаққа үміт арттырған зейнетақы жүйесі бүгінде неге көптің көңіліне күдік ұялата бастады? 2013 жылға дейін жекенің қолында болған зейнетақы қорларындағы қаржылар бір есепшотқа аударылып, «Бірыңғай зейнетақы қоры» құрылды.

Алайда бұл қордан да ши шықты. Жақында БЖЗҚ басшылары тұтқынға алынды. ҰҚК мәлімдемесі бойынша, БЖЗҚ төрағасы Руслан Ерденаев, тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахтов, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев және қорға құнды қағаздарын 5 млрд теңгеге сатпақ болған «Бузгул Аргум» компаниясының директоры Айдар Найзағарин Қылмыстық Кодекстің  189 бабының 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айыпталды.

Осы атышулы оқиғадан кейін, бірқатар депутат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын таратып, қайтадан бәсекеге қабілетті ортаға беру қажет деген бастама көтерді. Әзірге бұл бастама қолдау таппай тұр. Сонымен 500 миллиард теңгенің дауы қайдан шықты?

Зейнетақы қоры реформасы басталған кезде әрбір Қазақстан азаматының есепшотында зейнет жасына дейін бір миллион теңге жиналса,  бастапқы 15-20 жылын орташа ауқатпен өткізуге кепілдік береді» деген уәде берілген еді. Өкінішке қарай, теңгенің құнсыздануы салдарынан 1 миллион теңге, 15-20 жыл түгілі, 3 айлық нәпақа болмайын деп тұр.  Сарапшылар, зейнетақы қорларындағы қаржылардың көбеюі былай тұрсын, шып-шырғасын шығармай сақтаудың өзі мұң бола ма деп күдіктенеді.

arestovan-predsedatel-pravleniya-enpf-ruslan-erdenaev_1Ал бүгін Ұлттық банк 500 миллиард теңгенің қайда кеткенін таба алмай отыр.  Құнды қағаздардың сатып алынуын талап еткен Руслан Ерденаев, ал бұл құжаттарға қол қойып, 500 мың облигация сатқан Айдар Найзағарин. Дегенмен, 5 млрд теңгеге сатып алынған қағаздардың инвестициялық табысы жылына 19 пайызға тең екендігі күмәнді. ҰҚК- пікірінше, 5 млрд теңге «Бузгул Аргум» компаниясының өнідірісін арттыруға жұмсалмай, басшысы Бахытжан Кежебаевтың жеке қалтасына жымқырылған. Ал ендігі сауал  – 5 млрд теңгені БЖЗҚ қайдан алды?

Ұлттық Банк тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің төрағасы Александр Терентьевтің мәлімдемесі бойынша, БЖЗҚ тексерісіне Ұлттық Банк шағымы себепші болған. Ал Ұлттық Банк құнды қағаздары департаментінің басшысы Елена Никифорованың айтуынша, «5млрд теңге заңды тұлғаға тиесілі, ашып айтсақ, тұрғындардың емес, БЖЗҚ атқарған қызметінің арқасында пайда болған қаражат».

«Ұлттық Банк мұндай келісімдерді жүргізбейді, бұл БЖЗҚ-ның жүргізген келісімі. Бұл жағдайда сатушы мен сатып алушы да бар. Сатып алушы БЖЗҚ. Ол 5 млрд теңгеге облигация алып отыр. Ұлттық Банк тарапынан заң жүзінде расталған тексеріс жүргізіліп жатыр. Келісім өкілетті түрде БЖЗҚ мандаты аясында болған, ал акционерлер бақылау өткізуге құқылы және жыл сайын аудит жүргізіп отырады».

1433827183ilve3_1000x768
Руслан Ерденаев

Қарап отырсаңыз, кейбір қарама-қайшылықтарды да байқау қиын емес.  Мысалы, Ұлттық Банк төрағасы Данияр Акишев тіптен пікір білдірмеген. Сонда 5 млрд қайдан келді және қайда кетті, жауабын кім бермек? Бұл сұраққа аталған іске тікелей қатысы бар Қазақстан Қор биржасы да нақты жауап бермеді. Айыпталушылардың адвокаттары  Р.Ерденаевты 90 млн-ға бағаланған үйін кепілдікке қою арқылы босатылуын талап еткен болатын.

Бұл даулы оқиға әлі де шешімін тапқан жоқ. Дегенмен, халық өз қаражатының қайда және қалай жұмсалып отырғанын білуге құқылы. Бүгінде 6,5 триллионы бар Қазақстандықтар 41% активтерін «мемлекеттік емес акцияларға» жұмсап отыр. Бірақ бұдан халыққа не пайда? Осы  және тағы да басқа сұрақтардың жауаптарын келесі мақаларда қарастыратын боламыз.

Әйгерім Табылдиева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі