Almaty SuperSki жаңа курортының аумағында оқушыларға дене шынықтыру сабақтары өткізіледі

49 рет қаралды

Фото: t.me

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Almaty SuperSki ауқымды жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба жыл бойы жұмыс істейтін туристік дестинацияға айналып, тау демалысын барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімді етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Kazakh Tourism Development LTD компаниясының бас директоры Ержан Еркінбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Almaty SuperSki тау курортында барлығы 60 шақырым тау-шаңғы трассасын салу көзделген. Өткізу қабілеті – күніне 10 мыңнан астам шаңғышы. Курорттың барлық трассасының 70%-ы жасыл және көк категориялы, яғни балалар мен жаңадан бастаған шаңғышыларға өте ыңғайлы.

«Жобаның басты басымдықтарының бірі – балаларға жағдай жасау. Қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, болашақ курорт аумағында оқушыларға дене шынықтыру сабақтарын өткізу мәселесі пысықталуда. Мұндай тәжірибе туризмі дамыған Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Мысалы, Австрияда жыл сайын мектеп бағдарламалары шеңберінде 80 мыңнан астам бала шаңғы спортымен айналысады, Швейцарияда 128 мыңнан астам оқушы қысқы спорттық-сауықтыру бағдарламаларымен қамтылған. Франция мен Италияда мектеп оқушыларының тау шаңғысы курорттарына баруын қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылады», – деді Ержан Еркінбаев.
Нысанның инфрақұрылымы 11 заманауи әрі қолайлы аспалы жолдар салуды көздейді. Еңкейген қариядан, еңбектеген баланы жетектеген ана да, мүмкіндігі шектеулі жан да төменгі Медеудегі стансадан 3400 метрдегі Құмбел шыңына еш кедергісіз жете алады.
«Басты мақсат – тауды әр азаматқа қолжетімді қылу. Бұл аспалы жолдармен зейнеткерлер, балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар толығымен тегін жүретін болады», – деп атап өтті Kazakh Tourism Development LTD директоры.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар