//

Тарнланд Пер Горан, Швеция құрамасының жаттықтырушысы: Менің командамның кемшілігі шайбалы хоккейге тек хобби ретінде қарауы

622 рет қаралды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы екінші топтық кезеңде Швеция командасын 5:0 есебімен жеңді. Ойынның бірінші кезеңінің 2-ші минутында швед қақпасынан саңлау тапқан Кирил Савитский шайбаны қақпаға дәл кіргізіп, есепті ашты.

Ойынның 18-ші минутында Ярослав Евдекимовтің шабуылымен есеп еселеніп,  бірінші кезең 2:0 есебімен аяқталды. 35-ші минутта капитан Константин Савенков соққан шайба швед қақпасынан бір-ақ шықты.

Соңғы үшінші кезеңнің 10-шы минутында қазақстандық Антон Сағадиев көзге түссе, ойын аяқталуына 3 минут қалғанда Дмитрий Гренц 5-шайбаны Швеция қақпасына соға алды.  Осылайша 5:0 есебімен ойын қазақстандықтардың пайдасына шешілді.

Қазақстан мен Швеция ерлер құрамаларының арасында өткен ойын аяқталғаннан кейін, әдеттегідей баспасөз мәжілісі өтті. Мәжілісте Швеция құрамасының жаттықтырушысы Тарнланд Пер Горан: «Мен Қазақстан құрамасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Мықты қарсылас бола білген командаға ризамын. Олар шеберлік танытып, жақсы өнер көрсетті. Қазақстанның дәл осы командасы хоккейге зор ынтасымен қарайды. Ал менің командамның кемшілігі хоккейге  тек  хобби ретінде қарауы», – деді

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-4

28-Дүниежүзілік қысқы Универсиада аясында бұған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды Қытай хоккейшілеріне қарсы ойнап, 22:0 есебімен басым түскен болатын. Ал Шведтер чехтармен болған ойында 0:5 есебімен есе жібергені есімізде.

Енді Қазақстан командасы «Халық Арена»  мұз айдынында
3 ақпан күні сағат 19:30-да Чехияға қарсы соңғы топтық кезеңде ойын көрсетеді.

Күнту АРЫНБЕК, Универсиададан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі