//

Жаңа әліпби ұнамады

1180 рет қаралды
4

11 қыркүйекте Парламентте қазақ әліпбиінің латынша  нұсқасы талқыланды. Ұсынылған әліпбидің жетістіктерін Ербол Тілешов мырза шамасынша жеткізіп сөйледі. Алайда бұл әліпбидің көп қыры бізге ұнамағаны жайлы жазайын:

Қазақ тілінің ә, ө, ү, ң, ж, ш, ғ  дыбыстары қос әріппен берілуі барлық дыбыстың үштен бірі яғни таңба санын артырып, жазуды қиындатып, оқылуын күрделендіріп жібереді;

Бір ғана «ж» дыбысымен басталатын сөз қазақ тілінің сөздік қорының он пайызға жуығын иеленетінін,  ал оның қос әріппен берілуі қаншама шығын әкелетіні белгілі жай;

Қос әріптердің қосалқы сыңарына «Е» таңбасының алынуы тіпті де сәйкесімсіз, көзге оғашы былай тұрсын, «е» дыбысты сөздерді жазғанда ыңғайсыздық тудырады;  «oengmengdew, enengning, uenggir…»

Қос әріптің көптігі бұлар сөздің барлық буынында кездеседі, бұрын бір бетке сиятын мәтінді жаңа әліпби бойынша енді екі бетке әрең сидыратын болады екеміз;

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын жасауда шет тілінен енген дыбыстарды (ф, в, ц) сақтап қалуы да қазақ тілінің үндестік заңына қайшы, тіл бұзарлық дүние.

Әзірге айтарым осы!

Бақытбек Бәмішұлы

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Біздіңше, латынға көшу биліктің ұзақ жылдардан бері бас ауруы болып келе жатқан қазақ тілінің мәселесін біржола жабуға бағытталған әрекеті. Фейзбуктен.

  2. “Шымшық сойсада қасапшы сойсын” деген. Тіл білімі институты мен Ұлттық университеттердегі филолгтар қазіргі қарастырылған, ұсынылған кейбір латын әріптерінің таңбалануымен келіспейді. Бірақ олардың үнін жариялап жатқан жан жоқ. Бір әріпті жазу үшін екі дыбыс немесе екі әріппен әуре болудың қажеті қанша?! Ұялмаған бұйырмағанды алады деп тілге қатысы жоқ адамдар аяқ астынан филолог болып шыға келді де елдің алдында сайрады. Бірақ, мүйізі қарағайдай, фонетика, лингвистика секілді тіл білімінің өзгеде салаларын жетік меңгерген, осы салаға өмірін арнаған Ә.Қайдар, Р. Сыздықова, Ә.Жүнісбек,Нұргелді Уәли сынды ақсақал ғалымдарды тыңдау керек еді. Болмаса Фаузия Оразбаева, Жаңалық Балтабаева, Анар Фазылжанова сынды көптеген, том-том кітап жазған ғалымдар бар. Сөз мәдениеті, біріккен сөздер, жазу нормасы, стилистика, фразеология, тіл теориясы сынды өзгеде толып жатқан салалардың қағидасымен салыстыру керек еді. Енді міне орфография мен орфоэпияны ажыра алмай отырмыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі