//

Дуалы ауыздан шыққан сөз далаға кетпес: Тоқаев тоқ етерін айтқан екен

2003 рет қаралды
9

Елбасы қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы жарлыққа қол қойысымен өмірдің түрлі салаларында жарлықты жүзеге асыру науқаны қарқынды басталып кетті.  Осы науқаншылықта көзге түсіп көрініп, бәйгеден озып, бірінші болғысы келетіндері де «біреу қыз алып қашады, ал біреу соған еріп босқа қашады» дегендей жүйелі жүйесіз тырбаңдап жатқандар да кездеседі.

Тіпті жаңа әліпбидің емле-ережелері жасалып, бекітіліп, бір ізге түспей жатып, етектей газет шығарып, қалың кітап басып қойғандар да бар екен. Әйтеу осы іске қарапайым қоғам да оның үкіметтік басқарушы үлкен-кішілі органдары да қызыл жінік кірісіп кетті. Елдің, мемлекеттің саясатын бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып қолдап, қолпаштап, ізін суытпай жүзеге жедел асырғанға  не жетін. Бұл бір жағынан жақсы. Бұндай ауыз бірлікке, ұйымшылдыққа, қала берді айтты бітті іскерлікке таңғаласың, риза боласың.

Алайда ұсынылған латын негіздегі әліби кемшіліксіз бе, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін қанағаттандыра алды ма, жазу-сызуға ыңғайлы ма, ғылымның инновациялық жетістіктерін толық пайдаланды ма, көптің көңілінен шықты ма, қара бұқара не деп жатыр секілді көптеген маңызды сұрақтарға күмәнді жауап қайтаратынымыз нақты. Ендеше шикілігі басым, бір түгілі бір неше қайнауы ішінде, шала піскен, дүмбілез, ию-қиюы келмеген, екі құлағы тік шыққан, сүйкімсіз, сырт бейнесінен көрген көз тіксінерлік, жан дүниең қабылдай алмайтын әліпбиді осығұрлым шапшаң тықпалап жарысқа түсудегі не мақсат?

Бұл науқан жаңа әліпбиді жедел орнықты, байыппен, жанын сала, ләззаттана үйренуден гөрі одан жиреніп,  жиіркенуге, басын аулақ салуға, аш пәледен қаш пәлеге әкеліп соқтырары қоғам арасындағы айтылып, жазылып жатқан сан алуан сын-пікірлерден-ақ айқын көрініс тапты. Демек қазақ қоғамы мемлекеттің мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруді құптап, қолдағанмен, мұндай ұлттық мәселеде асығыстық жасап, аяқты шалыс басып, арты орны толмас орасан зор қателікке апарып соқтырудың алдын алуға шыр-пыр болып жатқаны да анық. Бірақ қоғамның айтқанын құлаққа ілген, олардың айтқанымен санасып жатқан күш органдары байқалмайды. Олар болса атыздағы арықтаған өгізді сабалағандай ақ тер де, көк тер. Амал бар ма дуасыз ауыздан шыққан сөздер дауылға ілесіп далаға кетті. Жұрт жоғарыға қарады. Жоғарыда да төменге қарайтын жан бар екен. ел елең ете түсті.

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі жеке парақшасында: «Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет», — деп жазыпты. Бұл дуалы ауыздан шыққан сөз далаға кетпес.

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

9 Comments

  1. Бұғанағы қатпаған латынның әлі емлесі де шықпаған. Диктантты былай қойғанда газет бетінде мақала басып жүргендерге таңым бар)

  2. Енді газет-журналдарға келсек, біреуі расымен тәжірбие ретінде көріп жатса, біреуі тек өзіне пиар жасаудың көзі ретінде көріп отырғаны айдан анық!

  3. Әр нәрсе өз уақытымен болады ғой. Асыққан шайтанның ісі дегенді ұмытпағанымыз жөн болар)

  4. Көш жүре келе түзеледі. Сондықтан бұл тек бастама ғана…

  5. Латын тілінің қабылдануы, оның жүзеге асырылуы өте уақытты қажет ететін дүние. Уақыт өте келе барлығы болар.Бір ізге түсер деген ойдамын. Тек болашақтың еншісіне қалдыру керек және өзіміз соған ат салысуымыз керек.

  6. Дуалы ауыз деп тақырыпты өлтіріп қойған екен да,Құдай қаласа барлығы жақсы болады деген ойдамын өзімн. Бір құдайға сеніп отыра беремін.

  7. Қазақ деген орайы келгенде орып түсіретінмінез бар ғой. Қан деген тулап тұр го

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері