//

Кемеровтегі өрт: Қаза тапқандардың ішінде Қазақстан тумасы мен оның қызы және немерелері бар болып шықты

689 рет қаралды

Кемеровтегі сауда орталығында болған өрттен Қазақстан тумасы мен оның қызы және үш немересі қаза тапқан, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресей ІІМ Кемеров облысы бойынша жедел штабы басшысы орынбасарының мәліметінше, төтенше жағдайдан қаза болғандардың тізімінде Қазақстан тумасы Баранова Мария Ивановна бар.

“Баранова Марияның ұлы Дмитрий Барановтың айтуынша, анасы – Ресей азаматшасы, Кемеров қаласында тіркеліп, сол жақта тұрған. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Кемеров облысы жөнінде жолдаған ресми жауабында өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендердің тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ екені айтылады”, – деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілдері. Марина Баранованың туыстары да өрттен әйелдің қызы, сондай-ақ, үш немересі қаза болғанын растады. Сондай-ақ, әйелдің бұрын Павлодарда тұрғаны белгілі болды.

Осыған дейін Кемеровтегі “Зимняя вишня” сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар екені хабарланған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды. Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан “Зимняя вишня” сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын. “Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды”, – деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында. Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.
tengrinews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар