//

Қалмұханбет Қасымов: Шығыс Қазақстанда су тартылып жатыр

1215 рет қаралды
10

Енді Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанда су тасқыны күтілуде.

Фото : Sputniknews.kz13 марта 2018, 12:59

ҚР Үкіметі отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, су тартылып жатыр, бірнеше үй қалды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Аягөзге барады – бұл ең қиын аймақ», – деді ол.

Оның пікірінше, қазір жағдай тұрақтанып келеді.

“Энергетика министрлігі болжам жасап отыр, бүгін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Алматы, Алматы облысы, Қызылорда, ОҚО және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны күтілуде, егер жауын-шашынды болса, дайындық жұмыстары жүргізілуде”, – деді министр.

Сондай-ақ, министр Қарағанды облысында су тасқыны қаупі басым 44 аймақ бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин 10-11 наурызда жауған жауын-шашынның мөлшері екі айлық нормадан асып кеткенін еске салды.

«Қардың ерігенінен және жауын-шашын салдарынан, өзеннің тасуынан, әсіресе Аягөзде, 100-ден астам үй су астында қалды. Аймақтағы өзен мұндай ағынға төтеп бере алмады. Шығыс Қазақстан облысында жалпы алғанда 138 үй су астында қалды. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 8 үй әлі су астында, суды тарту жұмыстары жүріп жатыр», – деп түсіндірді ол.

«Біз дауылды ескертуді алдық, оны жергілікті атқарушы органдарға және жұртшылыққа жеткіземіз. Жақын арада осы өңірлерде бұл құбылыстар қайталануы мүмкін», – деді Ильин.

zakon.kz

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Судың тартылганы жаксы болды.Бұл жагдай басылмайма деп қорқып едік.

  2. Апаттың басыла бастағаны жақсы болды.Зардап шекеендерге көмек көрсетіледі деп сенеміз.

  3. Судың тартылғаны жақсы әрине, оның үстіне, билік те зардап шеккендерге өз көмек қолын созып отыр. Биліктен 50 миллион теңге бөлінді, осы қаржыны облыс әкімі қадағаласа деймін.

  4. Билік де, халық та зардап шеккендерге көмек берумен әлек болып жатыр. Осындай сәттер Қазақстанның қандай ауызбіршілікте өмір сүріп жатқанын көрсетеді

  5. Даниал Ахметов зардап шеккендерге көмектесіп, өзі апат болған жерлерде су кешіп жүргенін көрген едім. Биліктен бірден көмек те жетіп келді. 50 миллион ақшаны бөліп жіберген екен.

  6. Шығыс Қазақстанның табиғаты да, адамдары да керемет еді. Сол кереметті шайып кетпесе болғаны

    • Ия, Аягөз ауданы Қозы мен Баянның өлкесі. Ал Ұлан ауданы Қасым Қайсенов дүниеге келген аймақ

  7. Зардап шеккендерге сабыр тілейміз. Бәрі жақсы болатынына сенеміз. Әкімшілікте көмек көрсетуде, сондыктан сабыр сактайық.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар