//

Ratel.kz сайты жұмысын уақытша тоқтатып, Әсіпов күдікті атанды

1240 рет қаралды

Ratel.kz сайтының журналисі әрі тұрақты авторы Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында сайт жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұдан өзге, “Ratel.kz сайтының достары” тобы мен порталдың Facebook-тегі ресми парақшасының жұмысы да уақытша тоқтатылады.

Сайт бас редакторы Марат Әсіпов “Ratel.kz-тің фб-дағы парақшасын жабуға мәжбүрміз” деп жазды.

Сонымен қатар, 4 сәуірде “көрінеу жалған ақпарат тарату” ісінде қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесі бар Марат Әсіповтің күдікті атанғаны белгілі болған. Вадим Борейко Марат Әсіпов сегіз сағатқа созылған тергеуден шыққан соң сайт қызметкерлері Сапа Мекебаев пен Анна Калашникованың да күдікті деп танылуы мүмкін деп болжап отырғанын жазады. Ratel.kz сайты мент Forbes Kazakhstan журналы редакцияларын тінту кезінде ұсталып, кейін босатылған Forbes.kz журналисі Александр Воротиловтың мәртебесі әзірге белгісіз.

Аталған БАҚ редакцияларында 2 сәуір күні полиция “көрінеу жалған ақпарат тарату” ісіне байланысты тінту жүргізген. Бұл іс бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін қозғалған. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдарда өзінің қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы “қара пиар” және “жалған” деп атайды. Мақалада Кәкімжановтың “сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары” айтылады.

Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 миллион теңге өндіру туралы шағымын сот қанағаттандырған. Кәкімжановтың “сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын” әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.

Abai.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.