//

Ұйғыр ауданындағы ахуал: Мәселе аудан атына тіреліп тұр ма?

7318 рет қаралды
5

         Маусымның 16-сында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында қазақ-ұйғыр жігіттері төбелесіп арты үлкен дауға айналды. Ұйғыр ауданындағы хал-ахуалды Minber.kz сайтының тілшісі біліп қайтты.

         Ұйғыр ауданында болған жанжалды естіп, Алматы қаласынан жолға шықтық. Біз Ұйғыр ауданына күн батқанда жеттік. Болған оқиғаға қатысты Алматы облысы әкімі Амандық Баталов жиын өткізген, алайда біз ол жиынға үлгермедік. Облыс әкімінің жиында сөйлеген сөзін тек халықтың аузынан естіп білдік. Алматы облысы баспасөз қызметі жетекшісінің, оқиғаға қатысы бар азаматтың анасының және тұрғындардың пікірін сұрастырдық. 

         Шонжы ауылы мен Бахар ауылының жігіттері түн кезінде Ұйғыр ауданында жүрген. Көлікпен жолдары түйісіп қалған жігіттер бір-біріне жол бермеген. Оқиға дәл осылай басталып, арты үлкен дауға айналған. Жігіттер бір-бірін пышақтаған. Әр түрлі дене жарақатын алған жігіттердің екеуі қазір аурханада.

         Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалимұрат Жүкелдің айтуынша, Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың Ұйғыр ауданына келуі болған оқиғаға қатысы жоқ.

         – Алматы облысы әкімі жоспарлы түрде 2 күнге келді. Біріншіден, аудан белсенділерімен сұхбаттасу, екіншіден “жұмыспен қамту жол картасы 2020” бағдарламасы аясында жүзге асырылып жатқан жұмыспен танысу, – деді баспасөз жетекшісі.

         Ауыл ақсақалдары бұл іске бұзақылық деген баға берген екен. Төбелескен азаматтар нақты анықталған.

         – Нақты қылмыстық іске келетін болсақ, оқиға орнында кімдер болғаны анықталды. Төбелеске қатысқан тұрғындарды облыстық прокуратура жіті назарда ұстап отыр. 10 жігіттің екеуі ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Ал басқалары үйіне қайтарылды. Іске қатысы барлар 1999, 2000 жылғы азаматтар. Қылмыстық іске қатысы бар азаматтарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 4-тармағы, 2-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Ғалимұрат Жүкел.

         Ұйғыр ауданында патруль қызметкерлерінің көбейгенін байқадық. Тұрғындардың айтуы бойынша, Ұйғыр ауданын карантинге жабады. Алайда, облыс әкімі баспасөз хатшысының хабарлауынша, бұл істің 16 маусым күні болған жанжалға ешқандай қатысы жоқ. Себебі, Аламаты облысы күшейтілген карантин режиміне өтіп жатыр.

Амандық Баталов Ұйғыр ауданындағы ахуалды және тұрғындардың аудан атауын өзгерту туралы талабын жоғарыға жеткізуге уәде берген екен.

Амандық Баталовтың аудан өкілдерімен кездесуінен

         ТҰРҒЫНДАР АУДАН АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының тұрғыны Алдибеков Қайрат облыс әкімінің бұл іске берген бағасымен келіспейтінін айтты.

         – Мен Амандық Баталовтың бұл оқиғаға қатысты айтқанымен келіспеймін. Себебі бұл аудандағы қордаланған мәселе болып тұр. Ұйғыр ауданының атауы ұйғыр-қазақ арасында үлкен кикілжің туғызады. Бірінші талабымыз Ұйғыр ауданының, Шонжы ауылының және көшелердің атауларын өзгерту. Қазақтың ғұламалары қаншама, сол кісілердің атын берсін. Бізде бұндай жағдай бірнеше рет болды. Барлығы дерлік жылы жабылып қалды. Ең қиыны, қазақ-ұйғыр арасында дау болса қазақ таяқ жейді, заңның барлығы дерлік қазақтарға қарсы бұрмаланып кетеді. Қалай болатынын білмедім, бірақ айналып келгенде қазақ жаман атты болады. Бұл жақта 80% астам ұйғыр-қазақ халқының бір-біріне көзқарасы жақсы емес, – деді Шонжы тұрғыны.

         Алдибеков Қайрат мырзаның айтуынша, Ұйғыр ауданының басшыларында қазақтар жоқ. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды, ал өзгерген дүние аз.

         – Барлығын өзгертуге, ауыстыруға болады. Қаржы мәселесі бар деп айтуға келмейді. Астананың атауын 1-ақ күнде өзгертті. Сондықтан тіреліп тұрған дүние жоқ. Басқа аудандарға барып, Ұйғыр ауданынанмын десең “ұйғырсың ба?” деген сөз естуден шаршадық, – деп кейіді аудан тұрғыны.

       АТЫ – “ҰЙҒЫР” БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ – ҚАЗАҚТЫКІ

  Рустам Машуров есімді тұрғын аудан атауының өзгеруіне қарсы. Себебін “біз бұл атауға үйреніп қалдық” деп түсіндірді.

         – Ауданның да ауылдың да атауы қала берсін. Біз бұл атауларға үйреніп қалдық. Қазақстан қанша ұлтты бауырына басты. Бұрын ұйғыр-қазақ халқы бір-бірімен қыз алысып, қыз берісетін. Біз осындай тату болдық. Дәл осы қалпымызда неге жалғастыра бермейміз? Барлығымыз да мұсылманбыз, бұл іс бізге жат қой. Бұл проблемаларға байланысты айтарым, тәрбиенің жетіспеушілігі дер едім. Ата-ана тарапынан дұрыс тәрбие берілсе, бұндай жағдай орын алмайды. Ұйғыр ауданы – ұйғырдікі емес, ол – Қазақстандікі және барлық ұлт қазақша сөйлеуі керек. Мен ұйғырды да, қазақты да жақтамаймын. Мен әділдікті жақтаймын, – деді Рустам Машуров.

         Біз жанжалға қатысы бар азаматтың бірі Абдуллинов Сухраб Сатуроновичтің анасы Хұдайбердиева Луиза Мунаржановамен тілдесіп қайттық.

         – Қазір баламның жағдайы қандай екенін өзім де білмеймін. Ешқандай ақпарат бермей жатыр. Реанимациядан шыққаны туралы ғана ақпарат берді. Қандай жарақат алғанынан да хабарымыз жоқ. Бұл бірінші рет болып тұрған оқиға. Ұлым ішпейді, шекпейді. Әскерден келгеніне көп болған жоқ. Ұлтаралық жанжалға алғаш куә болып тұрмын. Мен ұйғырлардан қарағанда, қазақтармен өте жақсы араласамын. Ондай бөлінушілік мүлдем болмады. Қазақтармен сөйлесеміз, қазақша сөйлейміз, жақсы көреміз. Ал аудан атауында тұрған ештеңе жоқ. Маңызы жоқ, қазақша болса да бәрібір, – деп түсіндірді Хұдайбердиева Луиза.

         Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келген Бекжан Асаубайұлы Тұрыстың айтуынша, халық Ұйғыр ауданын өзгертуге қатысты 2 түрлі ұсыныс айтып жатыр:

         – Біріншісі, бұрыннан өзінің атауы Қарадала еді. Сол атауды қайта қойғанын қалайды. Екіншісі, Әлмерек бабамыздың атын қою ұсынылды. Аудан халқының шағымын, аудан атауын өзгертуге байланысты барлығын облыс әкіміне жеткіземіз. Бұл біздің міндетіміз. Өз жерімізде өз атауымыз болмаса, басқалар бізді басына беретін шығар. Ұйғыр ауданы деген атаудың өзі бөліп тұр. Басшылық жағы да көбі ұйғыр. Бұлай емес, тең қарағанын қалаймыз. Жастардың жалыны бар, жүрегі елім деп соғатын жастарымыздың нақақтан-нақақ жазаланып кеткенін қаламаймыз.  Сол себепті иісі қазақтың жағына шығып, мәселесін шешкіміз келеді, – деді Бекжан Тұрыс.

Cурет автордыкі

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

5 Comments

  1. Тағы бір рет қарап шығуларыңызға кеңес беремін!
    Қателер бар. Мысалы: “Алматы облысы баспасөз қызметі жетекшісінің, оқиғаға қатысты азаматтың анасының және тұрғындардың пікірін сұрастырдық. “

  2. Ассаламуагалейкум өте дұрыс аудан атын ауыстыру керек. Ұйғыр халқына үлкен сабақ болсын билікті оларға бермеу керек қанша жерден мұсылман болсада

Бексейт жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері