///

Табиғат ғажайыптары: “Будда” тасы туралы не білеміз?

7304 рет қаралды

Алматы облысындағы Текелі қаласында Қора өзенінің аузындағы сайда “Будда тасы” ескерткіші бар. Ескерткіштін алдында “Будда тасы. Темір дәуірі” деген жазу бар. Дегенмен ескерткіштің қай ғасырға тиесілі екендігі жайында ғалымдардың пікірі әрқалай. Бұл тас туралы алғашқы жазба  Сібірдегі  Томск университетінің профессоры, географ, ботаник және этнограф Василий Сапожниковтың (1861-1924 жж.) дала зерттеулерінде кездеседі. Ол бұл тасты қырғыздардың киелі мекені ретінде суреттеп, Әулие тас деп атаған екен. Ал архитектор, суретші, өлкетанушы ғалым Нұраш Жақановтың пікірінше, тас бетіне қашалған жазуда Жаратушыдан жауын жеңіп, абыройы асқақ болуын тілеген тілек бар көрінеді. Тастың пайда болуы XVIII ғасырдың ІІ жартысы болуы керек, ол кезде Жәңгір ханның әскерлері жоңғарлармен күресіп жатқан болатын дейді ол.

Краснояр өңірінің ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Владислав Волков бұл жерде Ұйғыр қағанатына қарсы күресті бастаған хакас жауынгері жерленген болуы мүмкін деген пікірде.

Археолог ғалым, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашев Текелідегі Будда тасының бүкіл әлемге аян екендігін айтады:

– Тастың бетіндегі суретте Будда храмы бейнеленген, оның ортасында Будда тұр. Бұның барлығын айдаһар басты, арыстан денелі әйел алақандарымен көтеріп тұрғаны анық байқалады. Ал тастың төбесіндегі  геометриялық фигура мен белгісіз жазудың құпиясы әлі күнге ашылған жоқ.  Будда ескерткіші рухани тазалану жоралғысын жасаған орынға ұқсайды, өйткені, ескерткіштің өзі  – Будданың материалдық көрінісі. Ламалар бұндай орындардың энергетикалық күшінің  шексіз екендігін айтады. Бұл жерге келгендердің қандай да бір игілікке кенелетіні анық, – дейді ол.


Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері