Трамп сайлау қорытындысына қатысты сотқа жүгінуді бастады, ал Байден жеңіс тұғырына жақындап қалды

1072 рет қаралды
фото: associated press

Қазір ол 253 электорат  дауысын жинаған. Ал, Трампта бұл көрсеткіш 213. Әзірге 6 штат бойынша нәтиже белгісіз. Нәтижесі шешуші болатын штаттың бірі Пенсильвания штатында саналмаған 765 мың дауыс қалған. Джорджия штатында 90 мың дауыс саналмапты, бұл штаттар бойынша әзірге аз ғана басымдықпен Трамп алға шығып тұр. Сондай-ақ, Аризона штатында да дауыс санау процесі аяқталған жоқ. осы үш штаттағы дауыс санау қорытындысы шешуші, өйткені ол   екі басты қарсыластың қайсысы АҚШ-тың келесі президенті болатынын анықтап береді. Дауыстар әлі саналып жатқандықтан Джо Байден сабырмен оның қорытындысын күтуде. Ал Дональд Трамптың сайлау кампаниясы болса, Джорджия, Аризона және Невада мен бірге бірқатар штатта дауыс санауды тоқтату туралы сотқа арыз берді.  Трамп дауыс санау барысында заңсыздық болып жатыр деп мәлімдеген де болатын.

Ал, CNN-нің жазуынша, Мичиган штатындағы Байденнің жеңісі Midwest- Орталық Батыстағы, әйгілі “blue wall”- көк қабырғаның үштен екісін алды дегенді білдіреді. Ал, Пенсильвания төрт жыл бұрын Трамптың жеңіске жетуінде шешуші рөл ойнаған болатын. Егер, Байден дауыс санау процесі аяқталмаған Аризона мен Невадада алға шықса, ол 46-шы президент болуы үшін оның есебінде Electoral College- электорат коллегиясының  жеткілікті дауысы болады. Байден кампаниясы Пенсильвания штатында да Трампты басып озатынына сенімді

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі