/

Жолдас Өрісбаев: АҚШ-тағы президент сайлауы: Пенсильвания және Джорджия

911 рет қаралды
Америкалықтардың жүйке жүйесін тоздырып жатқан президент сайлауы әлі аяқталған жоқ. Тіпті, ең қызық сәтіне енді келген сияқты.
Сайлау болған күні және оның ертесі Трамп Пенсильвания штатында өте үлкен айырмашылықпен келе жатқан еді. Нақтырақ айтсақ, Трамп Пенсильвания штаты бойынша 20 пайызға алда еді. Ал қазір екі үміткер арасында айырма 0,1 пайыз және Байден алға шықты. Байден небәрі 7 мың дауысқа алда келеді және штат бойынша сайлау нәтижелерінің 95 пайызы жарияланған.
Джорджия штаты да демократтарды қуанта бастады. Мұнда да Байден 2 мың дауысқа алғаш шыққан. Джорджиядағы әлі саналмаған дауыстар көбіне Атланта, Саванна және Колумбус деген үлкен қалаларынан екен. Әдетте, үлкен қалаларда демократтар көбірек шоғырланғанын ескерсек, қалған дауыстар да Байденге жазылуы әбден мүмкін.
Тарихи тұрғыдан Джорджия өте дәстүрлі консервативті штат болған. Ол тек бір рет 1992 жылы демократтар еншісіне өткен. Штаттардың либералданғанына күә болып отырмыз. Ал Пенсильвания бұрыннан құбылмалы штат болып келген. 2016 жылы оны консерваторлар жеңіп алса, биыл либерал демократтар жеңіп алуға жақын.
Суреттерде Мичиган штатының Лансинг қаласында өткен шеруге қатысушылар. Бір қызығы саяси белсенділердің арасында жастар мен зейнетке шыққандар басым. Жалпы америкалықтардың саяси белсенділігі өте жоғары.
Пенсильвания (20 дауыс) мен Джорджия (16 дауыс) штаттары Мичиган мен Висконсин сияқты “flip” штаттарына айналса, Байден жеңіске жетеді.
Өз тарапынан, Трамп сайлау күнінен кейін жіберілген дауыстарды санауды доғаруды талап етіп, арыз жазып жатыр. Тіпті кейбір штаттардағы сайлау санағы орталықтарында протестер өтті. Олар Трамп қолдаушылары және дауыстарды санауды тоқтатуды талап етті. Екінші жағынан демократтар федералды деңгейде “Count Every Vote” деген ұранмен көшеге шықты. Олар пошта арқылы жіберілген барлық дауыстарды соңына дейін есептеуді талап етіп жатыр.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі