///

“New Vision LTD”: Жарты айда 244 миллионды қалай игереді?

4191 рет қаралды
фото: www.almaty.tv

Жыл аяқталуға жақындаған сайын бюджеттің игерілмей қалған миллиондарын игеруден жарыс басталатыны айқын. Жыл аяқталуға 16 күн қалғанда Нұр Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы “New Vision LTD” ЖШС-імен 244 миллион теңгенің келісім шартын жасасып отыр. Осы соманы аталған мекеме небәрі он бес күннің ішінде игеруі тиіс. Өйткені келісім шарттың уақыты 31-желтоқсанда аяқталады. Келісім шарт бұның алдындағы 15 қазандағы келісім шартқа қосымша ретінде жасалып отыр.

Жалпы Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасымен  “New Vision LTD” ЖШС-і арасында 936 миллион теңгенің төрт келісім шарты бар. Төртеуінің де мазмұны біреу. Анықтап айтсақ, “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Медиа-орталығының қызметін үйлестіру және ақпараттық сүйемелдеу. Жергілікті және республикалық деңгейде интернет-ресурстар, блогтар және әлеуметтік желілер арқылы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметін жариялау”.

www.minber.kz сайты “New Vision LTD” ЖШС туралы бұдан бұрын да бірнеше рет мақала жариялаған еді. “224 миллион теңгенің лотын жеңіп алған “New Vision LTD” ЖШС туралы не білеміз?”  атты мақалада бұл компанияның медиа нарығында 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығы жазылған. Директоры Азиза Әбілбек бар болғаны 21 жаста. Өкінішке қарай, бұл мекеме туралы бұдан өзге ақпарат таба алмайсыз.

Бұл мекеменің бұдан өзге де 40 миллион теңгеге жасалған үш келісім шарты бар. Оның екеуі “Хабар” телеарнасымен жасалса, біреуі Еңбек және әлеуметтік келісім министрлігімен жасалған. Үшеуінің құны біреу – 13 миллион 440 мың теңге.

Біз бұл келісім шарттар туралы “Ішкі саясат басқармалары: Ақпараттық саясатты насихаттауға қанша қаржы бөлінеді?” атты мақалада егжей тегжейлі жазған болатынбыз.

Zertteu-Research қорының сарапшысы Ғалымжан Оразымбет қосымша келісім шарттар жасасуға болады, бірақ ол үшін қызмет көрсетілетін сома негізгі келісім шарттағы сомадан аспауы керек. Екіншіден, көрсетілетін қызметтің көлемі өсуі тиіс. Алайда, қосымша келісім шарттарда ешқандай өзгеріс жоқ. Сол ақпан айындағы техникалық ерекшелік қайта жүктелген.

Былайғы жұртқа мүлдем таныс емес мекеменің айналасы бір жылдың ішінде 1 миллиардқа жуық  теңгенің келісім шартын жасасқан мекеменің Нұр-Сұлтан қаласының имиджін қалыптастыру үшін не істегені белгісіз. Белгілісі сол – небәрі 15 күннің ішінде 244 миллион теңгені игеруі тиіс.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар