//

Сайлауға қатысу 63%: Қазақстандықтардың саяси белсенділігі қандай?

2129 рет қаралды
фото: Орталық сайлау комиссия

Сонымен ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша, барлық сайлаушылардың 63,1% -ы сайлауға келіп, өз таңдауын жасаған.

Сонымен қай өңірдің сайлаушылары белсенді болды?

 
Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-ден бастап, әрбір екі сағат сайын сайлауға келушілердің жедел ақпаратымен бөлісіп отырды. Графикадан көріп отырғаныңыздай, дауыс беруде аса белсенді болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы. Сағат 10.00-ден кешкі 20.00-ға дейін бұл өңір көшбасшы болып келген. Екінші орынды 73,5%-бен Алматы облысы иеленсе, одан кейінгі орында Ақмола облысы (72,8%) тұрақтаған. Жалпы, алғашқы орындарды – Шығыс Қазақстан (72,4%), Қостанай (71,8%), Қарағанды (71,3%) және Павлодар (70,7 %) облыстары бөліскен. 
Саяси белсенділігі жағынан ең төмен өңір – Алматы қаласы (30,3 %) екендігін бұл сайлау тағы да паш етті.  Одан кейінгі орында Нұрсұлтан қаласы, келушілердің үлес салмағы – 45,1 %.
Яғни, мегаполистегі ағайынның сайлауға келуі өңірдегі ағайынмен салыстырғанда анағұрлым төмен. 
Мен өзім таңертең сағат 6.00-ден кешкі 20.00-ге дейін бір учаскені бақылаумен болдым. 2242 сайлаушының 270-тейі ғана дауыс беруге келді. Яғни 10%. Ал, сіз сайлауға бардыңыз ба?
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі