///

“Мінбер” сайты азаматтық журналистерді іздейді

5001 рет қаралды
4
фото: internews.kz

Сіздің журналист болғыңыз келе ме, көкейіңізде сізге маза бермейтін сауалдар көп пе, оны көпшілікпен бөлісіп, жедел ақпаратты жариялап тұрғыңыз келе ме, ерекше оқиғалардың куәсі болып, оны жарыққа шығарғыңыз келе ме, ерекше адамдармен сұхбаттасып, Қазақстанның  адам аяғы баспаған ерекше мекендер туралы бөліскіңіз келе ме?

www.minber.kz сайты дәл осындай адамдарды іздейді! Бізге Қазақстанның әр түкпірінен азаматтық журналистер керек. Сіздің жасыңыз, біліміңіз (журналистік біліміңіз болмауы керек) маңызды емес. Бастысы cіздің белсенді азаматтық позицияңыз бен бұл әлемді жақсы жағына қарай өзгертуге деген ниетіңіздің болуы.

“Мінбер” сізге жаңа платформа ұсынып отыр, сіз біздің команда құрамында қызықты сұхбаттар ұйымдастырып, репортаж дайындап, ақпаратты талдап және тексеруді үйренгіңіз келсе, фото және видео түсіруді мақсат етсеңіз, мархабат, біз сізді күтеміз. Сонымен қатар, сіздің еңбегіңіз ақылы болады, азаматтық журналистерге арналған қаламақымыз бар. Біз Internews Kazakhstan халықаралық мекемесі ұйымдастырған “Азаматтық журналистер” жобасына қатысып, грант ұтып алдық. Өтінімдерді қабылдау 28 ақпанда аяқталады.

Азаматтық журналистерді таңдау конкурстық негізде өтеді. Егер сіздің қатысқыңыз келсе, төмендегі форманы толтырыңыз:

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

Есенгүл Кәпқызы: Азаматтық журналистер жобасы www.minber.kz сайтын өңірлерге танытты – Мінбер – Ақпарат агенттігі жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.