//

Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

1252 рет қаралды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасын» жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2020 жылы бағдарламаны іске асыру үшін 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінді.

 Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» аясында үлкен жұмыс атқарылды.

Бағдарлама аясында 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, «жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы арқасында арқасында тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейі артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, жұмыссыздық азайып келеді.

– «Бағдарламаның негізгі міндеттері: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және халықтың нысаналы топтарына кіретін азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын орындау, кадрлық әлеуетті дамыту. Биыл біз бұл салаға үлкен көңіл бөлеміз»,- деп атап өтті Амандық Баталов.

Мәселен, Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасы»  аясында 18 миллиард теңгеге 216 ауылдың жолы жөнделді. Еңбеккерлер жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа алынып, ең азы 85 мың теңге жалақы алып отырды.

Осы бағдарламамен жұмысқа орналасқан Фархат Мансапбековтың айтуынша, «ЖҚЖК»  олар үшін тамаша мүмкіндік болған.

– «Мені жұмысқа шақырған кезде қатты қуандым. Өйткені, қазір ақша өте қажет. Жалақы да жақсы, жағдай да жақсы, ең бастысы, біз өз ауылымызға пайдамызды тигіземіз», – деді ол.

Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»  бағдарламасы бірнеше бағытта жүзеге асырылуда.  Бұл: күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, елді-мекендерді абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу. Сонымен қатар, мектеп ғимараттарын күрделі жөндеуге және емдеу амбулаторияларын салуға бірінші кезекте көңіл бөлінуде. Яғни, бұл өңірдің әр-аудан қаласында «жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында кем дегенде 10 жоба іске асырылуда деген сөз.

Атап өту керек, аймақта бұл бағдарлама аясында жүздеген сәтті жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жетісулық жұмысқа орналасты. Сонымен қатар,  өңірде әлеуметтік маңызды нысандар саны артып келеді. Жетісуда «ЖҚЖК-2021»жобасын да белсенді дамыту жоспарланып отыр. Биыл тағы жеті мектептің құрылысы басталады.  Оның  алтауы үш ауысымды мектептердің орнына салынбақ.

2025 жылы Жетісуға 3,5 млн турист келеді

 Алматы облысының туризм саласында әлеуеті зор екені баршамызға мәлім. Ал, 2025 жылға қарай Жетісуға 3,5 млн адам келеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықпен онлайн форматта өткізген баспасөз мәслихатында баяндады.

Жер Жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Олардың ішіндегі маржаны – Алакөл. Сондықтан көлдің жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде.

Бүгінде мұнда әуежай салынып, теміржол байланысы орнатылды. Ақши ауылына апаратын 23 км жол төселді.

«Туристерге арнап жасалған жағдай нәтижесінде бір маусымда демалушылар саны 1,3 млн адамнан асады. Жыл сайын туристер саны артып келеді. Біз Алакөл жағалуын дамыту жұмыстарын жалғастыра береміз. Мен өткен аптада Прьемер-Министр Асқар Маминның қабылдауында болдым. Іскерлік кездесуде Алматы облысындағы бірқатар мәселелер айтылды. Оның ішінде Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолағын қалпына келтіру және тазарту құрылғылары бар кәріз жүйесін салу жобалары қолдау тапты. Сондай-ақ, өзге де бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды»,- деп атап өтті Амандық Баталов.

Айта кету керек, Алматы облысында тау кластеріне де басымдық берілмек. Бұл мақсатта, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына тау шаңғысы курорты салынбақ.

 
 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар